Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан Медицина қызметкерлері күніне орай алғыс хат алды

Бөлісу

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметкерлерін қолдауға қосқан елеулі үлесі үшін Home Credit Bank-ке алғыс білдірді. Altyn Shipager медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп, мемлекеттік органдардың, медицина саласының және әлеуметтік жауапкершілік бизнесінің өкілдерін біріктірді. Қатысушылар қатарында Астана қаласының әкімі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, мәслихат депутаттары, медицина мекемелерінің басшылары мен өмірлік маңызы бар стратегиялық саланы қолдап жүрген компания өкілдері болды. Бағдарламаның ең маңызды сәті – еліміздің денсаулық сақтау саласының өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген үздік медицина қызметкерлері мен сенімді серіктестерді марапаттау болды.

Серіктестердің қатарында Home Credit Bank болды. Банк жедел жәрдем қызметкерлерін қысқы және көктем-күз маусымдарына арналған арнайы киіммен қамтамасыз ету бойынша тұрақты қолдау көрсетіп, медицина саласының және жергілікті денсаулық сақтау басқармасының алғысына бөленді.

«Бұл Home Credit Bank үшін — азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне деген ризашылық пен алғыстың белгісі. Бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсету – банкіміздің әлеуметтік жауапкершілік аясындағы негізгі басымдықтарының бірі. Пандемиядан кейін біз осы жобаны қолға алып, өмір үшін күн сайын күресіп жүрген шұғыл медициналық көмек қызметкерлерін қолдауды және оларға алғыс білдіруді мақсат еттік. Біз осы уақытқа дейін Алматы мен Астанадағы жедел жәрдем қызметкерлеріне 8 000-нан аса сапалы форма жиынтығын сыйладық. Жалпы көмек көлемі 187 250 000 теңгені құрап отыр. 

2025 жылы бұл жобамыз Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстарына да жетеді — қазіргі уақытта арнайы киім тігу жұмыстары басталып кетті. Біз күн сайын адам өмірін сақтап жүрген жандарға қолдау көрсетуді тоқтатпаймыз. Олардың қоғам тарапынан қолдау мен алғысқа лайық екенін ұмытпауымыз керек», – деп атап өтті Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров. 

Тамыз айында банк Қостанай және Орал қалаларының жедел жәрдем қызметіне 1 500-ден астам арнайы киім жиынтығын табыстауды жоспарлап отыр. Бұл бастама банктің тұрақты әрі жан-жақты әлеуметтік саясатының бір бағытына айналды.

Биыл Home Credit Bank Қазақстандағы қызметінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде банк миллиондаған қазақстандықтардың сенімді қаржылық серіктесіне айналып қана қоймай, денсаулық сақтау, білім беру, экология және қаржылық сауаттылық бағыттарында көптеген әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырды

14.06.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

«Оңай Плюс» жаңа депозиті

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап құбылмалы мөлшерлемесі бар «Оңай Плюс» депозиті ашылады. Оның

2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерге арналған бизнес карталар бойынша тарифтер өзгереді

2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерге арналған бизнес-карталар бойынша банкоматтан

«Home Credit Bank» АҚ акцияларын 100% «ForteBank» Акционерлік Қоғамына сатылуы туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды

Алматы, 2025 жылғы 27 маусым«Home Credit Bank» АҚ Қазақстандағы «Home Credit Bank» АҚ-ның 100%