Home Credit Bank PCI DSS қауіпсіздік стандартына сәйкестігін растады және Visa Жаһандық тізіліміне енгізілді

Бөлісу

Home Credit Bank төлем карталары деректерінің қауіпсіздігі бойынша PCI DSS халықаралық стандартына сәйкестігін сәтті растады және Visa қызмет көрсетушілерінің Жаһандық тізіліміне енгізілді. Бұл жетістік банктің клиент деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қаржы саласындағы жоғары стандарттарын сақтауға деген ұстанымын көрсетеді..

Home Credit Bank–тің стратегия, серіктестік және Digital бағыты бойынша басқарушы директоры Станислав Тян: «PCI DSS қауіпсіздік стандарттарын сақтау — клиенттеріміздің деректерін қорғаудың негізгі элементі, өйткені олардың сенімі — біз үшін басты басымдық. Біз қауіпсіздік шараларын үнемі жаңартып, ақпараттың сенімді қорғалуын қамтамасыз етеміз, бұл өз кезегінде банк бизнес-процестеріне кері әсер ету қаупін барынша төмендетеді», – деп атап өтті.

Home Credit Bank PCI DSS стандартына сәйкестігін жыл сайын қайта растауды жоспарлап отыр. Банк клиенттер мен серіктестерге ұсынылатын қызметтердің сенімділігі мен қауіпсіздігіне деген сенімділікті арттыру үшін сәйкестік мәртебесімен танысуды ұсынады.

03.02.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының