Жарияланды 15.08.2025
Жаңартылды 04.06.2026
Home Credit Bank Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ әзірлеген Open API платформасындағы мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне қосылды. Оның мақсаты – Қазақстандағы банктік қызметтерді пайдаланушылар үшін жылдамдық, ашықтық, қауіпсіздік және ыңғайлылықты қамтамасыз ету.
Open API клиентке қандай артықшылықтарды ұсынады?
Басқа банктің клиенттеріне ақшаны алушының телефон нөмірі арқылы аударуға мүмкіндік береді. Бұл қызмет мобильді төлемдердің ұлттық банкаралық жүйесіне қатысушы банктерде, яғни Қазақстандағы банктердің басым бөлігінде қолжетімді.
Қызметтің негізгі артықшылықтары:
Аударымдар бойынша лимиттер:
Home.kz мобильді қосымшасының интерфейсі өзгеріссіз қалады. «Телефон нөмірі бойынша аудару» функциясын таңдаған кезде, пайдаланушыға қатысушы банктердің кеңейтілген тізімі қолжетімді болады.