Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank Орал қаласында жедел жәрдем қызметкерлеріне 940 форма жиынтығын табыстап, жаңа бөлімше ашты

Бөлісу

Орал қаласының жедел жәрдем қызметкерлері бизнес өкілдерінің қолдауын және өз еңбегіне деген ерекше ықыласты сезінді. Home Credit Bank жедел жәрдем қызметкерлеріне жалпы құны 42,6 миллион теңгеге көктем-күз мезгілдеріне арналған сапалы 940 форма жиынтығын сыйға тартты. Сонымен қатар банк қала тұрғындары мен клиенттеріне ыңғайлы қызмет көрсету үшін заманауи жаңа бөлімшені ашты.

Жоба Банктің 20 жылдық мерейтойына орай іске асырылып, елдің денсаулығын сақтау жолында күн сайын еңбек ететін дәрігерлерге алғыс білдіру дәстүрін жалғастырады. Соңғы екі жылда Home Credit Bank Алматы, Астана, Қостанай және Орал қалаларының жедел жәрдем қызметкерлеріне жалпы сомасы 230 миллион теңгеге шамамен 10 мың форма жиынтығын сыйға тартты. Униформа медицина қызметкерлерінің ұсыныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, мақта мен жылы заманауи материалдардан тігілді және барлық маусымға жарамды болып табылады.

Home Credit Bank пандемия кезінде бастаған «Көмектесуге қуаныштымыз» атты әлеуметтік жоба Қазақстан халқының өмірі үшін аянбай еңбек ететін жедел жәрдем қызметкерлері мен жүргізушілеріне деген шынайы алғыс пен құрмет белгісі ретінде іске асырылып жатыр. Сол уақыттан бері бұл бастама медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған ауқымды бағдарламаға айналып, банк ұжымының көрсетіп жатқан қамқорлық белгісіне айналды. Біз үшін адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін еңбек етіп жүрген медицина мамандарының қоғам мен бизнес тарапынан қолдау мен қамқорлықты сезінуі өте маңызды. «Орал – бұл жоба тарихындағы жаңа кезең. Осындай игі істің бір бөлшегі болу – біз үшін үлкен мақтаныш»,деді Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Батыс Қазақстан облыстық жедел жәрдем станциясының директор орынбасары Гульнар Джумагалиева: 

«Біздің фельдшерлер мен жүргізушілер күн сайын өңір тұрғындарының өмірін сақтап қалу үшін ерен еңбек етеді. Олар кейде өз өмірін де қатерге тігіп жатады. Бизнес тарапынан көрсетілетін осындай шынайы қолдау біздің жұмысымыздың сапасын жақсартып, ұжымның рухын нығайтады. Бұл шынайы әлеуметтік серіктестіктің үлгісі, сондай-ақ әрбір еңбекқор жанға шабыт пен жігер сыйлайтын, баға жетпес алғыс белгісі. Біздің ұжым Home Credit Bank ұжымына және оның басшылығына көрсеткен үлкен қолдауы үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Home Credit Bank өзінің 20 жылдығын атап өтіп, 200 миллион теңгеден астам сомаға әлеуметтік және экологиялық маңызы зор жобаларды қолға алды. Банк Бурабайда экожолды салып, еліміздің 12 қаласында «Жасыл аллеяларды» жасап, «Семей орманы» аумағында тұрғындармен бірге мың қарағай отырғызды. Бірқатар бастамалар қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Банктің әлеуметтік миссиясы - адамдар өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін шешу кезінде қалауларына ерік беріп, қаржылық еркіндікке қол жеткізуді қамтамасыз ету әрі адамдардың өмірлерінің сапасын жақсарту және бұл бастамалар оған сәйкес келеді. 

Бұл күн банктің Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысындағы клиенттері үшін тамаша жаңалықпен есте қалады – Строитель көшесі, 2/5 мекенжайында жаңа бөлімше салтанатты түрде ашылды. Жаңа заманауи кеңсе клиенттерге көрсетілетін қызметтің сапасын едәуір арттырады. Кеңседе өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, көлік тұрағы, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолайлы жағдайлар және Prime клиенттеріне арналған арнайы аймақ бар.

«Орал қаласы қарқынды түрде дамып жатыр және біз осы даму процесінің бір бөлігі болуға қуаныштымыз. Жаңа бөлімшенің ашылуы - банктің филиалдар желісінің дамуында да маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар ол клиенттерге қосымша жайлылық ұсынады. Бұл 11-ші қызмет көрсету нүктесі. Заманауи әрі ыңғайлы бөлімшеде сапалы қызмет көрсетіліп, банктің барлық өнімдері қолжетімді болады. Біздің барлық қызметтеріміз цифрланған және онлайн қолжетімді болғанына қарамастан кейбір клиенттер менеджерлерге дербес түрде жүгініп сөйлесуді қалайды. Ал біз клиенттерге олардың күнделікті қаржылық мәселелерін шешуде әрдайым көмектесуге қуаныштымыз, - деп айтты Home Credit Bank-тің Орал қаласындағы филиалының директоры Даурен Бисаков.

09.11.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank Орал қаласында жедел жәрдем қызметкерлеріне 940 форма жиынтығын табыстап, жаңа бөлімше ашты

Орал қаласының жедел жәрдем қызметкерлері бизнес өкілдерінің қолдауын және өз еңбегіне деген ерекше

«Home Credit Bank» акционерлік қоғамы «ForteBank» АҚ-ның қатысу үлесінің ұлғаюына байланысты атауын өзгерткені және директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлағаны туралы хабарлайды

«Home Credit Bank» акционерлік қоғамы «ForteBank» акционерлік қоғамының қатысу үлесінің ұлғаюына

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Home Credit Bank және HomeITTech компанияларын еншілес ұйымдар ретінде сатып алуға келісім берді

2025 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА)