Home Credit Bank Kazakhstan бейрезиденттер үшін төлем карталарын шығаруды уақытша тоқтатады

Бөлісу

Алматы, Қазақстан, 2025 жылғы 22 қаңтар. 

Home Credit Bank Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін 2025 жылғы 28 ақпанға дейін төлем карталарын шығаруды  уақытша тоқтататынын хабарлайды. Бұл шешім 2025 жылғы 19 қаңтардан бастап қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы бағытталған жаңа талаптардың күшіне енуіне байланысты қабылданды. Талаптарды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекітті. Жаңа талаптарға сәйкес Қазақстан бейрезиденттері үшін шығарылған банк карталарының қолданылу мерзімі 12 айды құрайды.

2025 жылғы 1 наурыздан бастап бейрезиденттер төлем карталарын қайта ресімдей алады, алайда олардың қолданылу мерзімі бір жылды құрайтын болады. 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін берілген барлық карталар бастапқы белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жарамды болады.

Home Credit Bank клиенттерге жоғары деңгейде қауіпсіз және ыңғайлы қызмет көрсету үшін ішкі жүйелерін жаңартуда. Біз барынша ашық болуға және реттеушілердің талаптарын толық орындап, ықтимал тәуекелдерді азайтуға ұмтыламыз.

Біз клиенттерімізге түсіністік үшін алғысымызды білдіреміз және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз

21.01.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының