Home Credit Bank және Yandex Qazaqstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бөлісу

Home Credit Bank Kazakhstan және Yandex Qazaqstan стратегиялық әріптестікті бекітетін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ортақ даму стратегиясын негізге ала отырып, тараптар ыңғайлы әрі жылдам банк өнімдерін және Yandex Qazaqstan сервистерін біріктіретін цифрлық клиенттік сценарийлерді бірлесіп дамытуды жоспарлап отыр.

Серіктестік аудиторияның қажеттіліктерін терең зерттеуге сүйене отырып, цифрлық шешімдерді бірге дамытуды көздейді. Қазақстандағы пайдаланушылар бұл шешімдерді күнде қолданатын болады және олар клиенттік тәжірибенің сапасын жақсартуға бағытталады. 

«Біз клиенттік тәжірибеге негізделген цифрлық қызметтерді дамытуда зор мүмкіндіктер бар деп ойлаймыз. Yandex Qazaqstan-мен серіктестік бізге осы бағытта одан әрі дамуымызға мүмкіндік береді. Біз клиенттерге ыңғайлы қызметтерді ұсынып, құндылығымызды арттырамыз», — деп атап өтті Шолпан Нурумбет, Home Credit Bank Басқарма Төрайымы.

«Біз үшін бұл маңызды серіктестік. Home Credit Bank клиенттердің қажеттіліктерін жақсы түсінеді, ал Yandex Qazaqstan мықты технологиялық шешімдерді ұсынады. Мықты тұстарымызды біріктіре отырып, біз цифрлық сервистерді одан да ыңғайлы әрі қолжетімді ете аламыз», — деді Тимур Шалекенов, Yandex Qazaqstan компаниясының CEO-сы.

18.12.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап Қазақстанның басқа банктеріне жасалатын аударымдар бойынша комиссиялардың өзгеруі

2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап Home Credit Bank кассаларында Қазақстанның басқа банктеріне

Forbes

ForteBank пен Home Credit Bank арасындағы мәміледен кейінгі өзгерістер қандай?

Сілтеме арқылы

2026 жылғы 15 мамырдан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 15 мамырдан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер:ДепозитМерзімі (ай)Сыйақы