ForteBank Home Credit Bank-тың 100% акциясын сатып алу мәмілесін аяқтады

Бөлісу

«ForteBank» АҚ «Home Credit Bank» АҚ-тың («ForteBank» АҚ ЕБ) 100% акциясын сатып алу мәмілесінің аяқталғанын хабарлайды. ForteBank Home Credit Bank капиталына қатысу үлесі 75%-тен 100%-ке дейін өсті. Осылайша ForteBank – Home Credit Bank-тың жалғыз акционері болды. 

Мәміле туралы алғаш рет 2025 жылғы 27 маусымда хабарланған болатын. Ол кезде «ForteBank» АҚ «Home Credit Bank» АҚ (Қазақстан) акционерлерімен банктің 100% акциясын сатып алу жөнінде қағидатты келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді.  

«Home Credit Bank-ті сатып алу мәмілесінің аяқталуы – біздің ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Бұл арқылы біз нарықтағы ұстанымды күшейтіп, банктің тұрақтылығын арттырамыз және клиенттер үшін сапалы өсімге жаңа мүмкіндіктер ашамыз. Екі банктің тәжірибесін біріктіре отырып, біз өнім желісін кеңейтіп, қызмет сапасы мен сенімді арттыруға басымдық береміз», - деді «ForteBank» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Қуанышев. 

Home Credit Bank клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін әдеттегідей орындауды жалғастыра береді. Шарттар мен сервистер штаттық режимде сақталады. ForteBank және Home Credit Bank клиенттері үшін қызмет көрсету талаптары мен барлық арналардың жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады: бөлімшелер, колл-орталықтар және цифрлық сервистер қалыпты режимде жұмыс істейді. 

«ForteBank» АҚ туралы анықтама 

«ForteBank» АҚ – Қазақстандағы жетекші банктердің бірі, бөлшек, ШОБ және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетудің толық спектрін ұсынады. Банк тұрақты дамуды көздейтін стратегияны жүйелі түрде іске асырып, цифрлық қызметтерді жетілдіреді және экономиканың негізгі бағыттарын қолдайды.

«Home Credit Bank» АҚ туралы анықтама 

«Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ)  – жеке тұлғаларға кредит беру және қызмет көрсету саласында тәжірибесі мол банк. Ол көпшілікке арналған қарапайым әрі қолжетімді шешімдер ұсына отырып, сауда және сервистік компаниялармен серіктестік бағдарламаларды дамытуға басымдық береді 

30.12.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Премиалды карталар бойынша шарттардың өзгеруі

Visa премиалды карталар бойынша артықшылықтарды ұсыну шарттарының алда болатын өзгерістері туралы

ForteBank Home Credit Bank-тың 100% акциясын сатып алу мәмілесін аяқтады

«ForteBank» АҚ «Home Credit Bank» АҚ-тың («ForteBank» АҚ ЕБ) 100% акциясын сатып алу мәмілесінің

Карта нөмірі бойынша басқа банктерге аударымдар жасау

Құрметті клиенттер!Комиссиялар 2026 жылдың 27 қаңтарында енгізілетінін хабарлаймыз. Осы күнге