Fitch Ratings агенттігі Home Credit Bank-тің рейтингін ForteBank-пен жасалған мәміледен кейін «Тұрақты» болжамымен растады

Бөлісу

Халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings АҚ «Home Credit Bank»-ке (ЕБ АО «ForteBank») кредиттік рейтингін «BB-» деңгейінде тұрақты болжамымен расталғанын хабарлады. Бұл шешім банкке бақылаушы пакет акцияны АҚ «ForteBank» сатып алу мәмілесі аяқталғаннан кейін қабылданды.

Fitch Ratings-тің ресми хабарламасына сәйкес, Home Credit Bank-ке келесі рейтингтер расталды:

  • Шетел және ұлттық валютадағы эмитенттің ұзақ мерзімді дефолттық рейтингі — «BB-»;

  • Ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді рейтинг — «BBB+(kaz)»;

  • Тұрақтылық рейтингі (Viability Rating) — «bb-»;

  • Рейтингтер бойынша болжам — «Тұрақты».

Fitch Ratings растамасы банктің қаржылық профильінің тұрақтылығын, капиталдандыру мен ликвидтіктіңжеткілікті деңгейін, сондай-ақ меншік құрылымының өзгеру кезеңінде операциялық тұрақтылықтың сақталуынкөрсетеді. Агенттік сонымен қатар жаңа акционер — ForteBank тарапынан күтілетін қолдауды ескереді.

Fitch бағалауынша, мәміле Home Credit Bank-тің қазіргі қызметіне теріс әсер етпейді. Банк өз даму стратегиясын жалғастырып, бөлшек бизнеске, өнім желісін кеңейтуге және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру ғабағытталады.

«Рейтингтердің расталуы және тұрақты болжам халықаралық рейтинг агенттігінің Home Credit Bank-тің қаржылық тұрақтылығына және жаңа топтағы дамуына деген сенімін көрсетеді. Біз әрі қарай да осы сенімдінығайтып, клиенттерге тиімді шешімдер ұсынып, банкімізбен өзара әрекеттесуде ең қолайлы жағдайдықамтамасыз етеміз», — деп атап өтті Home Credit Bank Басқарма Төрайымы Шолпан Нурумбет.

23.12.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

«Әмбебап отбасын қорғау» сақтандыру қызметін рәсімдеу уақытша мүмкін емес

2026 жылғы 8 мамырдан бастап тауарды сатып алу кезінде онымен бірге «Әмбебап отбасын

ISIN KZX000004361 облигациялары бойынша төлем жасау

Банк 2026 жылғы 12 мамырда ұстаушыларға ISIN KZX000004361 дисконттық долларлық

Басқа банктерде ақша шешіп алу комиссияларының 2026 жылғы 15 мамырдан бастап өзгеруі

2026 жылғы 15 мамырдан бастап Arna және Home Card өнімдері бойынша басқа банктердің банкоматтарында