Жарияланды 17.08.2026
Жаңартылды 19.08.2026
2026 жылғы 17 тамыздан бастап депозит жабылғаннан кейін банк кассасынан қолма-қол ақшаны комиссиясыз алуға болады.
Ақшаны тегін шешіп алу үшін келесі шарттар орындалуы керек:
Депозит жабылған күннен бастап 30 күннен аспауы тиіс
Жабық депозиттің бүкіл сомасы алынуы тиіс
Ақша депозит жабылған кезде түскен ағымдағы шоттан алынуы тиіс. Ақша басқа шоттарға аударылған жағдайда стандартты комиссия алынады
Бұл сома сіздің қолма-қол ақшаны тегін алу лимитіңізді төмендетпейді (айына 500 000 ₸) — ол өзгеріссіз қалады