1. Басты бет
  2. Пресс орталық
  3. Жаңалықтар
  4. БАНК ХОУМ КРЕДИТ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДІ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Жарияланды 02.02.2024

Жаңартылды 04.06.2026

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ карантин енгізілгеннен кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды:

  • Банк бөлімшелері стандартты тәртіпте жұмыс істейді. Қызметкерлер банкте көзделген барлық қызметтерді көрсетеді. Коронавирустың алдын алу шаралары шеңберінде ғимараттарда антисептикалық өңдеу үнемі жүргізіледі. Қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.
  • Сауда-ойын сауық орталықтарында орналасқан терминалдарды қоспағанда, банктің барлық терминалдары штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Қажетті төлемдерді «Kassa 24», «CyberPlat», «Halyk Bank» терминалдары арқылы жүргізуге болады.
  • Банктің қолл-орталығы бұрынғыдай тәулік бойы қолжетімді. Кредиттер, депозиттер және т.б. мәселелер бойынша тегін қоңырау шалу нөмірі — 7979. Жұмыс тәртібі: 08:00—22:00. Карточка бойынша қызмет көрсету мәселелерін 7373 нөмірі бойынша шешуге болады. Жұмыс тәртібі — тәулік бойы.
  • Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасы өзгеріссіз 24/7 қолжетімді. Қысқа мерзімді техникалық жұмыстар ғана жүргізілуі мүмкін. Қосымшада келесі операцияларды онлайн режимде жасау мүмкіндігі қарастырылған:

    — «Банк Хоум Кредит» карточкалары арасында/ҚР кез келген банктерінің карточкаларына комиссиясыз аударым жасау; ⠀
    — Депозит ашу/депозитті ҚР кез келген банктерінің карточкаларынан комиссиясыз толықтыру; ⠀
    — 100% онлайн-кредит ресімдеу, бұл ретте ақша қаражаты ағымдағы шотқа аударылады (ағымдағы клиенттер үшін); ⠀
    — ҚР кез келген банктерінің карточкалары арқылы кредитті өтеу: ⠀
    — Тегін жеткізумен «Home Card» дебеттік картасын ашу; ⠀
    — Коммуналдық қызмет, ұялы байланыс және 500-ден астам қызметтерді төлеу; ⠀
    — Валютаны нақты уақыт режимінде тиімді бағам бойынша айырбастау; ⠀
    — Берешектің жоқтығы туралы анықтамаға тапсырыс беру. ⠀

Банк қызметіндегі барлық ықтимал өзгерістер туралы қосымша хабарланады.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!⠀
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ