ҚНРДА Шолпан Нурумбеттің Home Credit Bank Басқарма Төрайымы лауазымына тағайындалуын мақұлдады

Бөлісу

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Шолпан Нурумбеттің «Home Credit Bank» АҚ (ЕБ «ForteBank» АҚ) Басқарма Төрайымы лауазымына тағайындалуын мақұлдады.

Сәйкес келісім 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 100/БВУ/П хаттамасымен ресімделіп, заңнамада белгіленген тәртіппен берілді.

Шолпан Нурумбет — Қазақстанның қаржы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Ол әр жылдары еліміздің жетекші банктерінде, соның ішінде ForteBank, Банк Kassa Nova  және Альянс Банк құрылымдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.  

Уәкілетті органның келісім беруі кандидаттың біліктілік талаптарына және екінші деңгейдегі банктердің басқарушы қызметкерлеріне қойылатын беделдік талаптарға сәйкестігін растайды.

«Мен үшін өзгерістер кезеңінде Home Credit Bank-ті дамыту маңызды. Банк мықты тәжірибеге, тұрақты клиенттік базаға және жақсы ұйымдастырылған процестерге ие. Командамен бірге біз сервистерді одан әрі дамытуға, операциялық тиімділікті арттыруға және банктің стратегиялық басымдықтарын іске асыруға назар аударамыз», — деп атап өтті Шолпан Нурумбет.

Шолпан Нурумбеттің «Home Credit Bank» АҚ (ДБ «ForteBank» АҚ) Басқарма Төрайымы лауазымына тағайындалуы 2025 жылғы 23 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

24.12.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу комиссияларының өзгеруі

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу үшін комиссиялар