«ForteBank» АҚ «Home Credit Bank» АҚ-ның мажоритарлық акционері болды

Бөлісу

«ForteBank» АҚ «Home Credit Bank» АҚ-ның бақылау акциялар пакетін иеленгені туралы хабарлайды. Мәміле нәтижесінде «ForteBank» АҚ «Home Credit Bank» АҚ-ның жарғылық капиталындағы үлесін 75%-ке дейін ұлғайтты. Осылайша, Home Credit Bank «ForteBank» АҚ-ның еншілес банкі мәртебесін алды.

Мәміле «ForteBank» АҚ қаржы кеңесшісі ретінде әрекет еткен J.P. Morgan-ның қатысуымен жүзеге асты.

Біздің «Home Credit Bank»-тегі үлесті бақылау пакетіне дейін ұлғайту — бөлшек сегментке қатысуды күшейту стратегиямызды іске асырудағы маңызды қадам. ForteBank пен Home Credit Bank-тің біріктірген күші арқасында біз өзіміздің  клиенттерімізге бұдан әрі де ыңғайлы, жылдам әрі технологиялық қаржылық шешімдерді ұсынамыз», — деді «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышев.

Барлық корпоративтік және тіркеу ресімдері аяқталғаннан кейін, Home Credit Bank өз брендімен дербес банк ретінде қызметін жалғастырады. Меншік құрылымының өзгерісі екі банктің клиенттері мен серіктестерінің қолданыстағы міндеттемелеріне әсер етпейді: барлық сервистер мен өнімдер штаттық режимде жұмысын жалғастырады, ал клиенттер негізгі өзгерістер туралы уақтылы хабардар етіледі.

«ForteBank бақылауына өту біздің қызметіміздің ауқымы мен әлеуетін арттырады. Біріккен топ аясында біз клиенттерге кең ауқымды мүмкіндіктер ұсынып, тұрақтылық пен жоғары қызмет көрсету стандарттарын сақтай аламыз», — деп «Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваров өз пікірін білдірді. 

 

«ForteBank» АҚ туралы анықтама

«ForteBank» АҚ — Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі көшбасшы, әмбебап банктердің бірі. Банк жеке және заңды тұлғаларға кредит беру, депозит, төлем карталары, бизнеске арналған сервистер мен өзге де өнімдердің кең ауқымды қызметтерін ұсынады. Банктің Бас офисі Астана қаласында орналасқан.

 

«Home Credit Bank» АҚ туралы анықтама

«Home Credit Bank» АҚ — бөлшек кредит пен жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге маманданған Қазақстандық коммерциялық банк. Банк Қазақстан бойынша филиал, бөлімшелермен қамтылған, сондай-ақ заманауи онлайн және мобильді сервистер ұсынады. Банктің Бас офисі Алматы қаласында орналасқан.

24.11.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank инвесторлардың сенімін растай отырып, 5 жылға 5 млрд теңге көлемінде қаражат тартты

«Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) ұлттық валютада 5 млрд теңге сомасына 5 жыл мерзімге

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 25 Өзгерістер мен толықтырулар.2/2026 от 14.01.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.13.02.2026 ж. № 5(з) хаттамаға сәйкес Банктік қызмет