1. Басты бет
  2. Пресс орталық
  3. Жаңалықтар
  4. Welcome Bonus акциясы ұзартылды

Жарияланды 29.04.2026

Жаңартылды 04.06.2026

Welcome Bonus акциясының мерзімі 31 шілдеге дейін ұзартылды. Бонус депозитті немесе депозиттік сертификатты ашу үшін беріледі.

 

Қатысушылар:

  • Тек жаңа салымшылар
  • Ашық депозиттер немесе депозиттік сертификаттар жоқ болса
  • Депозиттер немесе депозиттік сертификаттар соңғы 12 ай ішінде ашылмаған болса

 

Бонусты қалай алуға болады:

  1. Ақша толықтыру мүмкіндігі бар немесе жоқ «Жинақ Хоум», «Жинақ Хоум+» немесе «Акциялық Жинақ» депозитін кем дегенде 500 000 ₸ сомасына ашыңыз
  2. Немесе кем дегенде 500 000 ₸ сомасына «Стандартты» немесе «Стандартты 2.0» сертификатын сатып алыңыз
  3. Бастапқы сомадан 0,25 % мөлшерінде бонус алыңыз
  4. Бонусты картаға аударыңыз. 1 бонус = 1 ₸. Бонустардың жарамдылық мерзімі — 1 ай

Бонус бірден қосымшадағы бонустық шотқа түседі. Бонустар бірінші енгізілген сома бойынша есептеледі.
Бір клиент тек бір рет бонус ала алады.

 

Депозиттік сертификат бойынша бонустардың лимиттері

  • 100 000 ₸-ге дейін — егер сертификат 15 000 000 ₸-ден басталса
  • 37 000 ₸-ге дейін — егер сертификат 500 000 ₸ – 14 999 999 ₸ аралығында болса

Депозит бойынша бонустардың лимиттері

  • 19 000 ₸-ге дейін — егер депозит кем дегенде 500 000 ₸ болса