ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Home Credit Bank және HomeITTech компанияларын еншілес ұйымдар ретінде сатып алуға келісім берді

Бөлісу

2025 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) «ForteBank» АҚ-ға «Home Credit Bank» АҚ-ны және банк экожүйесіне қызмет көрсететін «HomeITTech» ЖШС технологиялық компаниясын еншілес ұйымдар ретінде сатып алуға ресми түрде рұқсат берді.

Бұған дейін, ағымдағы жылдың маусым айында, ForteBank пен Home Credit Bank «Home Credit Bank» АҚ-ның 100% акцияларын сатып алу жөнінде келісімге келген болатын.  

«Бұл рұқсаттар бізде сатып алу процесін аяқтауға мүмкіндік береді. Біз мәміленің екі тарап үшін де тиімді болатынына сенімдіміз: ForteBank өз технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтіп, нарықтағы позициясын нығайтады, ал Home Credit Bank қаржыландырудың тұрақтылығын арттырып, жаңа даму мүмкіндіктерін ашады», – деді ForteBank-тің Басқарма Төрағасы Талгат Куанышев.

«Мәміле жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бұған дейін бірнеше рет айтқанымдай, Home Credit Bank үшін Қазақстанда ең лайық акционер – ForteBank. Бұл мәміле екі банктің клиенттері мен серіктестері үшін тиімді нәтижелер әкеледі деп сенемін», – деді Home Credit Bank-тің Басқарма Төрағасы Кирил Бачваров.

«Home Credit Bank» АҚ өз қызметін қалыпты тәртіпте жалғастырады. Банк клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін толық көлемде орындауда, ал өнімдер мен қызметтер бұрынғы шарттар бойынша қолжетімді болып қала береді. 

03.11.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу комиссияларының өзгеруі

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу үшін комиссиялар