Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank Алматының жедел медициналық жәрдем қызметіне арналған қысқы форманы сыйға тартты

Бөлісу

Алматы жедел медициналық жәрдем қызметінің қызметкерлері қысқы ауа райы жағдайларына арналған қызметтік форманың 3000 жиынтығын алды.  Жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев қызметкерлердің жұмысы жаңбырда да, қарда да тұрақты сапарлармен байланысты екенін және сондықтан олардың жұмыс жасау мүмкіндігі сыртқы киімнің ыңғайлылығы мен жеңілдігіне байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ, костюмдерде арнайы жарық шағылыстыратын таспа тігілген, сондықтан қызметкерлерді қараңғы уақытта байқауға болады. 

 

«Өздеріңіз білетіндей, жедел жәрдем қызметкерлері киетін киім бірқатар талаптарға сай болуы керек. Бұл қарапайым жылы сыртқы киім емес. Сонымен, форма тозуға төзімді болуы керек: көптеген жуу циклдарына, сондай-ақ химиялық және термиялық өңдеуге төзімді болуы керек, қан мен суды жібермеу керек және қызметкерлер еркін қозғала алатындай ыңғайлы болуы керек. Эстетикалық сырт келбет маңызды фактор болып табылады. Дәрігерлер көрнекті болып көрінуі және сонымен бірге басқа арнайы қызмет жұмыскерлерінен ерекшеленуі керек. Біз Home Credit Bank-ке көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Форма барлық аталған параметрлерге толық сәйкес келеді және бұл киім біздің қызметкерлеріміз үшін ыңғайлы болады деп сенемін», - деп атап өттіЕрбол Сәрсенбаев.

 

Бұл биылғы жылы демеушілік көмектің екінші бөлігі: көктемде Home Credit Bank қызмет жұмыскерлеріне арналған 2 мың жазғы форма жиынтығын тігу үшін төлем жасады.

 

«Біздің жаңа даму стратегиямызға сәйкес, «Біз көмектесуге қуаныштымыз!» деп айтамыз. Бұл біздің Алматы жедел жәрдем қызметіне көрсетіп отырған бірінші көмегіміз емес және жәрдеміміздің қандай түрі болмасын, ол әрі қарай жалғасатынына сенімдіміз. Батыл дәрігерлер тәулік бойы және күн сайын қала тұрғындарына көмек көрсету үшін көп нәрсені құрбан етеді. Қысқы форма – бұл олардың еңбек жағдайларын жақсартуға қосатын үлесіміз. Егер дәрігерлер, фельдшерлер мен жүргізушілер жылы киінген болса, кем дегенде бір өмір құтқарылады: сонда біз өз үлесімізді сәтті деп санайтын боламыз», - деп атап өтті«Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

 

Құрамына Home Credit Bank Қазақстан кіретін Home Credit халықаралық тобы өз қызметінде экологиялық, әлеуметтік және басқару қағидаттарын (ESG) дәйекті түрде сақтайды. Home Credit тобының ESG тәжірибесіндегі негізгі бағыттар – қоршаған ортаға қамқорлық, қауымдастықтарға көмектесу, қызметкерлерге әділ қарау және жауапты кредиттеу мен қаржылық қолжетімділікті қамтамасыз ету. Home Credit тобы 2021 жылы 50-ден астам «Қауымдастықтарға көмек» қайырымдылық бастамаларына 1,3 миллион доллар қаржы бөлді. Home Credit банкінің топ-менеджерлері ESG қағидалары бүкіл әлемдегі бизнеске жауапты іскерлік тәжірибені көрсетудің ыңғайлы құралын ұсынады деп санайды.

23.12.2022

Бөлісу

Басқа мақалалар

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша өзгерістер енгізіледі

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгереді:АтауыМерзімі (ай)Номиналды

2025 жылдың 6 мамырынан бастап жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигацияларын сату

2025 жылдың 6 мамырынан бастап  жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигациялары сатыла

Тек тексерілген және ресми ақпаратқа ғана сеніңіз

Home Credit Bank банк сатылымы туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.