Samsung Pay қызметінің арқасында енді карточканы өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Оны смартфоныңызға қосып, оңай түрде төлем жасаңыз.

Бөлісу

Пайдаланудың оңайлығы неде?
Сіздің төлем карточкаларыңыз әркез жаныңызда болады. Samsung Pay қызметін пайдалана отырып, қолыңыздың бір қимылымен төлем жасаңыз. Операция жасау үшін смартфонды Интернетке қосудың қажеті жоқ, тек смартфонның немесе тасығыш құрылғының (мысалы, смарт сағат) өзі болуы тиіс. Samsung Pay-мен ақшаны телефон нөмірі бойынша немесе карта нөмірі бойынша оңай аударуға болады.
Неліктен бұл қауіпсіз?
Карта деректемелері телефоныңызда да, Samsung серверлерінде де сақталмайды. Карточканы қосқан кезде бірегей сандық код, яғни токен ретінде белгілі бір құрылғыға байланыстырылған 16 таңбалы сандар комбинациясы құрастырылады. Нақты карта нөмірінің орнына токен қолданылады, әрбір транзакция саусақ ізімен, көз қимылымен немесе қосымшаның PIN-кодымен расталады.
Қызметті кез келген жерде пайдаланыңыз!
Қарапайым карточка пайдаланылатын жерлерде Samsung Pay-ді қолданыңыз. Көптеген POS-терминалдар байланыссыз NFC (Near Field Communication) технологиясын қолдайды.

 

02.03.2023

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының