PPF тобының басқарма төрағасы Иржи Шмейц Home Credit Bank Қазақстан ірі акционері болды

Бөлісу

2022 жылғы 28 желтоқсан, Пресс-релиз

Бүгін қазақстандық «Home Credit Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) мәміленің аяқталғаны туралы хабарлады. Соның нәтижесінде PPF тобының Басқарма төрағасы Иржи Шмейц қазақстандық Home Credit Bank-тің ірі акционері болды. Шмейц мырза бұрын ресейлік «Хоум Кредит энд Финанс Банк» ЖШҚ-ға тиесілі Банк акцияларының 25% пакетін сатып алды, осылайша өз үлесін 34,7%-ға дейін шоғырландырды.

 

Иржи Шмейцтің үлесін ұлғайтуды бұған дейін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдаған болатын. Қазіргі уақытта қазақстандық Home Credit Bank акционерлерінің құрамында ресейлік акционерлер жоқ.

Анықтама үшін

*Иржи Шмейц - кәсіпкер, осы жылдың жазында Home Credit тобына иелік ететін PPF халықаралық инвестициялық-қаржы холдингінің Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

 

*PPF Group 25 елде қаржылық қызметтер, телекоммуникациялар, медиа, биотехнология, жылжымайтын мүлік және инжиниринг сияқты әртүрлі секторларға инвестициялаумен айналысады. PPF Group қызметі Еуропадан Солтүстік Америкаға және бүкіл Азияға дейін созылады. Топтың 40,13 миллиард еуро активтері және бүкіл әлем бойынша 70 000 қызметкері бар (2022 жыл 30 маусым).

 

*Home Credit Bank Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істейді, 17 жыл ішінде 5 миллионнан астам адам банктің клиенттері қатарына қосылды. Клиенттердің белсенді базасы 1,5 млн адамды құрайды, оның 90%-дан астамы Банктің кемінде 2 өнімін пайдаланады. Банк бизнес тиімділігінің ең жоғары көрсеткіштерінің бірін көрсетуде: ҚРҰБ деректері бойынша 9 айдағы активтердің табыстылығы (ROA) секторында екінші орында – 8,25%, ROE 9 айда 34,08% құрады, бұл ЕДБ арасындағы 5-ші көрсеткіш.

28.12.2022

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының