ҚҰБ алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді

Бөлісу

Қазақстан Ұлттық Банкі өздерін полиция немесе Ұлттық Банк қызметкері ретінде таныстыратын телефон-алаяқтарының пайда болғанын ескертеді. Олар «заңсыз әрекеті үшін банк менеджерін ұстауға арнайы операция» жүргіземіз деген желеумен азаматтарды несие рәсімдеуге немесе микроқарыз алуға үгіттеп, ақшаны үшінші тұлғаның шотына аударуға көндіреді.

 
 

Кей жағдайларда жалған «полиция» Ұлттық Банкпен бірлесіп «арнайы операция» жүргізетінін және онысын растау үшін «Ұлттық Банк қызметкеріне» қоңырау шалған болып, қолдан жасалған куәліктерді, банктің аударым құжаттарын және орындалған операциялардың заңдылығын «растайтын» басқа да мәліметтерді жібереді. Мұндай әрекеттердің барлығы ұйымдасқан алаяқтардың жұмысын көрсетеді.

 
 

Алаяқтардың түпкі мақсаты – несие рәсімдеуге қатысты мотивациялық түрлі айла табу, ақша жымқыру және дербес (соның ішінде сізге жақын адамдардың)  дерегін қолға түсіру.

 
 

Ұлттық Банк «құқық қорғау жүйесінің жалған қызметкері» немесе «Ұлттық Банк қызметкері» телефон шалған кезде әңгімені тоқтатуды, «банк менеджерін ұстау» бойынша алаяқтық пиғылдағы іс-қимылдарға қатыспауға, дереу құқық қорғау органдарына арыз түсіруге шақырады.

 
 

Ұлттық Банк: мобильді қосымшаларды жүктеуге, дербес деректерді ашуға, мобильді телефонға қашықтан кіруге рұқсат беруге және телефонмен сөйлесу кезінде алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шотына ақша аударуға болмайтынын ескертеді.

 
 

Қосымша кеңес:

  1. банк картасы туралы ақпаратты, интернет-банкингке логиндер мен парольді, алынатын sms-кодтарды, өзінің дербес (оның ішінде сізге жақын адамдардың) деректерін беруге болмайды;
  2. белгісіз немесе күмәнді сайттарда мобильді телефон нөмірін көрсетуге және банк картасымен төлем жасауға болмайды;
  3. әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Ұлттық Банк атынан» жалған жарнамалық хабарларды елемеген жөн;
  4. сізге немесе жақындарыңызға ақша аудару туралы ұсыныстарды алған жағдайда, аударымның мақсатын ресми дереккөзден анықтап, сізге сондай төлемнің тиесілі екенін қайта тексеру қажет.

 
 

Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейтінін, халықпен ақшалай есеп айырысу ісін жүргізбейтінін еске саламыз.

 
 

Келіп түскен сауалдарды немесе қандай да бір іс-әрекеттерге қойылатын талаптарды тексеру үшін қаржы ұйымының немесе банктің ресми нөміріне қоңырау шалып, күмән тудырған жағдайда қаржы мекемесіне барып, оның қызметкерімен сөйлескен дұрыс.

 
 

Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық Банктің байланыс орталығына хабарласуға, ал Ұлттық Банктің негізгі жұмысымен nationalbank.kz ресми сайтында танысуға болады.

28.07.2022

Бөлісу

Басқа мақалалар

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап бөлшек сауда арнасында АҚШ долларындағы дисконттық облигацияларды сату басталады

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап АҚШ долларындағы ISIN KZX000005681 дисконттық облигацияларын сату

2026 жылғы 14 қаңтардан бастап «Жинақ Хоум+» депозиті бойынша өзгерістер енгізіледі

2026 жылғы 14 қаңтардан бастап «Жинақ Хоум+» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемелері

Несие қарыздарын өшіру туралы ақпарат шындыққа сәйкес емес

Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердегі несие қарыздарын өшіру туралы тараған ақпарат