1. Басты бет
  2. Пресс орталық
  3. Жаңалықтар
  4. «Home Credit Bank» АҚ home.kz атты жаңа сайтқа ауысты

Жарияланды 06.02.2024

Жаңартылды 04.06.2026

Home Credit Bank атауын өзгертіп қана қоймай, ресми сайтын жаңартып, home.kz деген жаңа домен атауына көшті.

Жаңа сайттың ерекшелігі:

  • жаңартылған, жарқын, заманауи дизайны бар;
  • пайдаланушыларға таныс навигацияны сақтай отырып, қолдануға ыңғайлы интерфейс ұсынылады;
  • мобильді құрылғыларға сапалы бейімделген;
  • пайдаланушылар үшін қажетті ақпаратты табу жолы оңтайландырылған.

Home.kz сайтында әдеттегідей банктің өнімдерімен және қызметтерімен танысып, онлайн режимде карта рәсімдеп, депозит ашып, несие төлей алуға болады. Сондай-ақ жаңалықтардан хабардар болып, басқа да қажетті ақпаратты таба аласыз.

Осыған дейін қызмет еткен homecredit.kz сайты жақын арада жұмысын тоқтатып, барша өзекті ақпарат home.kz сайтында қолжетімді болады.