Депозиттер бойынша мемлекеттік өтемақы төлеу басталады

Бөлісу

Құрметті клиенттер, 2023 жылғы 17 наурыздан бастап жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша мемлекеттік өтемақы (сыйлықақы) төлеу басталатыны туралы хабарлаймыз.

Бұл сыйлықақы 10 ақпанға дейін тиісті өтініш беру арқылы оны алуға келісімін растаған салымшыларға берілетінін естеріңізге саламыз.

Сыйлықақы 23.02.2022 жылдан 24.02.2023 жылға дейінгі кезеңдегі депозиттердің ең төменгі сомасының 10% мөлшерінде 1 рет есептеледі және салық салынбайды.

Сыйлықақы мөлшері бір адамға - 2 млн. теңгеге дейін.

Сыйлықақыны алу үшін салымды 2023 жылдың 24 ақпанына дейін сақтау қажет болды.

Өтемақы салымшылардың ағымдағы немесе карточкалық банктік шоттарына төленетін болады.

Егер сізде ағымдағы немесе карточкалық шот жоқ болса, оны біздің банктің мобильді қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ ашуға болады.

 

Жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгемен) орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидалары.

16.03.2023

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының