• Home Credit Bank арқылы СЭҚ жүргізу
  • Артықшылықтар
  • Ресімдеу
Валюта айырбастау

Валюта айырбастау

Баламасы 20 000 АҚШ долларынан басталатын сомалар үшін — тиімді шарттары бар жеке айырбастау бағамы

Халықаралық аударымдар

Халықаралық аударымдар

SWIFT төлем жүйесі арқылы кіріс және шығыс валюталық аударымдарды онлайн жасаңыз — көп өрістерді толтырудың қажеті жоқ

Валюталық келісімшарттар

Валюталық келісімшарттар

Валюталық келісімшарттарды тіркеу және олардың мәртебесін онлайн бақылау — шетелдік серіктестермен ашық әрі ыңғайлы жұмыс істеңіз

Өтінім қалдырыңыз

Біз СЭҚ операцияларын жүргізу бойынша барлық сұрақтарыңызға жауап береміз

Атыңызды енгізіңіз
Телефон нөмірін енгізіңіз
Компанияның ЖСН нөмірін енгізіңіз

Home Credit Bank арқылы СЭҚ жүргізу

Банкке бармай-ақ, бірнеше клик арқылы валюта айырбастауға және USD, EUR және RUB валюталарында халықаралық аударымдар жасауға болатын қосымша

Артықшылықтар

Жеке менеджер

Жеке менеджер

Қосымша бойынша жедел көмек немесе операцияларға қатысты кеңес алу үшін сізге қашықтан қолжетімді жеке менеджер тағайындалады.
Тиімді конвертация

Тиімді конвертация

Нарықты тұрақты түрде бақылау өзгерістер кезінде жедел әрекет етуге және тиімді айырбастау бағамдарын ұсынуға мүмкіндік береді. Ал баламасы 20 000 АҚШ долларынан басталатын сомалар үшін жеке бағамдар қолжетімді.
Пайдаланудың ыңғайлылығы

Пайдаланудың ыңғайлылығы

Халықаралық аударымдар, валюта айырбастау және келісімшарттармен жұмыс істеуге арналған қарапайым әрі түсінікті қосымша. Жылдам әрекеттер: шығыс аударымдар қысқа толтыру формасы арқылы, валюта айырбастау бірнеше клик арқылы жүзеге асырылады, ал келісімшартты жай ғана жүктеп, жіберу жеткілікті.
Уақыт пен ресурстарды үнемдеу

Уақыт пен ресурстарды үнемдеу

Операцияларды автоматтандыру: кіріс және шығыс валюталық аударымдар, ВШЕН бар және ВШЕН жоқ келісімшарттарды тіркеу, сондай-ақ ВШЕН-ді басқа банктен аудару уақытты үнемдеп, шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Икемді тарифтер

Икемді тарифтер

Бизнес түріне және операциялар көлеміне байланысты тиімді тарифтер ұсынылады: шағын бизнеске, белсенді валюталық операциялар мен халықаралық аударымдарға, сондай-ақ жоғары айналымы бар компанияларға арналған тарифтер қолжетімді.
Банктің рейтингі

Банктің рейтингі

Банк еуропалық қаржы тобының құрамына кіреді және халықаралық Fitch Ratings агенттігінің BB- (тұрақты) рейтингіне ие. Операциялар ашықтығы мен қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі.

Сұрақтар мен жауаптар

HCB Business мобильді қосымшасында шетел валютасында шотты қалай ашуға болады?

Қосымша шот ашу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:  
1. Қосымшаның басты бетіне өтіңіз. 
2. «Шоттар» бөлімінің жанындағы «+» белгішесін басып, тізімнен қажетті валютаны таңдаңыз. 
Шот бірден ашылады, қызмет тәулік бойы қолжетімді.

Мен жеке айырбастау бағамын сұрай аламын ба?

Иә, айырбастау процесінде «Жеке бағамды сұрау» батырмасын басыңыз. Баламасы 20 000 АҚШ долларынан артық сома үшін жеке айырбастау бағамын сұрау мүмкіндігі Мобильді қосымшада және Интернет-банкингте қолжетімді болады.

HCB Business қосымшасында валютаны айырбастау қаншалықты тез орындалады?

HCB Business қосымшасында валютаны айырбастау бірден сол сәтте жүреді.

HCB Business қосымшасында валюталық операцияларды жасау үшін не қажет?

Валюталық операцияларды HCB Business мобильді қосымшасы немесе интернет-банкинг арқылы жылдам әрі ыңғайлы түрде жасауға болады. Валюталық аударым жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:  
1. Валюталық шотты ашыңыз  
2. Келісімшартты тіркеңіз (егер сома 10 000 АҚШ долларынан артық болса)  
3. Валютаны айырбастаңыз 
4. Аударымды инвойспен жіберіңіз немесе тізімнен келісімшартты таңдаңыз

Аударымды есепке алу кезінде нені көрсету керек? Кіріс валюталық аударымды есепке алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет? Құжаттарды қалай жіберуге болады?

Ең алдымен тізімнен есепке алу мақсатын таңдау керек, сондай-ақ келісімшартты көрсету керек (егер аударым келісімшарт шеңберінде түссе), қажет болған жағдайда аударым жүзеге асырылған құжаттарды тіркеу және растау қажет.

Келісімшартқа есептік нөмір беру арқылы оны қалай тіркеуге болады?

HCB Business мобильді қосымшасында немесе Интернет Банкингте Операциялар → Келісімшарттар бойынша операциялар → Келісімшартты тіркеу қойындысына өту керек. Әрі қарай, келісімшартты тіркеп, тексеруге жіберу керек. Егер келісімшартқа есептік нөмір беру қажет болса, онда сізге қол қоюға өтініш жіберіледі. Өтінішке SMS-пен келген код арқылы қол қойылады. Осыдан кейін келісімшартқа есептін нөмір беріледі және ол бойынша төлемдерді бірден жасауға болады.

Келісімшарт туралы толық ақпарат HCB Business мобильді қосымшасында қолжетімді.

HCB Business қосымшасындағы валюталық бақылау деген не және оны қалай өтуге болады?

HCB Business қосымшасындағы валюталық бақылау — бұл клиенттердің валюталық операцияларының заңнамаға сәйкестігін тексеру және бақылау процедураларының кешенін жүзеге асыратын банк бөлімі. Валюталық бақылаудан өту үшін келісімшартты есепке қою немесе операция жүргізілетін инвойсты тексеруге жіберу қажет. HCB Business мобильді қосымшасында инвойсты жіберу үшін төлемді жіберу кезінде сканерленген құжатты тіркеу жеткілікті. Келісімшартты тексеруге жіберу және оны тіркеу үшін сканерленген құжаттарды Операциялар → Келісімшарттар бойынша операциялар → Келісімшартты тіркеу қойындысына тіркеу қажет.