Қолма-қол ақшаны үйде көрінбейтін жерге тығып сақтау — көпшілікке таныс әдет. Бұл әдіс бұрыннан бері ұрпақтан-ұрпаққа «тұрақтылық пен бақылаудың» белгісі ретінде беріліп келген. Ақшаны кез келген уақытта қолмен ұстауға болатыны туралы ой адамға жалған сенімділік пен тыныштық сыйлайды. Алайда бүгінгі таңда қаржылық құралдар қолжетімді әрі сенімді бола түсті. Сондықтан мұндай тәсіл ескіріп қана қоймай, нақты қауіптерге де толы.
Бұл мақаланың мақсаты — банк салымы — қаражатыңызды сақтап, оны көбейтудің қауіпсіз әрі тиімді жолы екенін түсіндіру. Неліктен ақшаны үйде сақтау Home Credit Bank-тегі салымға қарағанда қауіпті екенін және қазіргі заманғы қаржылық шешімдер сізге қалай көмектесе алатынын бірге анықтап көрейік.
Көптеген қазақстандықтар ақшаны үйде сақтауға үйреніп қалған. Ақша үйде болса, бәрі жақсы сияқты көрінеді. Әсіресе «қауіпсіздік қорын» құру немесе ақша жинау туралы сөз қозғалғанда, көпшілік ақшаны үйде ұстауды жөн көреді. Олар бұл әдісті жиналған ірі соманы сақтап қалудың жалғыз дұрыс жолы деп санайды. Мұның түп-төркіні психологияда жатыр: адамдарда бұрынғы тәжірибеден туған қаржы жүйесіне деген сенімсіздік бар. Олар өз қаражатына кез келген сәтте тікелей қол жеткізгісі келеді.
Алайда мұндай «қауіпсіздік» сезімінің артында нақты қаржылық қауіптер тұр. Ақшаны үйде сақтау шын мәнінде қауіпті болып табылады. Ақша ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз жатса, сіз шығындарға ұшырайсыз.
Ақшаны қолма-қол түрде сақтау туралы шешім қабылдаған кезде көп адам бірнеше маңызды қауіп-қатерді өз мойнына алады. Бұл қауіптер тек ақшаның азаюына емес, тіпті оның түгелдей жойылып кетуіне әкелуі мүмкін.
Ақшаны үйде сақтаудың ең басты қаупі — одан айырылу. Мысалы, пәтер өртенсе, ақша санаулы минутта жанып кетуі мүмкін. Ақша ұрланса, оны табу — өте қиын, көбіне мүмкін де емес. Одан бөлек ақшаны жоғалтып алуыңыз немесе қайда тыққаныңызды ұмытып қалуыңыз мүмкін. Осындай кездерде сізге ешкім көмектесе алмайды: полиция да, сақтандыру компаниясы да жоғалған ақшаны қайтарып бермейді. Барлық шығын тек сіздің мойныңызда қалады.
Ақшаңыз үйде қозғалыссыз жатса, ол күн сайын өз құнын жоғалтады. Бұл процесс инфляция деп аталады. Оны қарапайым мысалмен түсіндірейік: сіз бүгін 100 000 теңгеге белгілі бір көлемде тауар сатып ала аласыз. Бірақ жылдық инфляция 8% болса, келесі жылы дәл сол 100 000 теңгеге 8%-ға аз зат қана ала аласыз. Ақша көлемі өзгермеді, бірақ оның құны төмендеп кетті.
Сондықтан ақшаны сақтап қалу үшін, ол жұмыс істеуі керек — яғни инфляциядан жоғары табыс әкелуі қажет. Сол себепті, «ақшаны қалай сақтау тиімді?» деген сұрақ — болашағын ойлаған әр адам үшін маңызды. Қолма-қол ақшаны жай ғана сақтап қою — ұзақ мерзімді жоспар үшін тиімсіз шешім.
Заманауи қаржылық құралдар ақшаны сақтаудың қарапайым әрі тиімді жолдарын ұсынады. Home Credit Bank-тегі салым — бұл қаражатыңызды қорғап, көбейтудің нақты құралы.
Салым ашқан кезде сіз ақшаңызды белгілі бір мерзімге банкке сақтауға тапсырасыз. Сол қаражатты пайдаланғаны үшін банк сізге пайыз түрінде сыйақы төлейді. Осылайша, ақшаңыз тек қауіпсіз жерде сақталып қана қоймай, сонымен қатар пайда әкеледі. Көп адам үшін басты сұрақ: «Ақшаны банкте сақтау қаншалықты сенімді?» Қазақстанда жеке тұлғалардың барлық салымдары Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) арқылы сақтандырылған. Бұл дегеніміз — күтпеген жағдайлар болса да, салым белгілі бір лимит аясында мемлекет деңгейінде қорғалады. Сондықтан ақшаны үйде немесе банкте сақтау арасында таңдау жасау кезінде шынайы қауіпсіздік басты рөл атқарады.
Мемлекеттік қорғаудан бөлек, банк салымдарының басқа да маңызды артықшылықтары бар. Бұл артықшылықтар банк салымын ақша сақтаудың ең тиімді тәсілдерінің біріне айналдырады.
Пайыздар: сіздің жинақ ақшаңыз есептелген сыйақының есебінен үнемі өсіп отырады. Кейбір салымдар капиталдандырылады —яғни пайыздар алдыңғы пайыздарға қосылып есептеледі, бұл ақшаңыздың өсуін жеделдетеді.
Сақтандыру: депозиттерге кепілдік беру жүйесі сіздің ақшаңыз үшін мемлекеттік «қауіпсіздік қоры» болып табылады. Ал үйде сақталған ақшаны мұндай жолмен қорғау мүмкін емес.
Қауіпсіздік және қолжетімділік: сіздің ақшаңыз заманауи қауіпсіздік жүйелері арқылы ұрлық пен жоғалудан қорғалған. Сонымен қатар онлайн-банкинг арқылы ақшаңызды кез келген жерде 24/7 басқара аласыз.
Барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді талдай отырып, «ақшаны қайда сақтау тиімді?» деген сұраққа жауап айқындала түседі. Банк салымы — ақшаңызды тек сақтап қана қоймай, оны көбейтуге де мүмкіндік беретін сенімді шешім.
Қазіргі таңда ақша жинаудың бірнеше әдісі бар, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Ең танымал тәсілдерді қарап шығып, қайсысы ең қолайлы екенін анықтап көрейік.
2025 жылы ақшаны қайда сақтау тиімді?
Бүгінгі таңда ақшаны сақтаудың бірнеше нұсқасы бар. Дәстүрлі әдіс — ақшаны үйде сақтау, бірақ ол ұрлық пен жоғалту сияқты қауіп-қатерге алып келеді. Банктік сейфті жалға алу жинақ ақшаңызды ұрлықтан қорғайды, бірақ инфляциядан сақтай алмайды, себебі ақша сейфте жай жатады және пайда әкелмейді. Шетел валютасын сатып алу ұлттық валюта құнсызданған кезде қорғаныс болуы мүмкін, бірақ валюта бағамы жиі өзгеріп отырады, ал қолма-қол ақша ұрлануы немесе жоғалуы мүмкін.
Ең сенімді және ыңғайлы тәсілдердің бірі — банк салымдары. Олар тұрақтылық пен табысты сыйлайды және инфляциядан қорғайды.
Ақшаны қандай валютада сақтау керек?
«Ақшаны қандай валютада сақтау тиімді?» деген сұрақ жиі туындайды. Көбісі тұрақтылық үшін долларды таңдайды, ал басқалары ұлттық валютаны ұнатады, өйткені теңгедегі салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемелер әдетте жоғары болады. Мұнда ең бастысы — өз қаржылық мақсаттарыңыз бен тәуекел деңгейіңізді ескеру.
Біздің банкте ұлттық валютада, еурода және АҚШ долларында салымдар ашуға болады. Бізде мультивалюталық салымдар жоқ болса да, әр валютада бөлек салым ашып, жинақ ақшаңызды әртараптандыруға және валюталық тәуекелдерді азайтуға болады. Ақшаны банкте сақтау сенімді әрі тиімді, өйткені сіздің қаражатыңыз жұмыс істеп, пайда әкеледі.
Көп адам салым ашу — күрделі процесс және үлкен соманы талап етеді деп ойлайды. Шындығында, Home Credit Bank-те бәрі өте қарапайым және бәріне қолжетімді.
Депозитті бірнеше минут ішінде мобильді қосымша арқылы немесе Банк бөлімшелерінде ашуға болады. Сізге тек смартфон және интернет қажет болады. Home Credit Bank қосымшасын жүктеп, тіркеуден өтіңіз, өзіңізге ыңғайлы салым түрін таңдаңыз, соманы көрсетіп, операцияны растаңыз. Ақшаңыз бірден жұмыс істей бастайды. Сайттағы немесе мобильді қосымшадағы арнайы калькулятор сіздің болашақ табысыңызды есептеуге көмектеседі. Ал автоматты толықтыруды баптау арқылы сіз уайымсыз ақша жинай аласыз.
Үлкен соманы жинауға асықпаңыз. Home Credit Bank-те салымды минималды, өзіңізге ыңғайлы сомадан, мысалы, 15 000 теңгеден бастауға болады. Ең бастысы — алғашқы қадам жасап, пайдалы қаржылық әдет қалыптастыру. Тұрақты толықтырулар уақыт өте қаржыңызды арттырады. Ақшаны қалай тиімді түрде сақтауға болады деген сұраққа жауап: үлкен сома жинақталғанын күтпей, әр мың теңгеден пайда көру. Ақшаны үйде сақтаудың орнына, бүгіннен бастап пайда табуға болады.