Сьюзен Войчицки — YouTube президенті
IT-саласында жұмыс істейтін әйелдер туралы айтатын болсақ, Сьюзен Войчицкиден бастау керек. Google компаниясы оның гаражында 1999 жылы пайда болды. Войчицки күйеуімен бірге гаражды Сергей Брин мен Ларри Пейдж деген Стэнфордта оқитын екі студентке тапсырды. Кейін Войчицки өзі стартапқа қосылып, маркетологтың рөлін атқарды. Компаниядағы оның ең алғаш ірі жобасы AdSense контекстік жарнама қызметін кеңейту болды. Енді хабарламалар тек іздеу парақшаларында ғана емес, басқа сайттар мен блог-платформаларда шыға бастады.
2005 жылы Войчицки Google компаниясының бейне бағытын дамытуды бастады. Ол Google Videos тегін бейне алмасу қызметіне жетекшілік етті. Бір жылдан кейін ол Брин мен Пейджді сол кездегі платформаның сәтті бәсекелесі YouTube-ті сатып алуға көндірді. 2014 жылы YouTube-ті өзі басқарып, 2023 жылға дейін бас директор болды. Оның бастамасымен YouTube әлемдегі ең үлкен бейне хостингке айналды. Войчицки отбасы мен өз жобаларына көбірек көңіл бөлу үшін YouTube-тан кетуге шешім қабылдады.
Сюзанның IT саласын таңдауы бекер емес. Гарвардта тарих және әдебиет бағдарламасы аясында ол информатика курсынан өтті. Кейін бұл курс оның дүниетанымын түбегейлі өзгерткенін айтты. Оқуды бітіргеннен кейін Войчицки Intel IT-компаниясына жұмысқа орналасты.
Ада Лавлейс — тарихтағы алғашқы бағдарламашы
Леди Ада Лавлейс ХІХ ғасырдағы әйгілі ағылшын ақыны лорд Байронның қызы ғана емес, сонымен бірге дәуірдің көрнекті математигі және компьютерлік данышпаны болды. Ол ХІХ ғасырдағы әйгілі ағылшын ақыны лорд Байронның қызы ғана емес, сонымен бірге өз заманының көрнекті математигі және компьютерлік данышпаны болды.
Лорд Байрон ұлдың туылуын армандағаны соншалық, Ада туылғаннан кейін ол көп ұзамай әйелімен ажырасу туралы шешім қабылдады. Аданың анасы ол әкесінің жолын қуып, поэзиямен айналысады деп қорықты. Бірақ Ада математик болды. Ада бала кезінен математика мен механикаға қызығушылық танытқан болатын. Өз ұстаздарының арқасында оған қағаз, жібек пен қауырсындардан жасалған ұша алатын қанаттарды жасау идеясы келді. Ада оны жүзеге асырып,
біраз уақыттан кейін Чарльз Бэббиджпен танысады. Ол сол кезде өзінің есеп аналитикалық машинасының сипаттамасын жазуды аяқтады. Кейін ол «Бэббиджтің үлкен айырымдық машинасы» деп аталды. Машинаны қаржыландыру аяқталғанымен, Бэббидж өзінің құрылғысы туралы айтып, әлем университттерін аралып жүрді.
Аданың көзі тірісінде Бэббидждің машинасы салынбаса да, Лавлейс алғашқы компьютерлік бағдарлама ретінде ресми түрде танылған құрылғыдағы Бернуллидің сандарды есептеу алгоритмін сипаттады. Осылайша Ада Лавлейстің есімі бағдарламалау тарихында мәңгі қалды.
Шерил Сэндберг — Facebook компанисының операциялық директоры
IT-саласындағы тағы бір табысты әйел — 2022 жылға дейін Facebook-тің операциялық директоры болған Шерил Сэндберг.
Сэндберг — американдық арманды жүзеге асыруға бел буған үлгілі американдық әйелдің мысалы. Ол мектептен бастап өте белсенді болды. Мектеп парламентінің мүшесі болып, орта мектепте құрдастарын аэробикаға үйретті. Мектепті бітіргеннен кейін ол Гарвардқа экономика факультетіне оқуға түсіп, Лоуренс Саммерспен кездесті. Ол Сэндбергтің ғылыми жетекшісі ғана емес, сонымен қатар мансап жолындағы тәлімгері болды.
Оқуды бітіргеннен кейін Шэрил McKinsey & Company компаниясында кеңесші болып жұмыс істей алды, кейін Лоуренс Саммерстің Қазынашылығында да жұмыс атқарып жүрді. Лоуренс Саммерс сол кезде Билл Клинтон кезінде Қаржы министрі болып тағайындалды. Шэрил Google-да істеді.
Бірақ ең табысты жұмысы Facebook-та болды. Ол жас Цукербергпен кездейсоқ түрде танысыты. Сол кезде Шэрил әлі Google-да жұмыс істеп жатқан болатын. Бірнеше кездесуден кейін ол Facebook-тің операциялық директоры лауазымына ие болды. Сэндбергтің Facebook-ке келуі компания үшін өте маңызды болды: компания қызметкерлерінің саны 2 000-ға дейін өсіп, контекстік жарнама іске қосылғаннан кейін табысқа шыға бастады. Оған қоса Сэндберг Facebook Директорлар кеңесінде алғашқы әйел болды және 2022 жылы кеткеннен кейін де осы күнге дейін оның қатысушысы болып қала береді.
Бірақ оның жолында қиындықтар да болды. 2018 жылы ол операциялық директор ретінде пайдаланушылардың деректерін Британдық Cambridge Analytics Консалтингтік компаниясына жайылып кетуі үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Cambridge Analytics компаниясы бұл деректерді 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауының нәтижелерін басқару үшін пайдаланды. Сонда Шерил қатты сынға ұшырады. Бірақ Цукерберг оның жағында болды.
Сафра Кац — Oracle компаниясының директоры
Кац стратегиялық көзқарасты ұстанатын.
1999 жылы ол Oracle компаниясына вице-президент ретінде келді. Сол кезде компания әлі аппараттық және бағдарламалық жасақтама, сондай-ақ оңтайландыру мен автоматтандыруға арналған бұлтты шешімдер саласында жетекші рөлді алмаған болатын. 2014 жылы ол Марк Хурдпен бірге компанияның директоры лауазымына ие болды. Ал 2019 жылы Хурдт денсаулығына байланысты кеткеннен кейін ол Oracle корпорациясының жалғыз бас директоры болды.
Бәсекелестердің жобаларын басу стратегиясын ойлап тапқан Катц болды деп саналады: оның арқасында Oracle әлемдегі ең ірі корпорациялардың біріне айналды. Кац IT-саласында болған басқа да екі ең ірі жобаны басып алды. Мұнда біз 2005 жылы PeopleSoft және 2008 жылы BEA Systems компаниялары туралы айтып отырмыз.
Қац өте жігерлі және батыл мінзеді адам болғанымен де, ол өзінің кәсіби және жеке өміріне ешкімді кіргізбейтін. Уортон мектебінің түлектері алдында сөз сөйлеген кезде ол былай деп айтты: «Баспасөз сізге дос емес. Мені журналистер арасында достары бар деп санайтын топ-менеджерлер таң қалдырады».
Мүмкін ол оның табысқа жету жолындағы құпиясы шығар. Оның жолдасы жазушы Галь Тирош оған қолдау көрсететін: ол балалардың тәрбиесімен және үй жұмыстарымен айналысуды толығымен өзіне алған болатын.
Бизнес ашқыңыз келе ме? Шотты ашу үшін банкті алдын ала таңдаған жөн. Home Credit Bank қаржыңызды смартфоннан басқаруға мүмкіндік беретін онлайн-банкті ұсынады. Бұл мобильді қосымша арқылы салықтар мен басқа міндетті төлемдерді жасауға, валютамен операциялар жүргізуге болады. |
Люси Пэнг — Alibaba
Алғыр ақыл мен амбициялардың арқасында Люси Пэнг 90-шы жылдары Alibaba Group корпорациясын негізін қалаушылардың бірі болды. Alibaba Group электрондық коммерция саласында әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылады.
Ханчжоудағы Zhejiang Gongshang University университетін “Бизнес-менеджмент” мамандығы бойынша бітіргеннен кейін Люси Пэнг өзінің туған қаласында басқа университте экономика сабағын жүргізген болатын. Бірақ кейін ол бұрын ағылшын тілінің мұғалімі болған Джек Мамен танысты. Джек Маның өз стартап идеясы болды. Сонда Люси Пэнг жаңадан ашылып жатқан Alibaba Group компаниясында HR-бөлімінің жетекшісі болды.
2010 жылы Пэнг компанияның төлем жүйесі Alipay компаниясының бас директоры қызметіне ауысты. Пэнг Alipay мобильді қосымшасын басқарған кезде ол халықаралық нарыққа шығып, көпфункционалды төлем жүйесіне айналды.
2018 жылы Пэнг Alibaba Group корпорациясында өз жұмысын жалғастырып, оны Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кеңейтумен айналысты. Сол кезде ол сингапурлық Lazada Group интернет-коммерция платформасын өз басқаруына алды.
Әртүрлі сұхбаттарда холдингтің бас директоры Джек Ма Пэнгты Alibaba Group холдингінің қорғаушы періштесі деп атайды. Оның еңбегінің арқасында компания үлкен жетістіктерге жетті. Пэнгтің тағы бір ерекшелігі — ол жасырын көшбасшы. Сұхбаттарда Пэнг тек өз жұмысы және жоспарлары туралы айтады.
Рут Хэндлер — Mattel компаниясының негізін қалаушы
Рут Хэндлер туралы айтпауға болмайды. Өткен ғасырдың 1950-жылдарында отыз жасында Рут күйеуінің шеберханасында пластиктен жасалған әртүрлі бұйымдар өндірісін жасау туралы шешім қабылдады. Осылайша Mattel компаниясы пайда болды. Кейін ол Barbie қуыршақтар жасай бастайды.
Хэндлер нағыз кәсіпкерлік болып, тауарды жарнамалау тұрғысын өзгерте бастады. Ол оны ата-аналарға емес, балалардың өздеріне арнап шығарды. Оның басты сыншысы оның қызы Барбара болды. Mattel компаниясының алғашқы ойыншықтарының бірі, балаларға арналған пластикалық автомат, компания демеушілік еткен Микки Маус клубы шығарылымдарының бірінде жарнамаға түсті. Бұл жарнама өте табысты болды. Бұл шығарылымнан кейін Mattel компаниясына 18 мың тапсырыс келіп түсті. Оны теледидардағы ең табысты жарнамаларының бірі деп санауға болады.
Barbie қуыршығын жасау идеясы Рут Хэндлерге Швейцарияға барған кезде ойына келді. Хэндлер қызы Барбарамен бірге Церн көшелерімен серуендеп, дүкендердің бірінде әдемі қуыршақты байқады. Қуыршақ сол уақыттың басқа қуыршақтарына ұқсамайтын. Ал Хэндлер болса, заманның өзгеруін көріп АҚШ-қа өзімен бірге осында бірнеше қуыршақ алып келді. Бір жылдан кейін ол алғашқы Barbie қуыршағын шығарды. Barbie өзін-өзі қамтамасыз ете алатын еркін әйел символы болды.
Уитни Вулф Херд — Bumble компаниясының негізін қалаушы.
Уитни Вулф Херд — ерлер басым болған салаға барып, өз өнімін таныстыруға қорықпаған батыл әйелдердің бірі. Бұдан бұрын Херд онлайн түрде танысуға арналған Tinder косымшасының құрылуына қатысқан болатын.
Бизнесті құру мен жүргізудің ішкі процестерімен танысқаннан кейін, 2014 жылы Херд өзінің Bumble атты танысу қосымшасын іске қосты. Платформаның негізгі идеясы — қосымшада хат алмасуды тек әйелдер бастайды. Бұл идея оны бәсекелестерден бөлек шығарып, бұл салада ол ең танымал қосымшалардың біріне айналды. Қазіргі уақытты бизнестің құны 8 миллиард доллардан асады.
2018 жылы Херд Times журналының ең ықпалды жүз адам тізіміне, сондай-ақ 2017 және 2018 жылдары Forbes журналының 30 жасқа дейінгі табысты адамдар тізіміне кірді.
Вулф Херд тек Bumble-мен шектелмейді, ол гендерлік теңдік пен техникалық индустриядағы әйелдердің құқықтарын қорғаумен белсенді түрде айналысып жатыр. Оған қоса ол өз компаниясында әрбір қызметкер өзін жайлы сезінуі үшін бар күшін салды. Bumble компаниясы өзінің барлық қызметкерлеріне қолдау көрсетеді.
Мэлани Перкинс — Canva қосымшасының негізін қалаушы
Canva әлеуметтік желілерге арналған графиканы жасауға арналған онлайн шаблон редакторы — бұл әйел бастаған заманауи технологиялық стартаптың тағы бір мысалы. Австралиялық Мэлани Перкинс бұл сервисті 2013 жылы бастады. Ол әркім дизайнер бола алады деген ойдан шабыт алды.
Canva өнімі графикалық дизайн әлемінде өте танымал болып, оны стартаптар да, маркетологтар пайдалана бастады.
Перкинс бала кезінен шығармашыл болып, сурет салуды жақсы көретін. Бірақ оқуды бұқаралық коммуникация саласында жалғастырды. Дегенмен осы идея Перкинске Батыс Австралия университетінде оқып жүрген кезінде келді. Ол Клэр Олбрехтпен танысып, кейін екеуі Canva компанисын бастайды.
Қазір Canvaда бұрын-соңды графикалық бағдарламалармен жұмыс істемеген адамдарға арналған шаблондар мен құралдарды қамтиды. Бұл өнім әлеуметтік желілер үшін логотип, сурет, коллаж немесе постер жасауды айтарлықтай жеңілдетеді.
Соңғы деректер бойынша, компанияның жылдық кірісі 500 миллион доллар, ал құны 15 миллиард долларға жетті. Canva қызметі 150-ден астам елде жұмыс істейді және тұрақты түрде оны 30 миллион адам қолдануда.
Дина Мукашева, Technovation Challenge
Бұл қазақстандық әйел кәсіпкерлер. Оларға қарап, табандылық пен еңбектің арқасында әйел бизнестің кез келген саласында жетістікке жетуі мүмкін екенін көріп отырмыз.
Математикалық-компьютерлік сыныптың түлегі Мукашева орта мектепте Pascal тіліндегі бағдарламалауды, желілерді құру мен микропроцессорларды оқи бастады. Кейін ол Алматы энергетика және байланыс университетінде электрондық жүйелер және технологиялар инженері мамандығы бойынша оқуді бітіріп, сондай-ақ Британ колледжінде IT менеджмент бағдарламасынан өтті.
Үлкен корпорацияда бизнес-аналитик қызметінен кеткеннен кейін Дина Мукашева достарымен бірге балаларға арналған бағдарламалау мектебін ашты. Love to code жобасы Мукашева мен оның командасына өзін кәсіпкерлер мен мұғалімдер ретінде сынап көруге, жаңа оқу әдістемелерін сынауға мүмкіндік берді. Сұхбат кезінде Мукашева ең үлкен шабыт бұл балалардың анимациялық ойындар жасау және бағдарламалауды үйрену кезіндегі қуаныштарын көру болды деп айтты. Сол кезде Алматыда IT-саласы енді ғана дами бастады және Мукашеваның жобасы бұл процесті тездетуге көмектесті.
Сонымен қатар Дина Мукашева — Technovation Challenge әлеуметтік волонтерлік жобасының авторы. Мукашеваның жобасы — бұл технологияға қызығушылық танытатын, бірақ қандай да бір себептерге байланысты IT-саласына барудан қорқатын 10-18 жас аралығындағы қыздарға арналған жоба. Себебі Мукашева бұл қыздарды түсінеді. Жоба аясында қыздар технология арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге үйренеді. Төрт ай ішінде қатысушылар технологияны қолдана отырып, әлеуметтік мәселенің шешімін табуға, өзін кәсіпкер ретінде сынап көруге үйренеді. Олар маркетинг пен бәсекелестерді, бағдарламалау мен презентация дағдыларын үйреніп, бизнес-жоспарды дайындайды. Кейін ең үздік студенттер Сан-Францискодағы байқауға баруы мүмкін.
Аяла Конакбаева, SK Boxing бокс мектебі
Конакбаева боксқа 21 жасында келді. Қазір бокс оның өмірінде маңызды орын алады.
Бірнеше жылдан кейін, 2015 жылы Аяла Конакбаева өз бизнесін бастап, Алматыда алғашқы SK Boxing клубын ашты.
SK Boxing клубының басты идеясы — адамдарды спортпен айланысуға ынталандыру. Сабақтар әдемі, жарқын залдарда өткізіліп, тек сапалы жабдықтар қолданылады. Жаңа компания жертөлелерде орналасқан бокс клубтары туралы болған стереотипті бұзды.
Басында оның бизнес идеясын көбісі жоққа шығарды деп айтады Конакбаева. Бірақ ол өзіне сенімді болып, отбасы мен достарынан қолдау тапты. Бірінші мектеп тоғыз айдан кейін өз есігін ашты. Бірінші жыл өте қиын болды: себебі ер адамдармен тіл табысу, олардың көзқарасын қабылдау оңай болған жоқ.
Бұл бокс мектебі Конакбаева үшін өмір мектебіне айналды. Өзінің бір сұхбатында ол әртүрлі кездер болғандығы туралы айтты. Бірақ қиындықтардың арқасында ол жетістіктерге жетті деп айтты.