Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Кредиттер мен қарыздар
8 минут

Қазақстанда бірнеше кредитті қатар алуға бола ма?

Қазақстанда бірнеше кредитті қатар алуға бола ма?

 

Бір уақытта екі немесе одан да көп кредит ресімдеуге бола ма деген сұрақ көптеген қазақстандықтарды қызықтырады. Өмірде түрлі жағдайлар орын алады: біреулерге емделу үшін шұғыл түрде қаражат қажет, басқалары ірі сатып алуларды жоспарлайды, ал кейбіреулерге қолданыстағы кредит болса да, қосымша ақша қажет болуы мүмкін. Бұл мақалада екі кредитті қатар алуға бола ма, қандай талаптар сақталуы керек және дұрыс шешімді қалай қабылдау керектігі жайлы айтып өтеміз. 

Заң бойынша екі кредит алуға бола ма?

Показ изображения imageArticle

Қазақстан Республикасының заңнамасында бір уақытта екі немесе одан да көп кредит ресімдеуге тыйым салынбаған. Яғни, сіз банк талаптарына сай болсаңыз және табысыңыз жеткілікті болса, екі немесе үш кредит алуға болады. Қазақстандағы банктер, соның ішінде Home Credit Bank, клиенттің төлем қабілеттілігін, кредиттік тарихын және қазіргі міндеттемелерін мұқият бағалайды. Егер банк жүйесі сіздің қосымша қарызды төлей алатыныңызды анықтаса, өтініміңіз мақұлданады. 

Демек, екі кредит алу мүмкіндігі сіздің қаржылық тәртібіңізге байланысты болады. Ең бастысы — табысыңыздың 50%-нан аспайтын қарыз жүктемесін сақтау. 

Екі кредитті бір банктен алуға бола ма, әлде әртүрлі банктен алу керек пе?

Бір банктен

Көптеген клиенттер екі кредитті бір банктен алуға бола ма деп сұрайды. Home Credit Bank-те қарыз алушы бірінші кредитін уақтылы төлеп отырса және өтінім қаржылық тұрақтылықты бұзбаса, екі кредит кредит алуға болады. Мысалы, алдымен ақшалай кредит ресімдеп, кейін тұрмыстық техниканы немесе басқа тауарды бөліп төлеуге алуға болады. 

Сондықтан талаптарға сай келсеңіз, бір банкте екі кредит алуға болады. 

Әртүрлі банктерде

Сондай-ақ бір кредит бір банкте, екіншісі басқа банкте ресімделуі мүмкін. Жаңа өтінім берген кезде банктер кредиттік бюролардың деректер базасы арқылы сіздің кредиттік тарихыңызды және қарыздарыңызды көре алады. Басқа банк мақұлдаған кредит туралы ақпарат тез жаңартылады. Егер сіздің қарыз жүктемеңіз жоғары деп танылса, жаңа өтінім қабылданбауы мүмкін. 

Сондықтан қосымша кредит алуды ойласаңыз, алдымен кредиттік тарихыңызды тексеріп, екі қарызды қатар өтеуге шамаңыз жететінін тексеріңіз. 

Екінші кредит ресімдеудеудің алдында нені ескеру керек?

Показ изображения imageArticle

Екінші кредитті ресімдеуден бұрын келесі факторларды ескеріңіз: 

  • қазіргі төлем көлемі — ай сайын қанша төлейсіз және бұл табысыңыздың қандай үлесін құрайды? 

  • кредиттік тарих: мерзімі кешіктірілген төлемдер мен қарыздар мақұлдау мүмкіндігін азайтады; 

  • төлем қабілеттілігі — банк табыс көлемін, ресми жұмыс орнын және еңбек тұрақтылығын бағалайды; 

  • жаңа кредиттің мақсаты — оның қаншалықты орынды екенін және екі кредитті қатар ала алатыныңызды саралаңыз.

Есіңізде болсын: қолданыстағы барлық кредиттер бойынша міндеттемелерді уақытында орындау — жаңа өтінімдердің мақұлдану ықтималдығын арттырады. 

Екі кредитті бір кредитке біріктіруге бола ма?

Егер сізде бірнеше кредит бар болса және төлемдерді оңайлатқыңыз келсе, қайта қаржыландыруды ресімдеңіз. Бұл — бірнеше кредитті біріктіріп, жаңа тиімді шартты ресімдеу. Екі кредитті бір кредитке біріктіруге бола ма? Жауап — иә: мұндай мүмкіндік бар, Home Credit Bank арқылы да екі кредитті бір кредитке біріктіруге болады. 

Қайта қаржыландыру келесі артықшылықтарды ұсынады: 

  • бірнеше төлемнің орнына бір төлем жасау; 

  • төмен пайыздық мөлшерлеме; 

  • қаржыны басқару; 

  • мерзімі кешіктірілген төлемдер азаяды. .

Сондықтан егер сізде екі кредит болса және төлеу қиын болса, жаңа кредит алудың қажеті жоқ. Қолданыстағы қарыздарды біріктіріп, ай сайынғы төлемді азайту әлдеқайда тиімді шешім болады. 

Home Credit Bank-те екінші кредитті ресімдеу шарттары

Home Credit Bank-те кредитті онлайн түрде тез әрі жасырын шартсыз ресімдеуге болады. Егер алғашқы кредит уақытында төленіп жатса және кредиттік тарихыңыз жақсы болса, қайта кредит алу мүмкіндігі жоғары болады. Сондай-ақ икемді шарттары бар бөліп төлеу, кредит карталары және қайта қаржыландыру сияқты өнімдер де қолжетімді. Осы құралдардың бәрі жеке кабинетте немесе банктің мобильді қосымшасында қолжетімді. 

Банктегі кредиттік тарихы жақсы клиенттер үшін қайта кредит ресімдеу өте ыңғайлы. Бұл тексеру процесін жеңілдетіп, қаражатты жылдам алуға мүмкіндік береді. 

Қазақстанда екі кредитті қатар алуға бола ма?

Иә, Қазақстанда заң бойынша екі кредитті алуға тыйым салынбаған. Бірақ әрбір жаңа кредит қаржылық жағынан негізделген болуы керек. Егер сізде қолданыстағы кредит болса, екінші кредит алу үшін өз міндеттемелеріңізді толық түсінуіңіз керек. 

Төлем қабілеттігіңіз бен қаржылық жүктемеңізді бағалаңыз, кредиттік тарихыңызды тексеріңіз және сенімді банкті таңдаңыз. Home Credit Bank-те ақшалай кредитті ресімдеуге, қайта қаржыландыруды пайдалануға немесе қарыз жүктемесін оңтайландыру бойынша кеңес алуға болады. 

Кредит — мақсатқа жетуге көмектесетін құрал. Бастысы — қарыз саны емес, оларды дұрыс басқару. 

home.kz блогын оқыңыз — мұнда қаржылық жоспарлау және кредиттік тарихты жақсарту жолдары туралы мақалалар тұрақты түрде жарияланады. 

FAQ (Жиі қойылатын сұрақтар)

Сұрақ: Менде Home Credit Bank-те бір белсенді кредит болса, екінші кредит ресімдей аламын ба?  

 

Жауап: Иә, Home Credit Bank-те екінші кредит ресімдеуге болады. Егер сіз бірінші кредитті уақытында төлеп жүрсеңіз, кредиттік тарихыңыз жақсы болса және жалпы қарыз жүктемеңіз жоғары болмаса, банк сізге екінші кредитті (мысалы, ақшалай кредитке қосымша түрде тауарды бөліп төлеуге алуды) мақұлдауы мүмкін. 

 

Сұрақ: Home Credit Bank екінші немесе келесі кредит алуға өтінімді қарастырғанда қандай негізгі факторларды ескереді?  

 

Жауап: Home Credit Bank сіздің төлем қабілеттігіңізді, қазіргі қаржылық міндеттемелеріңізді, кредиттік тарихыңызды (мерзімі өткен төлемдердің болмауы керек) және қарыз жүктемеңізді бағалайды. 

 

Сұрақ: Егер менде бірнеше кредит болса (соның ішінде басқа банктерде де), оларды біріктіріп, төлемді жеңілдету үшін Home Credit Bank қандай шешім ұсынады?  

 

Жауап: Home Credit Bank қайта қаржыландыру қызметін ұсынады. Бұл қызмет сіздің бірнеше кредитіңізді (басқа банктегі кредиттерді қоса алғанда) бір жаңа кредитке біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл ай сайынғы төлемді азайтуға және қарызды басқаруды жеңілдетуге көмектеседі. 

 

Сұрақ: Home Credit Bank-те ақшалай кредитті қалай қайта ресімдеуге болады және бұған менің банктегі бұрынғы тарихым әсер ете ме?  

 

Жауап: Сіз Home Credit Bank-те ақшалай кредитті онлайн түрде — жеке кабинет немесе мобильді қосымша арқылы ресімдей аласыз. Егер сіз Home Credit Bank-тегі бұрынғы кредиттерді уақытында өтеп жүрген болсаңыз және кредиттік тарихыңыз жақсы болса, кредиттің мақұлдану мүмкіндігі жоғары болады. 

Марат Сулейманов
Блог авторы
Сарапшылар:

Танымал өнімдер мен қызметтер