Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Қаржылық сауаттылық
7 минут

Неліктен кредит картасын үшінші тұлғаларға беруге болмайды?

Неліктен кредит картасын үшінші тұлғаларға беруге болмайды?

Мазмұны

 

Банк картасын басқа біреуге — тіпті жақын досыңызға немесе туысыңызға беру қауіпті емес сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ заң және қаржы тұрғысынан бұл банк қызметін пайдалану шарттарын тікелей бұзуды білдіреді. Қазақстанда, басқа көптеген елдердегідей, картаны тек оның иесі пайдалану керек. Біреудің орнына әрекет ету елеулі салдарға алып келуі мүмкін. Бұл материалда біз карта кімге тиесілі, неге оны басқа адамға беруге болмайтыны және мұндай әрекеттер қандай қауіпке соқтыратыны туралы айтып береміз. home.kz банкі естеріңізге салады: қаржылық қауіпсіздік әркімнің жеке жауапкершілігінен басталады. 

Карта кімге тиесілі: карта иесіне ме әлде ұстаушысына ма?

Карта иесі кім?

Кей адамдар «карта иесі» мен «карта ұстаушысы» деген ұғымдарды шатастырып жатады. Шын мәнінде, бұл — бір жеке тұға. Оған банк шоты ашылады және карта беріледі. Ол банкпен келісімге қол қояды, әрі карта арқылы жасалатын барлық операциялар үшін толық жауап береді. Басқаша айтқанда, карта ұстаушысы — картаны пайдалануға барлық құқығы бар банк клиенті. 

Бұл құқықты — тіпті жақын туысыңызға да ешкімге беруге болмайды. Бұл тек home.kz банкінің ішкі талаптарына ғана емес, Қазақстан Республикасының заңнамасына да байланысты. Картаны тек оны ресімдеген адам ғана қолдана алады. Бұл ережелерді сақтамау қаражатыңыздың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді және банк жүйесінің негізгі қағидаларын бұзады. 

Сонымен қатар картаны уақытша беру де — қауіпті. Себебі банк транзакцияны нақты кім жасағанын анықтай алмауы мүмкін. Бұл жағдайда банк сізді толық қорғай алмайды, және сізге өз құқықтарыңызды қорғау қиындай түседі. 

Кредит картасын басқа адамға беруге бола ма?

Заңның және банкпен жасалған келісімнің талаптары қандай?

«Кредит картасын басқа адамға беруге бола ма?» деген сұрақтың жауабы: жоқ, болмайды. Ешбір банк, соның ішінде home.kz банкі де, картаны үшінші тұлғаларға беруге рұқсат етпейді. Бұл талап карта ресімделген кезде клиентпен жасалатын келісімшартта нақты көрсетілген. 

ҚР заңнамасы да осы ұстанымды қолдайды. Кредит картасы — иесіне ғана тиесілі жеке қаржы құралы. Ол PIN-код, SMS-код және биометриялық деректермен қорғалған. Бұл ақпаратты басқа адамдарға беру ақпараттық қауіпсіздік ережелерін бұзу болып саналады және заңнама тұрғысынан немқұрайлық ретінде қарастырылуы мүмкін. 

Картаны туысыңызға, досыңызға, әріптесіңізге беру мысалдары

Жиі түрде клиенттер картаны жұбайына, баласына немесе сенімді қызметкеріне беріп жатады. Мұндай әрекетті көпшілік қалыпты жағдай деп ойлайды. Алайда картамен күмәнді операция орын алып, иесі бұл туралы банкке шағымданған жағдайда, тергеу барысында картаның үшінші тұлғаға берілгені анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайда клиент шығынды өтеу құқығынан айырылады. 

Тіпті сенім деңгейі жоғары отбасыларда да мұндай әрекеттер жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Бөгде адамның рұқсатсыз қаражатқа қол жеткізуі, төлем кезінде жіберілген қате немесе картаны қауіпсіз емес сайттарда пайдалану — мұның бәрі картаңыздың бұғатталуына және шотқа қолжетімділік шектелуіне себеп болуы мүмкін. 

Банк картасын басқа адамға берудің салдары

Қаржылық және заңды қауіптер

Банк картасын үшінші тұлғаларға беру келесі қауіп-қатерлерге әкелуі мүмкін: 

  • рұқсат етілмеген төлемдер. Егер басқа адам карта арқылы сатып алу немесе аударым жасаса, карта иесі бұл әрекетті өз еркінен тыс жасалғанын дәлелдей алмай қалуы мүмкін; 
  • банктің шығынды өтеуден бас тартуы. Егер операция даулы деп танылса, бірақ карта басқа адамға берілгені анықталса — home.kz банкі өтемақы төлеуден бас тартуға толық құқылы; 
  • заң бұзушылық. ҚР электрондық ақша туралы заңы бойынша, қаржы құралдарын басқа адамға ресми рәсімсіз беруге тыйым салынған; 
  • картаның бұғатталу қаупі. Картаның әртүрлі жерлерде немесе елдерде жиі қолданылуы күмән тудырып, банк тарапынан техникалық бұғаттауға себеп болуы мүмкін; 
  • салық және құқық қорғау органдарымен тындайтын қиындықтар. Кейбір жағдайларда картаны беру қаржылық операциялар үшін жауапкершіліктен жалтару әрекеті ретінде бағалануы мүмкін. 

Яғни банк картасын басқа адамға берген кезде сіз қаржылық қауіпсіздігіңізді жоғалтып, ақшаңызды қауіпке төндіре аласыз. 

Бөгде адамның картасын пайдалануға бола ма?

Показ изображения imageArticle

Карта иесі рұқсат етсе де, картаны неге пайдалануға болмайды?

Кей адамдар карта иесі рұқсат етсе, картаны пайдалануға болады деп ойлайды. Бірақ бұл — қате түсінік. Тіпті карта мен ПИН-кодты карта иесі өзі берсе де, карта бойынша жасалған барлық әрекетке жауапкершілік сол иесінің мойнында болады. Егер рұқсат етілмеген операция орын алса, алаяқтық болғанын дәлелдеу өте қиын. 

Одан бөлек, home.kz банкі мұндай жағдайда шығынды өтеуге міндетті емес. Картаны беру банктің жауапкершілігінен бас тарту дегенді білдіреді. Яғни, клиент барлық мүмкін тәуекелге, соның ішінде алаяқтыққа, шығынға және санкцияларға өз еркімен келіседі. 

Сондықтан «Бөгде адамның картасын пайдалануға бола ма?» деген сұраққа жауап: жоқ, болмайды. Бұл банктің қызмет көрсету шарттарын бұзу ғана емес, қаражатыңыздың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді. 

Жақын адамдарға заңды түрде қалай картаға қолжетімділік беруге болады?

Көпшілік карта бердің заңды жолы жоқ деп ойлап, жақынына өзінің картасы мен ПИН-кодын бере салады. Алайда заң тұрғысынан алғанда, бұл «картаны пайдалануға беру» әдісі заңсыз болып саналады. Шын мәнінде, картаға қолжетімділік берудің тікелей әрі қауіпсіз жолы жоқ. 

Бірақ дұрыс әрі қауіпсіз шешім бар — қосымша карта ресімдеу

home.kz банкі арқылы бұл қызметті тез әрі оңай пайдалануға болады: сенімді адамның атына жеке карта ашылады және оған шот иесі өзі лимит қоя алады. 

Бұл тәсіл келесі артықшылықтар береді: 

  • басқа адамның шығындарын бақылау; 
  • негізгі шоттың қауіпсіздігін сақтау; 
  • шартты бұзудан және қаражатты қорғау құқығынан айырылудан сақтану; 
  • әр картаның операциялары мен тарихын нақты бақылау. 

Қосымша карта — бұл шотқа қауіпсіз әрі заңды түрде қолжетімділік беру мүмкіндігі. 

Неліктен бұл маңызды: home.kz банкінің ұстанымы

home.kz банкі әрдайым клиент мүддесін қорғайды және оның қаражатын сақтау үшін бар күшін салады. Алайда қауіпсіздік ережелерін сақтау — ең алдымен, клиенттің өз жауапкершілігі. Картаны басқа адамға беру — бұл жай ғана келісімді бұзу емес, сонымен қатар қаржылық шығынға және даулы жағдайда банктің көмегінен айырылуға әкелетін әрекет. 

Мұндай қиындықтардың алдын алу үшін: 

  • картаны ешқашан басқа адамдарға бермеңіз; 
  • ПИН-кодты, CVV кодты немесе SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз; 
  • операцияларды бақылау үшін мобильді қосымшаны қолданыңыз; 
  • сенімді адамдарға қосымша карта ресімдеңіз; 
  • қызмет көрсету шарттарымен танысып, қауіпсіздік ережелерін үнемі есіңізге алып отырыңыз. 

Осы кеңестерді ұстана отырып, сіз өзіңізді де, жақындарыңызды да қорғайсыз. Қауіпсіздік — сізден басталады. Карта кімге тиесілі екенін және оны кім қолдануға құқылы екенін білу — маңызды қадам. 

home.kz барлық клиенттерді қаржылық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Себебі қаржылық тұрақтылық — бұл тек банкке деген сенім ғана емес, сонымен қатар банк өнімдерін пайдалану ережелерін сақтау. Шын мәнінде, өзіңізге және қаржыңызға деген шынайы қамқорлық осыдан басталады. 

FAQ (Жиі қойылатын сұрақтар)

Сұрақ: Home Credit Bank ережелері бойынша неге өзімнің кредит картамды тіпті жақын туыстарыма да беруге болмайды?

Жауап: Home Credit Bank-тің банктік қызметтер көрсету шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кредит картасы — тек бір адамға арналған жеке қаржы құралы. Картаның иесі әрі карта арқылы жүргізілетін барлық операцияларға жауап беретін тұлға — картаны өз атына ресімдеген және банкпен шартқа қол қойған адам. Картаны үшінші тұлғаларға, соның ішінде туыстарға беру бұл шарттар мен қауіпсіздік талаптарын тікелей бұзу болып табылады. 

Сұрақ: Егер мен Home Credit Bank картамды басқа адамға беріп, ол рұқсат етілмеген операциялар жасаса, мен клиент ретінде қандай тәуекелдерге тап боламын?

Жауап: Картаны басқа адамға беру арқылы сіз рұқсатсыз төлемдерге тап болуыңыз мүмкін, ал мұндай жағдайларда банк жауапкершілікке тартылмайды.  Егер операция күмәнді болып танылып, картаны басқа адам пайдаланғаны анықталса, Home Credit Bank шығынды өтеуден бас тартуға құқылы. Сонымен қатар, бұл әрекет картаның бұғатталуына және басқа да заңды салдарға алып келуі мүмкін. 

Сұрақ: Егер мен өз еркіммен Home Credit Bank картамды және ПИН-кодты досыма беріп, ол мен рұқсат еткен сомадан артық ақша жұмсаса немесе картаны алаяқтар пайдаланып кетсе, банк ақшамды қайтара ма?

Жауап: Өкінішке қарай, жоқ. Егер сіз картаңызды және құпия деректерді (ПИН-кодты) басқа адамға өз еркіңізбен берген болсаңыз, Home Credit Bank мұндай жағдайлардан туындаған шығынды өтеуге міндетті емес. Картаны беру арқылы сіз тиісті барлық тәуекелді қабылдайсыз. 

Сұрақ: Мен Home Credit Bank шотымдағы қаражатқа жұбайыма немесе балама заңды түрде қолжетімділікті қалай бере аламын?

Жауап: Home Credit Bank ұсынатын қауіпсіз және заңды жол — сенімді адамның (мысалы, отбасы мүшесінің) атына қосымша карта ресімдеу. Шоттың негізгі иесі ретінде сіз бұл картаға жеке шығын лимиттерін белгілей аласыз және барлық операцияларды бақылап отырасыз. Бұл тәсіл шот қауіпсіздігін сақтап, банкпен жасалған шарттарды бұзбай, қаражатқа қолжетімділікті ресми түрде ресімдеуге мүмкіндік береді. 

image
Александр Самарин

Танымал өнімдер мен қызметтер