1. Басты бет
  2. Блог
  3. Өз қажеттіліктеріңізге сай дебет картасын таңдау

Жарияланды 07.08.2026

Жаңартылды 21.09.2026

7–8 минут

Дебет картасы — өз ақшаңызды сақтауға және оған жылдам қол жеткізуге арналған құрал. Карталардың айырмашылығы олардың сыртқы түрінде емес, шарттарында: бір картамен дүкендерде төлем жасау тиімді, екіншісі қолма-қол ақша алуға ыңғайлы, ал үшіншісі аударым лимиттерімен ерекшеленеді.

Сондықтан «қай дебет картасы жақсы?» деген сұраққа бір ғана ортақ жауап жоқ. Әр адам үшін ең тиімді карта оның нақты қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс. Төменде өз қажеттіліктеріңізді анықтап, карталарды негізгі талаптар бойынша қалай салыстыру керектігін айтып береміз.
 

Қысқаша айтсақ картаны таңдаған кезде баннердегі пайызға емес, өз шығындарыңызға қараңыз. Картаны не үшін пайдаланатыныңызды анықтап, маңызды талаптарды тексеріңіз де, нақты шығындарыңызды есептеп көріңіз. Оған небәрі жиырма минут жеткілікті.

 

 

Кімге қандай карта керек — 30 секунд

Тез таңдау жасағыңыз келсе, алдымен осы кестеге назар аударыңыз. Мұнда әртүрлі жағдайларға байланысты қандай шарттарды қарастырған дұрыс екені көрсетілген.

 

Маңызды критерийлерКартаНеліктен
Күнделікті шығындар, такси және коммуналдық қызметтер

Arna

Тегін қызмет көрсету және кешбэк
Зейнетақы түсімдері және дәріханалар

Tañ

Зейнеткерлер үшін арнайы шарттар
Премиум қызметтер мен бизнес-залдар

Tau

Талаптар орындалған кезде — премиум деңгейдегі қызмет

Бұл рейтинг емес және «ең үздік карта» деген ұсыныс та емес. Кесте әр қажеттілікке сәйкес келетін картаны және оның талаптарын ғана көрсетеді. Таңдауды өз шығындарыңызға қарап өзіңіз жасайсыз.

Картадан емес, шығындарыңыздан бастаңыз

Пайыздарды салыстырмас бұрын, бір сұраққа жауап беріңіз: бұл картаны көбіне не үшін пайдаланасыз? Әр адамның шығындары әртүрлі болғандықтан, әрқашан бір картаны пайдалану тиімді бола бермейді.

 

  • Бір адам картамен күн сайын дүкендерде, таксиде, қосымшаларда төлейді. Оған кешбэк және оның есептелу талаптары маңызды.
  • Екінші адам ай сайын үлкен сомаларды шешіп тұрады. Ол үшін комиссиясыз ақша алу лимиті мен банкоматтар желісі маңызды.
  • Үшіншісі отбасына тұрақты түрде ақша аударып тұрады. Оған аударым комиссиялары мен ай сайынғы комиссиясыз лимит маңызды.
  • Төртіншісі ақша жинайды. Оған картаның өзінен гөрі, ақшаға қол жеткізу қиын болатын бөлек шот маңызды.
  • Өткен айдағы үзінді көшірмеңізді алып, ақшаңыздың нақты неге жұмсалғанын қараңыз. Қажеттілікті анықтағаннан кейін, таңдау бір-екі нұсқаға дейін қысқарады.

     
Кеңес Егер картаны пайдаланудың бірнеше мақсаты болса, бәріне бір картаны қолданудың қажеті жоқ. Home Credit Bank-те төрт картаға дейін ашуға болады — мысалы, біреуін күнделікті сатып алулар үшін, екіншісін интернет-төлемдер үшін пайдалануға болады.

Картаның қандай шарттары шынымен маңызды

 

Показ изображения imageArticle

Бұл тармақтар кез келген дебет картасын таңдауға қатысты сұрақтардың көпшілігіне жауап береді. Оларды ретімен тексеріп, мына сұраққа жауап беріңіз: бұл талап күнделікті өмірде маған қаншалықты пайдалы?

 

Картаны шығару және оған қызмет көрсету
Ең алдымен, картаға ай сайын қанша төлейтініңізді және оны шығару үшін комиссия бар-жоғын анықтаған жөн. Тегін қызмет көрсету жиі кездеседі, бірақ кейде ол белгілі бір шарттар орындалғанда ғана тегін болады: мысалы, белгілі бір сомадан бастап айналым болуы, шотта ең төменгі қалдықтың сақталуы немесе қызметтер пакетінің қосылуы талап етілуі мүмкін.

 

«Егер осы айда картаны мүлде пайдаланбасам, қанша төлеймін?» деген сұраққа жауап беріңіз. Егер қосымша шарттар жоқ болса және қызмет көрсету тегін болса, онда бұл критерий бойынша карта сізге сәйкес келеді. Home Credit Bank-тің барлық дебет карталары тегін шығарылады және оларға тегін қызмет көрсетіледі. Айналым және қалдық бойынша шарттар жоқ.


Кешбэк және оның лимиті
Баннерде жазылған жоғары пайыз - әдетте бірнеше бөліктен құралатын ең жоғары мөлшерлеме. Оған:

  • негізгі пайыз — кез келген сатып алу үшін әрқашан есептеледі;
  • жоғары пайыз — белгілі бір санаттарға: дәріханалар, таксилер, коммуналдық қызметтер;
  • бонустық пайыз — шартты орындау үшін: картадағы қалдық немесе депозиттегі сома бойынша.

Тағы екі маңызды шектеу бар: ай сайын алуға болатын бонустардың ең жоғары сомасы және кешбэк берілмейтін операциялар тізімі. Әдетте, аударымдарға, қолма-қол ақшаны алуға, электронды әмияндарды толықтыруға және құмар ойындарға кешбэк есептелмейді.

Маңызды ақпарат кешбэк көбіне сауда нүктесіне берілетін ішкі санатты анықтайтын MCC-код негізінде есептеледі. Мысалы, дәріхана банктік жүйеде супермаркет ретінде тіркелуі мүмкін. Сол себепті банктің талаптарында көрсетілген санатқа назар аударған жөн.


Жоғары кешбэк шарттары
Картадағы қалдыққа немесе депозитке берілетін қосымша бонусқа да назар аударыңыз. Оның шарттары сізге қаншалықты қолжетімді екенін есептеп көріңіз. Мысалы, 2% картада кем дегенде 100 000 ₸ болған кезде есептелетін болса, бұл туралы ұмытпай, картада бұл соманы үнемі ұстаған жөн. Әйтпесе баннердегі жоғары кешбэк алу мүмкін болмайды.


Аударымдар
Аударымдар — сатып алулардан кейін ең жиі жасалатын операциялардың бірі. Егер отбасыңызға немесе өз шоттарыңыз арасында ақшаны жиі аударып жүрсеңіз, онда жоғары кешбэктен гөрі ай сайынғы комиссиясыз лимитке назар аударған жөн.

Home Credit Bank карталары бойынша Қазақстанның банктеріне телефон және шот нөмірі бойынша жасалатын аударымдар — 0 ₸. Карта нөмірі бойынша айына 1 000 000 ₸ дейін аудару тегін, әрі қарай әр аударым үшін 200 ₸. Шарттар мен лимиттер туралы толық ақпарат «Аударымдар» парақшасында бар.


Қолма-қол ақша алу
Бұл жерде екі параметрге назар аудару қажет: тегін лимит және банкоматтардың орналасқан жерлері. Arna картасы бойынша Home Credit Bank банкоматтарынан ақша алу — 0 ₸, бүкіл әлем бойынша банкоматтардан бір күнтізбелік айда 500 000 ₸ дейін ақша алу тегін, ал одан жоғары соманы үшін алынатын ақша сомасынан 2% мөлшерінде комиссия алынады, минимум 100 ₸.
 

2026 жылғы 17 ақпаннан бастап ForteBank серіктестік желісінің банкоматтарынан да осындай шарттармен ақша шешіп алуға болады. Енді жалпы Қазақстан бойынша 872 құрылғы бар, сондықтан банкомат табу бұрынғыдан да оңай.


Қосымша және хабарламалар
Қазір біз картаны негізінен тек қосымша арқылы қолданып жүрміз. Сондықтан күн сайын пайдаланатын функцияларға назар аударыңыз: әр операция туралы тегін хабарламалар, шығындарды талдау, қызметтер үшін төлем жасау, QR арқылы төлем жасау, картаны бірден бұғаттау және түсінікті үзінді көшірме.

blog_banner_transfer-kz

Комиссиясыз аударымдар мен төлемдер

Коммуналдық қызметтерді, салықтарды және айыппұлдарды төлеңіз

Жақындарыңызға ақшаны кез келген банк карталарына тегін аударыңыз

Шоттарға 24/7 қол жеткізу

blog_banner_transfer-kz


Картаны рәсімдеу тәсілі
Көбісі бұған назар аудармайды. Кейбір карталар бірнеше минут ішінде онлайн ашылады, ал басқаларын тек бөлімшеге барып ашуға болады. Мысалы, Arna картасын тікелей қосымша арқылы ашуға болады, ал Tañ картасы жеке куәлік бойынша бөлімшеде ғана рәсімделеді. Артық уақыт жұмсап, бөлімшеге бекер бармас үшін бұл ақпаратты алдын ала нақтылап алыңыз.


Қосымша және премиум артықшылықтар
Саяхат кезіндегі сақтандыру, бизнес-залдарға кіру және консьерж қызметі — пайдалы артықшылықтар, бірақ олардың бәрі сізге қажет болмауы мүмкін. Сондықтан оларды өз қажеттіліктеріңізге қарай бағалаңыз: егер жылына бір рет саяхаттасаңыз, premium-сервистер үшін төлеу тиімді болмайды. Ал жиі саяхаттасаңыз, дәл осы артықшылықтар карта таңдауда маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Home Credit Bank-тің дебет карталары

Показ изображения imageArticle

 

КартаСценарийҚызмет көрсетуКешбэкМаңызды шарттар мен рәсімдеу тәсілі
ArnaКүнделікті сатып алулар, такси, коммуналдық қызметтер, аударымдар0 ₸5%-ға дейін: 1% әрқашан, +2% қалдық үшін, +2% депозит үшін; 5% такси және қосымшада коммуналдық қызметтерді төлеу үшінАйына 15000 бонусқа дейін. Қосымшада онлайн және бөлімшеде
TañЗейнетақы түсімдері және күнделікті шығындар0 ₸Бірінші зейнетақыдан кейін бір жыл бойы дәріханаларда 10%, кейін 3%; басқа сатып алуларға 3%Кредитті төлеу үшін бонус. Тек бөлімшеде рәсімделеді
TauПремиум сервситер және саяхат0 ₸Барлық сатып алуларға 5%, айына 100 000 бонусқа дейінКем дегенде 550 000 ₸ жұмсаған кезде бизнес-залдарға кіру. Картаны шығару үшін кем дегенде 15 000 000 ₸ және VIP мәртебесі қажет

* Шарттар 24.07.2026 ж. жағдай бойынша өзекті болып табылады және өзгеруі мүмкін. Ағымдағы тарифтерді home.kz сайтында тексеріңіз.

 

Күнделікті шығындарға арналған Arna картасы
Күнделікті шығындарға арналған әмбебап карта. 5% такси және қосымшада коммуналдық қызметтерге төлем жасау үшін қайтарылады. Қосымша шарттар жоқ. Қалған сатып алуларға — 5%-ға дейін кешбэк: 1% әрқашан есептеледі, картада 100 000 ₸ қалдық болған кезде қосымша 2%, ал өткен айда депозиттерде кем дегенде 500 000 ₸ болса, тағы 2% есептеледі. Айына 15 000 бонусқа дейін алуға болады.

Бір клиент бір Arna картасын аша алады: виртуалды картаны қосымша арқылы бірнеше минутта, ал пластикалық картаны бөлімшеде рәсімдеуге болады.


Tañ — зейнеткерлерге арналған карта
Нақты өмірлік жағдайға арналған карта. Картаға бірінші зейнетақы келіп түскеннен кейін бір жыл бойы дәріханаларда 10%, кейін 3%; басқа сатып алуларға 3% кешбэк есептеледі. Кредитті уақтылы төлегені үшін бөлек бонус бар. Карта жеке куәлік бойынша бөлімшеде рәсімделеді.


Tau премиалды картасы
Премиум сервистерді пайдаланатын адамдарға арналған карта Барлық сатып алуларға 5% кешбэк есептеледі. Айына 100 000 бонусқа дейін алуға болады. Карта бойынша бір ай ішінде кем дегенде 550 000 ₸ жұмсалса, бизнес-залдарға кіруге болады. Оны шығару үшін депозиттер мен облигацияларда кем дегенде 15 000 000 ₸ және VIP мәртебесі қажет. Бұл әмбебап карта емес: шарттар орындалмаса, осы артықшылықтардың пайдасы болмайды.
 

Жалақыны кез келген банктің картасына алуға болады. Ол үшін карта деректемелерін бухгалтерияға тапсыру қажет.
 

Ақша жинайтын болсаңыз, ол үшін картаны пайдалану тиімсіз. Өйткені картада жатқан ақшаны жұмсап алу қаупі өте жоғары. Жинақ ақшаны күнделікті шығындарға жұмсалатын ақшадан бөлек ұстаған жөн. Ол туралы «Табыс аз болған кезде ақшаны қалай жинауға болады» мақаласынан оқыңыз 

Нақты жағдайға сәйкес келетін картаны таңдау

Күнделікті төлемдерге арналған негізгі карта
Егер сізге барлық жерде төлеуге жарайтын карта қажет болса, базалық кешбэк мен оның шарттарына қараңыз. Бұл жағдайда пайыз тек жекелеген санаттарға емес, барлық жағдайда есептелетін және бонустардың ай сайынғы лимиті нақты көрсетілген картаны таңдаған дұрыс.
 

Зейнеткерлерге арналған карта
Негізгі тұрақты түсіміңіз зейнетақы болса және дәріханаларға жиі барсаңыз, дәріханаларда жоғары кешбэк беретін, бөлімшеде оңай рәсімделетін картаны қарастырыңыз. Бұл жағдайда премиум сервситер емес, түсінікті шарттар мен зейнетақыны алудың ыңғайлы болғаны маңызды.


Премиалды карта
Премиалды карта оның мүмкіндіктерін тұрақты пайдаланған жағдайда ғана тиімді. Мысалы, жиі саяхаттап жүрсеңіз, бизнес-залдарға кірсеңіз, сапар кезінде сақтандыру мен консьерж қызметін пайдалансаңыз мұндай карталарды ашқан дұрыс. Егер мұндай қажеттіліктеріңіз болмаса, премиум мәртебенің өзі қосымша пайда әкелмейді, ал картаны рәсімдеу шарттары қатаң болуы мүмкін.


Таксимен жиі жүру және коммуналдық қызметтерді төлеу
Егер такси мен коммуналдық қызметтерге көп ақша жұмсайтын болсаңыз, онда осы санаттарда жоғары кешбэк беретін картаны таңдаңыз. Кешбэктің есептелу шарттарын нақтылаңыз. Мысалы, ол тек банк қосымшасында төлем жасаған кезде ғана түсуі мүмкін. Бұған міндетті түрде назар аудару қажет.


Тұрақты аударымдар
Егер отбасыңызға немесе өз шоттарыңыз арасында ақшаны жиі аударып жүрсеңіз, онда жоғары кешбэктен гөрі ай сайынғы комиссиясыз лимитке назар аударған жөн. Бір ай ішінде қанша аударатынын анықтап, оны карта бойынша белгіленген лимитпен салыстырыңыз.


Қолма-қол ақшаны жиі алу
Егер ай сайын қомақты соманы қолма-қол алатын болсаңыз, сіз үшін ең маңыздысы — комиссиясыз ақша алу лимиті және банкоматтардың қолжетімділігі. Бір айда қанша ақша шешіп алатыныңызды есептеп, оны лимитпен салыстырып көріңіз.

Ешбір картаны ең үздік деп атауға болмайды. Өйткені әрқайсысының өз артықшылықтары бар және ол тек адамның өз қажеттіліктеріне байланысты болады.

Қолма-қол ақша алу және аударымдар

Қолма-қол ақша алу мен аударымдарға есептелетін комиссияға байланысты артық шығынға ұшырап қалу оңай. Оларды Arna картасы негізінде қарастырып көрейік.

 

ОперацияArna картасының шарты
Home Credit Bank банкоматтарынан ақша алу0 ₸
Әлем бойынша банкоматтардан ақша алуайына 500 000 ₸ дейін — 0 ₸, әрі қарай — 2%, минимум 100 ₸
Телефон нөмірі бойынша ҚР банктеріне ақша аудару0 ₸
Карта нөмірі бойынша ақша аударуайына 1 000 000 ₸ дейін — 0 ₸, әрі қарай — әр аударым үшін 200 ₸

 

 

 

 

 

 

Ескерту егер сіз ақшаны жиі түрде шешіп жүрсеңіз немесе үлкен сомаларды аударып жүрсеңіз, онда тегін лимит таусылғаннан кейін комиссия алынады. Өз нақты сомаларыңыз бойынша есептеңіз, орташа көрсеткіштерге сүйенбеңіз.

23.06.2026 жылдан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу үшін комиссиялар өзгерді. Өзекті тарифтер туралы ақпарат home.kz сайтында қолжетімді. Кесте көрсетілген мәліметтер 24.07.2026 ж. жағдай бойынша өзекті болып табылады.


Операцияларға белгіленген лимиттерді алдын ала біліп алыңыз. Home.kz қосымшасында дебет картасының лимиттерін «Карта бойынша лимиттер» бөлімінде өзгертуге болады. Жаңа лимит үш күн бойы әрекет етеді. Егер карта жоғалса, әрекет ету тәртібі «Карта жоғалған кезде не істеу керек» 

Өзекті шарттарды қайдан көруге болады

Тарифтер, лимиттер және кешбэк өзгеруі мүмкін. Кез келген ақпарат, соның ішінде осы материал да, жарияланған кездегі талаптарды көрсетеді. Картаны рәсімдемес бұрын барлық көрсеткішті бастапқы дереккөзден тексеріңіз.

  • Картаның шарттары, комиссиялар және лимиттер туралы ақпарат home.kz сайтындағы өнім парақшаларында және тарифтер бөлімінде қолжетімді.
  • Кешбэк мөлшері мен ерекшеліктері туралы ақпаратты тиісті картаның шарттарынан көруге болады.
  • Қызмет көрсетудегі өзгерістер туралы банк жаңалықтарынан білуге болады.

    Ескі ақпаратқа сүйенбеңіз: мысалы, 23.06.2026 ж. бастап ағымдағы шоттардан ақша алу комиссияларды өзгерді. Ағымдағы тарифтерді home.kz сайтында тексеріңіз.
     

Жиі кездесетін қателер

 

ҚатеНеліктен кедергі боладыНе істеу керек
Картаны тек максималды кешбэк мөлшері бойынша талдауСанға қарап, оның шарттарына назар аудармауПайызға ғана емес, алдымен оның шарттарына қарап, оларды тексеріп алыңыз
Бонустардың айлық лимитін білмеуКешбэк шексіз деп ойлауКешбэк лимиттерін біліп, оны өз шығындарыңызбен салыстырыңыз
Аударымдарға қойылған лимиттерге назар аудармауАқша аудару комиссияларына артық ақша жұмсау оңайКомиссиялар мен тегін лимитті біліп, оларды өз шығындарыңызбен салыстырыңыз
Ақша алуға қойылған лимиттерге назар аудармауҚолма-қол ақша қазір керек емес сияқты көрінедіӨзіңіз бір айда қандай соманы шешіп жатқаныңызды анықтап, оны лимитпен салыстырыңыз
Премиум картаны тек мәртебесі үшін рәсімдеуКартаның мәртебесі оның пайдасын арттырады деп көрінедіПремиалды сервистерді іс жүзінде қаншалықты жиі пайдаланатыныңызды бағалаңыз
Картаны рәсімдеу тәсілін нақтыламауКартаның онлайн немесе бөлімшеде ашылуы туралы ең соңғы кезекте білуКартаның қалай ашылатынын біліп алыңыз
Ескі ақпаратқа сүйенуТарифтер мен шарттар өзгередіКартаны ашпас бұрын оның шарттарын home.kz сайтында қараңыз

 

Картаны рәсімдеу алдындағы чек-парақ

Өтінім бермес бұрын осы тармақтарды қарап шығыңыз — шамамен он бес минут уақытыңыз кетеді.
 

☐  Картаны не үшін пайдаланатыныңызды анықтау: сатып алулар, жалақы, саяхат, қолма-қол ақша
☐  Картаны шығару және оған қызмет көрсету тегін екенін және қосымша шарттар жоқ екенін тексеру
☐  Кешбэктің неден құралатынын және ай сайын қанша бонус алуға болатынын анықтау
☐  Кешбэк есептелмейтін операцияларды қарау
☐  Аударым комиссияларын өз қажеттіліктеріңізбен салыстыру
☐  Қолма-қол ақша алудың комиссиясыз лимитін тексеру
☐  Операциялар бойынша лимиттерді қарап, қажет болған жағдайда оларды қалай өзгертуге болатынын анықтау
☐  Виртуалды картаның болуы, смартфонмен төлем жасау мүмкіндігін және рәсімдеу тәсілін тексеру
☐  Өз шығындарыңыз бойынша бір айда қанша кешбэк алатыныңызды есептеу
☐  home.kz сайтындағы өзекті тарифтерді тексеру
 

FAQ

Дебет картасын қалай таңдау керек?

Кешбэктен емес, шығындарыңыздан бастаңыз Негізгі мақсатыңызды анықтаңыз. Бұл сатып алулар, жалақы, аударымдар, қолма-қол ақша болуы мүмкін. Содан кейін карталарды сіз үшін маңызды талаптар бойынша салыстырыңыз. Нақты шығындарыңызды анықтап, бір айда алуға болатын пайданы есептеңіз.

 

Күнделікті шығындарға қандай картаны ашқан дұрыс?

Күнделікті сатып алулар үшін картаны таңдаған кезде негізгі кешбэкке және айлық бонустық лимитке қараңыз. Ол үшін Home Credit Bank-те Arna картасы бар. Ол кешбэк пен тегін қызмет көрсетуді ұсынады.

 

Tañ картасы кімге тиімді?

Tañ — бұл зейнеткерлерге арналған карта. Ол бойынша дәріханаларда жоғары кешбэк және кредит төлеу үшін бонус беріледі. Оны бөлімшеде оңай ашуға болады. Ол зейнетақы алу үшін және дәріханаларда көп ақша жұмсайтын адамдарға тиімді.

 

Tau картасы кімге арналған?

Егер сіз жиі саяхаттап жүрсеңіз, бизнес-залдарды ұнатсаңыз және сапар кезінде сақтандырғыңыз келсе, онда Tau премиум картасы сіз үшін тиімді болады. Бұл әмбебап карта емес: оны шығару үшін кем дегенде 15 000 000 ₸ және VIP мәртебе қажет.

 

Тегін қызмет көрсету комиссиялардың жоқ екендігін білдіре ме?

Жоқ. Тегін қызмет көрсету — бұл тек картаның өзіне қызмет көрсету ақысының жоқтығын білдіреді. Лимиттен артық қолма-қол ақша алу және тегін лимиттен асатын аударымдар үшін комиссия бөлек алынады. Оны қосымша тексеру қажет.

 

Шот деректемелерін тұрақты түсімдер үшін пайдалануға бола ма?

Иә. Жалақыны қоса алғанда, тұрақты түсімдер үшін өз шотының деректемелерін пайдалануға болады — ол үшін карта нөмірі мен банк атауы жеткілікті.

 

Неліктен қолма-қол ақшаны алу шарттарын тексеру маңызды?

Себебі қолма-қол ақша алудың тегін лимиті бар, ал одан артық сомаға комиссия есептеледі. Егер сіз үлкен сомаларды шешіп жүрсеңіз, сізге бұл параметрді міндетті түрде тексеру қажет.

 

Неге Home Card туралы ақпарат жоқ?

Банктің сайтында Home Card мұрағаттық карта деп белгіленген, сондықтан ол қолданыстағы карталар қатарына кірмейді. Қолданыстағы дебет карталарының тізімі home.kz сайтында қолжетімді.

Қорытынды

 

Дебет картасын таңдау кезде баннерде көрсетіліп тұрған пайызға ғана емес, оның сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келуіне назар аудару қажет. Бәрін қорытындылайық.
 

  • Картадан емес, өз шығындарыңыздан бастаңыз. Басты мақсатыңызды анықтаңыз.
  • Қызмет көрсету, кешбэк, аударымдар, ақша алу, лимиттер, картаны рәсімдеу тәсілдері және қосымшаның ыңғайлылығы сияқты параметрлерге назар аударыңыз.
  • Кешбэктің шарттарын және айлық бонус лимитін нақтылаңыз.
  • Ерекшеліктерді тексеріңіз.
  • Нақты шығындарыңызды анықтап, бір айда алуға болатын пайданы есептеңіз.
  • Жинақ ақшаңызды бөлек шотта немесе депозитте ұстаңыз.
  • Картаны ашпас бұрын, оның өзекті тарифтерін home.kz сайтынан қараңыз.


Сіз үшін ең тиімді карта — қажеттіліктеріңізге барынша сай келетін карта. Қалғанын қосымшада он минутта баптауға болады.