Кәсіпкерлік жолды бастау — маңызды әрі жауапты қадам. Қазақстанда бизнес бастауға ниетті әрбір адам алдымен келесі сұрақпен бетпе-бет келеді: барлығын нөлден бастап, жеке бренд құру керек пе, әлде дайын бизнес үлгісін — франшизаны сатып алған дұрыс па? Бұл екі жолдың да өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары мен шектеулері бар. home.kz банкі шағын және орта бизнесті дамытудың барлық кезеңінде қолдап, әр тәсілге қатысты сараптамалық пікірлерімен бөліседі.
Франшиза — бұл франчайзер (бренд иесі) мен франчайзи (кәсіпкер ) арасындағы әріптестіктің түрі. Онда дайын бизнес-модельді пайдалану көзделеді. Қазақстанда бұл үлгі коммерциялық концессия шарты арқылы реттеледі. Ол брендті пайдалану құқығын, қолдауды, оқытуды, іске қосудағы көмекті және сапаны бақылауды қамтиды. Франчайзи жүйеге қосылу үшін бір реттік төлем — паушалдық жарна және ай сайынғы роялти — айналымнан пайызды немесе белгіленген соманы төлейді.
Мұндай формат бизнесті оңай бастап кетуге, дәлелденген технологиялар мен бизнес-процестерді қолдануға мүмкіндік береді. Дегенмен, ол қатаң стандарттарды сақтауды талап етеді. Кәсіпкер бұл жағдайда дайын үлгі аясында әрекет етеді — бұл қауіптерді азайтады, бірақ еркін әрекет ету мүмкіндігін шектейді.
Франшиза кәсіпкерлік жолын жаңа бастаған адамға дайын шешімдерді, қолдауды және танымал бренд атауын ұсынады. Алайда бұл жақта бірқатар шектеулер бар: кәсіпкер еркін шешім қабылдай алмайды, роялти төлеуге міндетті және орталықтандырылған маркетинг стратегиясына тәуелді болады. Бұл шектеулер өнімді жергілікті аудиторияға бейімдегісі келген жағдайда қатты сезіледі.
Қазіргі жағдайда бұл кемшіліктерге жаңа тәуекелдер қосылады. Кейбір халықаралық компаниялар, олардың иелері немесе шыққан елдері санкциялық тізімде болуы мүмкін. Мұндай брендпен жұмыс істеу қазақстандық кәсіпкер үшін бірқатар қауіп төндіреді. Беделге нұқсан келуі мүмкін, жеткізілімде қиындықтар туындауы мүмкін, роялтиге байланысты банк төлемдері бұғатталуы мүмкін және т.б. Сондықтан коммерциялық концессия шартына қол қоймас бұрын, франчайзерге қатысты халықаралық санкциялардың қолданылмағанын мұқият тексеру қажет.
Соған қарамастан, Қазақстанда жұмыс істейтін көптеген франшиза үлгілері қысқа мерзімде өзін-өзі ақтап, табыс әкеле бастайды. Сіз белгіленген ережелер мен стандарттарға бағынуға дайынсыз ба, әлде еркін әрекет еткіңіз келе ме? Осыны алдын ала анықтап алу керек.
Жеке бренд құру шығармашылық еркіндікке жол ашады. Кәсіпкер бизнес жоспарды өзі әзірлейді, өнімді өзі таңдайды, маркетинг пен клиенттермен байланысты өзі орнатады. Бұл өз бизнес-идеясын жүзеге асырғысы келетін, ерекше бренд жасағысы келетін және барлық үдерістерді толық бақылауда ұстағысы келетін жандар үшін өте маңызды.
Мұндай еркіндік нарыққа бейімделуге, жылдам өзгерістер енгізуге, жарнамалық акциялар өткізуге және бизнесті өз қарқынымен дамытуға мүмкіндік береді. Бұл жол кәсіпкерлік тәжірибесі бар немесе ұзақ мерзім бойы дамуға күш салуға дайын адамдарға келеді. Сонымен қатар жеке бизнес уақыт өте келе ұлттық деңгейде танымал болып, жаңа жұмыс орындарын ашатын ірі жобаға айналуы мүмкін.
Еркіндікпен бірге үлкен жауапкершілік те келеді. Стартап иесі логотиптен бастап жеткізу жүйесіне дейін барлығын нөлден бастап құруы керек. Бұл — уақытты, қаржыны және күш-жігерді талап ететін процесс. Франчайзерден қолдау болмағандықтан, кәсіпкер қателіктерге жиі тап болуы мүмкін. Дегенмен, home.kz банкі сияқты серіктестердің қолдауымен авторлық жоба да берік негізге ие бола алады. Мұндай жолды таңдаған кәсіпкер өз қателіктерінен сабақ алуға, идеяларды сынауға және ұзақ мерзімді стратегияға сеніп, оған инвестиция салуға дайын болуы тиіс.
Франшиза қаржылық тұрғыда тиімді ме, жоқ па деген сұраққа нақты жауап — тек дұрыс есептеулер арқылы анықталады. Франшиза бастапқы салымды қажет етеді. Мысалы, паушалдық жарна брендке байланысты 1 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін болуы мүмкін. Бұған ай сайынғы роялти, маркетинг шығындары және шарт талаптарын орындау міндеттемелері қосылады.
Ал жеке бренд ашу үшін бизнесті ашуға, визуалды стиль жасауға, жарнамалауға, бизнес-процестерді реттеуге және қызметкерлерді оқытуға инвестиция қажет. Бұның бәріне уақыт бөлуге болады, бірақ тәуекел деңгейі де жоғары болады. Кәсіпкердің өзі идеяларды сынап, клиенттерді тартуы керек. Сондықтан бизнестің өзін-өзі ақтау мерзімі тек бастапқы бюджетке емес, басқарушылық шешімдерге, таңдалған нишаға және нарықтағы бәсекеге де байланысты. Сонымен қатар маусымдық өзгерістер, экономикалық ахуал және аудиторияның жаңа өнімді қабылдауға дайын болуы да маңызды рөл атқарады.
Қазақстанда кәсіпкерлер көбінесе жеке кәсіпкер (ЖК) немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ретінде тіркеледі. Франшиза сатып алу кезінде тараптардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген коммерциялық концессия шарты жасалады. Бұл құжатты мұқият оқу қажет. Шарттағы жауапкершілік, инвестицияларды қайтару және ерекшеліктер бөлімдеріне назар аудару керек.
Маңызды мәселелердің бірі — салық салу тәртібі. Роялти мен паушалдық жарналар салық салынатын базаға кіреді. Сондықтан кәсіпкер салық саласының мамандарымен кеңесіп, барлық міндеттемелерді алдын ала ескергені жөн. Сонымен қатар, салық заңнамасы уақыт өте келе өзгеруі мүмкін екенін де ұмытпау керек — сондықтан бизнес-модельге түзетулер енгізуге дайын болу қажет.
home.kz банкі кәсіпкерлерге арналған кешенді шешімдерді ұсынады, соның ішінде:
- бизнес-шот ашу және оны жүргізу;
- онлайн-банкинг арқылы есеп-айырысу және бухгалтерлік қызметтер;
- бизнесті бастауға арналған кредиттер жақын арада іске қосылады;
- бизнес-жоспарлау және даму кезеңінде клиентті қолдау;
- құжаттар мен есептеулер бойынша онлайн кеңестер.
Бұл қызметтер бизнес бастау кезінде қаржылық ауыртпалықты азайтуға, жиі кездесетін қателіктерден аулақ болуға және стратегиялық міндеттерге назар аударуға мүмкіндік береді. home.kz тарапынан көрсетілетін қолдау сізге шығын құрылымын түсінуге, алдағы инвестицияларды дұрыс жоспарлауға және бизнесті тұрақты дамытуға көмектеседі.
Бұл таңдау көптеген факторларға байланысты. Егер сіз тез нәтиже күтсеңіз және франчайзер ұсынған ережелерге сай жұмыс істеуге дайын болсаңыз — франшиза тиімді нұсқа болады. Ал егер сізге толық еркіндік маңызды болса және соған сай жауапкершілікті өзіңіз көтеруге дайын болсаңыз — жеке бренд құру дұрыс шешім болады.
Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін дайын бизнес-модельмен жұмыс істеу оңай. Дегенмен, сізде нақты идея, команда және қолдау болса, жеке бизнес тиімді нәтиже беруі мүмкін. Ең бастысы — өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды, қаржылық мүмкіндіктеріңізді және амбиция деңгейіңізді дұрыс бағалау.
home.kz банкі қай жолды таңдасаңыз да әрдайым сенімді серіктес болуға дайын. Біз алғашқы идеядан бастап табысты бизнеске дейін Қазақстандағы кәсіпкерлік әлеуеттің дамуына үлес қосамыз. Франшизаны таңдаған кәсіпкерлерге де, нөлден бастаған жандарға да қолдау көрсетеміз.
Жаңа қаржылық мүмкіндіктерден хабардар болу үшін home.kz блогындағы мақалаларды оқыңыз.
Жауап: Home Credit Bank Қазақстандағы кәсіпкерлерге арналған кешенді шешімдерді ұсынады. Олардың қатарына бизнес-шот ашу және жүргізу, есеп-айырысу-кассалық қызмет көрсету, бизнесті бастауға арналған жеңілдікті кредиттер, сондай-ақ құжаттар мен қаржылық есептеулер бойынша онлайн кеңес пен қолдау кіреді. Бұл қызметтер франшиза сатып алған немесе жеке бизнес бастаған кәсіпкерлерге де қолжетімді.
Жауап: Иә, Home Credit Bank клиенттерінің таңдауына қарамастан оларды барлық кезеңде қолдауға тырысады. Қазіргі уақытта банк жеке тұлғаларға арналған кредиттерді ұсынады, ал 2025 жылдың соңына дейін бизнеске арналған кредиттерді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұған банк талаптарына сәйкес франшиза сатып алудағы бастапқы шығындар да кіруі мүмкін.
Жауап: Home Credit Bank кәсіпкерлерге бизнестің бастапқы кезеңіндегі қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі. Ол үшін жеңілдікті есеп-айырысу-кассалық қызметтер мен клиенттерге көмек ұсынылады. Бұл кәсіпкерлерге бастапқы қаржылық қателіктерден сақтанып, шығын құрылымын түсінуге, инвестицияны тиімді жоспарлауға және бизнесті дамытудағы стратегиялық міндеттерге көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Жауап: Иә, Home Credit Bank бизнесті жоспарлау мен оны ары қарай дамыту кезеңінде клиенттерге қолдау көрсетеді. Бұл қолдау қажетті құжаттар мен қаржылық есептеулер бойынша онлайн кеңес, сондай-ақ бизнес жүргізуге арналған білім базасына қол жеткізуді қамтиды. Мұндай көмек кәсіпкерлерге өз ісін дұрыс жоспарлауға, бизнесін сенімді әрі тұрақты дамытуға көмектеседі.