Жұмыстан айырылу — бұл үлкен стресс. Бұл жағдай эмоционалдық күйзеліс тудырып қана қоймай, қаржылық қиындықтарды да айқын сезінуге мәжбүр етеді. Мұндай сәттерде сабыр сақтап, орын алған жағдайды дұрыс бағалап, дұрыс шешімдер қабылдау маңызды.
Бұл мақалада біз қаржылық қауіпсіздік қорының қиын сәттерде сенімді тірегіңіз болатыны, жұмыссыздық уақытын жаңа дағдыларды игеруге қалай жұмсауға болатыны және home.kz-тің қайта қаржыландыру мүмкіндіктерінің сіздің қаржылық жағдайыңызды жақсартуға қалай көмектесетіні туралы айтамыз.
Табысын күрт жоғалтқан әр адам форс-мажор жағдайларына дайын болу үшін қаржылық қордың қаншалықты маңызды екенін біледі. Қаржылық қауіпсіздік қоры — бұл қиын сәттерде сізге қамқор әрі тірек болатын қосымша қаражат.
Қаржылық қауіпсіздік қоры — бұл табыссыз қалған жағдайда ең қажетті шығындарды өтеу үшін жинақталған қаражат. Мұндай жағдайларға жұмыстан айырылу, денсаулық жағдайына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық, экономикалық дағдарыс немесе кез келген басқа күтпеген жағдайлар жатады.
Жұмыссыз қалған адам үшін мұндай қауіпсіздік қоры бұл уақытты барынша тиімді түрде пайдалануға көмектеседі: бірден кез келген жұмысқа шықпай, асықпай өзіне лайық жұмыс іздеп, жаңа дағдыларды үйренуге немесе қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. Қаржылық қауіпсіздік қоры ертеңгі күнге сенімді болуға көмектеседі.
Көптеген адамдар өздерін сенімді сезіну үшін қауіпсіздік қорының мөлшері қандай болу қажет деп сұрайды. Сарапшылар шығындарды 3 айдан 6 айға дейін өтей алатын қордың болуы керек деп кеңес береді.
Мысалы, үш адамнан тұратын отбасы пәтерге, тамаққа және басқа негізгі қажеттіліктерге шамамен 400 000 теңге жұмсаса, онда қаржылық қауіпсіздік қорында 1,2-2,4 миллион теңге болуы тиіс. Ай сайынғы шығындары 200 000 теңге болатын жалғыз адам үшін ол 600 мың-1,2 миллион теңге болуы тиіс.
Қауіпсіздік қорын ақша алу мүмкіндігі бар депозитте немесе жинақ шотында ұстаған дұрыс.
Қауіпсіздік қоры жоқ болса, онда оны қалыптастыру үшін әрекет жасау қажет.
Ең алдымен, өз бюджетіңізді қайта қарастырыңыз: қажетсіз шығындардан, жазылымдардан, бөліп төлеулерден уақытша бас тартыңыз.
Екіншіден, өз активтеріңізді бағалаңыз — егер сізде пайдаланбайтын техника болса, оны сатуға болады немесе пәтерді жалдаудың орнына бөлмені жалдау дұрыс болады.
Артық ақша көп болмаса да, кішкентай сомаларды жинауды бастаңыз. Тіпті 5–10% да сізге қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге көмектеседі.
Жұмыстан айырылу — бұл тек дағдарыс емес, сонымен қатар жаңа өзгерістерге жол ашатын мүмкіндік. Осы уақытты барынша тиімді түрде пайдаланып, жаңа білімді алуға, жаңа дағдыларды игеруге жұмсауға болады.
Қазір бағдарламалау, digital-маркетинг, қаржы талдауы, сатылымдар және т.б. салаларда көптеген тегін онлайн-курстар бар. Бұл салалар Қазақстанда әлі де сұранысқа ие, сондықтан тұрақты табыс табуға көмектеседі.
Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар туралы ұмытпау керек. Қазақстанда жұмыссыз қалған азаматтарға қолдау көрсету бағдарламалары, оның ішінде тегін кәсіби білім алу мүмкіндігі де бар. Олармен gov.kz сайтында танысуға болады.
Қиын сәтте жақындардан көмек сұрауға ұялмаңыз. Өйткені мұндай кездерде қаржылық қолдаумен қатар, эмоционалдық қолдау да маңызды болып табылады.
Кредиттер қаржыға да, күнделікті тіршілікке де әсер ете бастаса, оларды төлеу нағыз қиындыққа айналуы мүмкін. Бұл жағдайда қолданыстағы кредиттердің шарттарын өзгертуге мүмкіндік беретін қайта қаржыландыру құралы көмекке келеді.
Қайта қаржыландыру — бұл бір немесе бірнеше кредитті өтеу үшін ыңғайлы шарттармен жаңа кредитті ресімдеу.
Сонда кредиттік жүктемені азайтып, қолға қосымша ақша алуға, кредит сомасын арттыруға, бірнеше төлемдердің орнына бір ыңғайлы төлем жасауға болады.https://home.kz/loans/refinansirovanie-kreditov
Жұмыстан айырылған кезде қайта қаржыландыру өте тиімді болуы мүмкін. Сонда басқа жұмыс іздеуге немесе оқуға уақыт пайда болады.
Home.kz банкі қайта қаржыландырудың ыңғайлы әрі тиімді шешімдерін ұсынады. Өтінімді онлайн беруге болады, бірақ ақшаны онлайн алу мүмкін емес.
Процесс келесідей өтеді:
Сайтта өтінімді толтыру
Байланыс орталығынан қоңырау күту
Қайта қаржыландыруға өтінімді толтыру
Құжаттарға бөлімшеде қол қою (құжаттарға қол қою үшін курьерді шақыруға болады).
Қаржылық тұрақсыздық кезінде осындай мүмкіндіктерді пайдалану өте тиімді.
Қайта қаржыландыру арқылы ай сайынғы төлемді азайтуға, тиімді пайыздық мөлшерлемеге ие болуға, кредит мерзімін ұзартуға және бірнеше кредиттерді бір кредитке біріктіруге болады. Home.kz ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес егер кредиттік рейтинг жақсы болса, қайта қаржыландыруды жұмыс істейтін адамдар ресімдеуі мүмкін.
Егер кредит үшін төлеу қиын болса, қайта қаржыландыру туралы ойланып, шешімді кейінге қалдырмаңыз. Сарапшылардан кеңес алыңыз.
Жұмыстан айырылу — бұл үлкен сынақ, бірақ дұрыс жолды таңдасаңыз, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға болады.
- Бюджетті қайта қарастырып, шығындарды есептеңіз. Қаржылық қауіпсіздік қоры — бұл сіздің сенімді тірегіңіз.
- Даму жолына қадам басыңыз. Жаңа дағдылар жаңа мүмкіндіктерге жетелейді.
- Қайта қаржыландыруды пайдаланыңыз. Кредит үшін төлеу қиын болса, home.kz банкіне жүгініңіз.
Кез келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаңыз. Қиын кездерде де тұрақтылықты сақтауға көмектесетін құралдар бар. Home.kz банкі сізді кез келген уақытта қолдауға дайын — дұрыс қаржылық шешімдер мен дер кезінде қабылданған әрекеттер болашаққа деген сенімділікті қайта қалпына келтіреді.