• Шарттар
  • Лимиттер
  • Танымал төлемдер
  • Жиі қойылатын сұрақтар
500+

500+

қызмет көрсетуші

1%

1%

кешбэк

Төлем

Төлем

екі секунд ішінде жасау

Төлемдерді қалай жасауға болады

Жылдам әрі ыңғайлы

Шарттар

Home.kz қосымшасында қызметтер мен төлемдер үшін комиссия0 ₸
Кешбэк1%

Бір айдағы санаттар бойынша лимиттер

Мобильді байланыс50 000 ₸ дейін
Коммуналдық қызметтер, ТВ, телефония, интернет, қайырымдылық, білім және басқа қызметтер300 000 ₸ дейін
Электрондық ақша150 000 ₸ дейін
Хабарландыру сайттары, каталог бойынша тауарлар, купондар, жеңілдіктер, билеттер, көлік және туризмшектеусіз
Букмекерлік кеңселер50 000 ₸ дейін

Жиі қойылатын сұрақтар

Home.kz қосымшасында қызмет көрсетушіні қосу үшін өтінімді қалай қалдыруға болады?

«Төлемдер» бөлімінде қызмет көрсетушінің атауын жазыңыз → «Іздеу» батырмасын басыңыз → Егер қызмет түрі табылмаса, «Сұрау жіберу» батырмасын басыңыз → Қызмет көрсетушінің атауын енгізіңіз → «Жіберу» батырмасын басыңыз

Қызмет көрсетушіні «Менің төлемдерім» бөліміне қалай қосуға болады?

Әрбір жасалған төлем автоматты түрде «Менің төлемдерім»→ Соңғы төлемдер бөлімінде сақталады.

Қызметті таңдаулыларға қосу үшін: «Соңғы төлемдер» бөлімінде қажетті қызметті таңдаңыз → Оң жақтағы үш нүктені басыңыз → «Таңдаулыларға қосу» батырмасын басыңыз

Қызмет көрсетушіні «Менің төлемдерім» Таңдаулылар тізімінен қалай алып тастауға болады?

«Төлемдер» бөлімінде «Менің төлемдерім» қойындысын басыңыз → «Таңдаулылар» блогынан қажетті қызметті таңдаңыз → Оң жақтағы үш нүктені басыңыз → «Жою» батырмасын басыңыз

Төлем квитанциясын қалай көруге, сақтауға немесе жіберуге болады?

Оның екі жолы бар:

1. Қызмет үшін төлеңіз → «Сақтау және чекті жіберу» немесе «Операция туралы мәлімет» батырмасын басыңыз → «Бөлісу» қойындысын таңдаңыз

2. Қызмет үшін төлеңіз → «Төлемдер» бөліміндегі жоғарғы оң жақ бұрыштан «Тарих» қойындысын таңдаңыз → Қажетті төлемді табыңыз және оны басыңыз → «Операция туралы мәлімет» немесе «Сақтау және чекті жіберу» батырмасын таңдаңыз → «Бөлісу» батырмасын басыңыз

Квитанцияны телефонда орнатылған кез келген қосымшалар арқылы сақтауға және жіберуге болады

Төлемнің жасалғанын қалай тексеруге болады?

«Төлемдер» бөлімінде «Тарих» қойындысын басыңыз → Қажетті төлемді таңдап, оның мәртебесін көріңіз:

  1. «Төлем орындалды» — төлем қызмет көрсетушінің шотына түсті
  2. «Өңделуде» — қызмет көрсетушінің төлемді растауы күтілуде
  3. «Төлем қабылданған жоқ» — төлем қабылданбай, ақша шотқа қайтып келді. Төлемді кейінірек қайталаңыз немесе деректердің дұрыс енгізілуін тексеріңіз
Автотөлемді қалай баптауға болады?
  1. Қажетті жеткізушіні таңдаңыз
  2. Келесі ақпаратты көрсетіңіз:
    • төлем жасалатын картаны
    • автотөлем сомасын
    • автотөлем мақсатын
    • жиілікті: апта сайын немесе ай сайын
  3. Әрекетті растаңыз

Болды, бәрі дайын!

Автотөлемдердің шарттары қандай?
  • Егер айдың 31-і таңдалса, бірақ ай бұдан қысқа болса, онда төлем айдың соңғы күні жасалынады
  • Автотөлемдердің максималды саны — 20
  • Егер таңдалған апта күні өтіп кетсе, автотөлем келесі аптадан басталады
  • Картада қаражат жеткілікті болған жағдайда, автотөлем 12:00-13:00 аралығында өтеді
  • Клиентке PUSH-хабарламада келеді:
    • Төлем сәтті өтсе
    • Картада қаражат жеткіліксіз болса
    • Провайдер қолжетімсіз болса