Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Салымдардың қыр-сырлары: депозитті ашпас бұрын қазақстандықтар нені білу керек

LSM

Бөлісу

Теңгелік депозиттердің саны өсуде. Home Credit Bank бөлшек сауда қорландыру департаментінің сарапшысы Батыржан Абдрахман салымдар бойынша жоғары кірісті қалай алуға болатыны туралы айтты.

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша осы жылдың наурыз айында банктердегі халықтың салымдары 20,2 трлн теңгеден асты. Депозиттер үлкен сұранысқа ие болғанымен де, қазақстандықтар көбінесе депозиттердің шарттарын толық білмей, олардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланбайды.

Home Credit Bank бөлшек сауда қорландыру департаментінің сарапшысы Батыржан Абдрахман депозитті ашпас бұрын білуге қажет шарттар туралы айтты.

"Салымды таңдағанда банктің рейтингі мен беделін зерттеу өте маңызды, өйткені сіз оған жеке ақшаңызды саласыз. Өзіңізге ең тиімді болатын салымды таңдау үшін әртүрлі банктердің депозиттерін қарастыру қажет", – деп айтты ол Fingramota.kz парақшасының қаржылық сауаттылық туралы тікелей эфирінде.

Home Credit Bank сарапшысының айтуы бойынша әрбір банктің депозит бойынша өз шарттары бар, сондықтан шот ашпас бұрын оларды зерделеу маңызды.

"Депозитті және оның шарттарын толық түсіну үшін мен депозиттерді ашу туралы өтініштердің немесе шарттардың нысандарымен танысуды ұсынамын. Көбінесе олардан таңдалған депозит туралы толық ақпарат білуге болады. Әдетте оларды банк сайтындағы құжаттар бөлімінде табуға болады. Сонымен қатар олармен мобильді қосымшалар арқылы, сондай-ақ банк бөлімшесіне жүгініп танысуға болады. Барлық артықшылықтар мен тәуекелдермен мұқият танысып, сізге ең қолайлы әрі тиімді болатын депозитті таңдауға болады", - деп түсіндірді Батыржан Абдрахман.

Оған қоса Батыржан жоғары мөлшерлемені бекіту тәсілдері туралы айтты.

"Депозитті ашпас бұрын сыйақы мөлшерлемесінің түрін сипаттайтын шартқа назар аударған жөн. Белгіленген мөлшерлеме шарттың бүкіл мерзімі ішінде өзгермейтін пайыздық мөлшерлемені білдіреді. Сондықтан өтініш пен шарт нысандарын алдын ала оқу қажет", – деп атап өтті.

Оған қоса спикер депозиттердің әрбір түрі туралы толығырақ айтты. Оның айтуы бойынша ақша толықтыру және ішінара алу мүмкіндігі бар және жоқ салымдар болады. Сонымен қатар пайыздар жеке шотқа есептелетін депозиттер, сондай-ақ арнайы депозиттер бар.

Сарапшы қазіргі уақытта Home Credit Bank-те қолжетімді күнделікті капиталдандыру бар салымдарды мысалға келтірді.  

"Сыйақы депозиттің негізгі сомасына ғана емес, сондай-ақ пайыздарға да есептеледі. Мысалы, клиент күнделікті капиталдандырумен 100 мың теңгеге депозит ашты деп айтайық. Яғни клиент ақшаны депозитке салғаннан кейін банк сыйақыны бірден есептей бастайды. Ол дегеніміз келесі күні банк оны есептеп, бірден төлейді. Мысалы, бірінші күні сыйақы 100 теңге болса, онда келесі күні пайыз 100 мың теңге сомасына емес, 100,1 мың теңгеге есептеледі", – деп түсіндірді Батыржан.

Заң бойынша депозиттерді кез келген адам ашуы мүмкін. Сондықтан оны тіпті кәмелетке толмаған тұлғаға да ашуға болады. Бірақ ол қаржы институтына байланысты болады.

ҚДКБҚ жинақ салымдар бойынша 20 млн теңгеге дейінгі сомаға және депозиттердің басқа түрлері мен ұлттық валютадағы карталар бойынша 10 млн теңгеге дейінгі сомаға кепілдік береді. Ал шетел валютасындағы салымдарға 5 млн теңгеге дейінгі сомаға кепілдік беріледі. Бұл ҚДКБҚ депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерге ғана қатысты болады.

Сарапшының айтуы бойынша Қазақстан резиденттерінің салымдарына салық салынбайтынын атап өтті. Бірақ бейрезиденттер салымдар бойынша алынған табыстан салықтар төлейді.

Депозиттер бойынша мөлшерлемелердің ай сайын қалай өзгеретіні туралы Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлайды. Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айында екі банк мерзімсіз салымдар шарттарын жақсартты. Home Credit Bank те олардың қатарында болып, икемді депозиттер бойынша мөлшерлемені 14,5%-дан 15%-ға дейін көтерді.  

Home Credit Bank ақшаны тек салымдарға ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздарға да салуға мүмкіндік беретінін бөлек атап өтеміз. Мысалы, ақшаны жоғары кірісті әкелетін банктік депозиттік сертификатқа салуға болады. Өнімді банктен сатып алуға болады және ол бойынша ағымдағы шот немесе дебет картасына күн сайын сыйақы есептеледі. Депозиттік сертификаттардың бір түрі бойынша оны кері сатып алу мүмкіндігі бар. Банк оны клиенттен кез келген уақытта қайта сатып алуы мүмкін. Бірақ клиент сонда да өз сыйақысын жоғалтпайды. Қазіргі уақытта депозиттік сертификаттар желісі банктік кеңселерде де, Home Credit Bank мобильді қосымшасында да ұсынылған.

30.04.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

Kapital.kz

HomeCredit Bank-тің Tau картасы: премиум сервис және жоғары кешбэк

Депозитте қандай сома болуы қажет және одан қалай пайда алуға болады? Қазір қазақстандық

Forbes Kazakhstan

Home Credit Bank Қазақстандағы бизнесті кеңейтуде

Неліктен Банктің еуропалық акционерлері Қазақстанның болашағына, банк нарығының өсуіне және HCB

Stan.kz

Үш рет басып депозит ашуға, несие алуға болады: Home Credit Bank жаңа қосымшасын іске қосты

Home Credit Bank қарапайым азаматтардың қалауын ескеретін жаңа қосымшасын іске қосты. Адамдар