Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Астанада жедел жәрдем қызметкерлері Home Credit Bank ұсынған қысқы униформа алды

Астанада 1110 жедел жәрдем қызметкері Home Credit Bank ұсынған қысқы жылы формамен қамтамасыз етілді. Банк тарапынан дәрігерлерге осындай демеушілік қолдау көрсету дәстүрге айналған. 

Елорданың қытымыр ауа райында дәрігерлер үшін жылы киім өте маңызды. Home Credit Bank-тен қолдау ретінде Астанадағы жедел жәрдем қызметкерлеріне униформа тегін таратылды. Оның ішінде 800-ден астам дәрігер, 300-ден астам жедел жәрдем жүргізушісі үшін қысқы форма жинақтары бар. Келесі кезеңде жазғы және күзгі формалар беріледі. 

Елордалық дәрігерлерді, фельдшерлерді, жедел жәрдем жүргізушілерін жаңа формамен қамтамасыз ету туралы шешім қаңтар айында болған оқиғалардан кейін шығарылған. Оның үстіне жедел жәрдем басшылары бірнеше жыл бойы өзгермеген форманы жаңарту керек екенін айтқан. 

2022 жылы Home Credit Bank Алматының жедел жәрдем қызметкерлеріне арнайы форманың 2000 жазғы және 3000 қысқы данасын жіберген. Дәрігерлерді қолдау – қазақстандық Home Credit Bank кіретін Home Credit халықаралық қаржы тобының ESG-стратегиясының бір бөлігі. 

ESG тәсілі әлемдік трендке айналды, мұндағы: E – Environment – қоршаған ортаға қамқор болу, S – Social – әлеуметтік жауапкершілік, G – Governance – жауапты корпоративтік басқару. 

Астана қаласының Жедел жәрдем қызметі директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Бота Сәдетхан медицина қызметкерлері үшін униформаның сапасы мен жайлылығы өте маңызды екенін атап өтті: "Астана қаласының жедел жәрдем дәрігерлері атынан Home Credit Bank-ке алғыс айтамыз. Жұмысымыз оңай болмағандықтан, жедел жәрдем бригадасының заманауи формасы тек ыңғайлы әрі функционалды болып қана қоймай, бірқатар талапқа сәйкес келуі де маңызды: қауіпсіздік үшін жарық шағылыстырғыш жолақтарының болуы, су өткізбеуі, сондай-ақ жиі дезинфекциялау кезінде тозып кетпей, ұзақ қызмет ететіндей сапалы болғаны абзал. Home Credit Bank сыйға тартқан жаңа киім осы параметрлерге жауап береді, әр қалтасы, әр түймесі ойластырылып жасалған. Қызметкерлерімізге жайлы болады деп үміттенемін", – дейді Бота Сәдетхан. 

Дереккөз: nur.kz

02.02.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

Kapital.kz

HomeCredit Bank-тің Tau картасы: премиум сервис және жоғары кешбэк

Депозитте қандай сома болуы қажет және одан қалай пайда алуға болады? Қазір қазақстандық

Forbes Kazakhstan

Home Credit Bank Қазақстандағы бизнесті кеңейтуде

Неліктен Банктің еуропалық акционерлері Қазақстанның болашағына, банк нарығының өсуіне және HCB

Stan.kz

Үш рет басып депозит ашуға, несие алуға болады: Home Credit Bank жаңа қосымшасын іске қосты

Home Credit Bank қарапайым азаматтардың қалауын ескеретін жаңа қосымшасын іске қосты. Адамдар