Хоум Кредит банкі Алматы қаласының жедел жәрдем қызметіне қысқы форма сыйға тартты

Бөлісу

Қараңғыда көрінуі үшін қызметкерлердің костюмдеріне арнайы шағылыстыратын лента да тігілмек.

"Жедел жәрдем қызметкерлерінің киім үлгілері қарапайым сырт киімдермен салыстырғанда бірқатар талаптарға сай болуы шарт. Олар сапалы, жуудың көптеген циклдарына, сондай-ақ химиялық және термиялық өңдеуге төзімді, қан мен су тез кететін және қызметкерлердің еркін қозғалуы үшін ыңғайлы болуы керек. Бұл тұрғыда сыртқы эстетикалық көрініс те маңызды. Дәрігерлер жинақы көрініп, арнайы қызметтің басқа өкілдерінен ерекшеленіп тұруы қажет. Home Credit Bank-ке қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Форма жоғарыда аталған талаптарға толық сәйкес келеді және біздің қызметкерлерге ыңғайлы екеніне сенімдімін", - деді Ербол Сәрсенбаев.

Бұл биылғы демеушілік көмектің екінші бөлігі. Көктемде Home Credit Bank қызмет көрсетуші персоналдардың жазғы формасының 2000 жиынтығын тігіп берген.

"Біздің жаңа даму стратегиямызға сәйкес "Біз көмектесуге әрқашан қуаныштымыз!" Алматылық жедел жәрдемге қолдауды бірінші рет беріп отырған жоқпыз. Болашақта да көмек беру жалғасын табатынына сенімдіміз. Ержүрек дәрігерлер тәулік бойы, күн сайын қала тұрғындарына көмектесу үшін түрлі тәуекелдерге барып, көп нәрсені құрбан етеді. Қысқы форма олардың еңбек жағдайын ыңғайлы ету үшін жасалған аз ғана қадам. Ал сол жылы да ыңғайлы киінген дәрігерлер, фельдшерлер мен жүргізушілердің арқасында кем дегенде бір адамның өмірі сақталса, біз жасаған үлесімізді табысты деп санаймыз", - деді "Home Credit Bank" АҚ басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Халықаралық Home Credit Bank-тің қазақстандық бөлімі өз қызметінде экологиялық, әлеуметтік және басқару принциптерін (ESG) қарқынды түрде ұстанады. Home Credit ESG тәжірибесінің негізгі бағыттары қоршаған ортаға қамқорлық жасау, қауымдастықтарға көмектесу, қызметкерлерге әділ және жауапты несие беріп, қаржылық қамту болып табылады. Home Credit Group 2021 жылы 50-ден астам қауымдастыққа көмек көрсету бастамаларына 1,3 миллион доллар қаржы бөлді. Home Credit топ-менеджерлері ESG қағидаттарын дүние жүзіндегі бизнеске жауапты іскерлік тәжірибені дамытуда ыңғайлы құрал деп санайды.

23.12.2022

Бөлісу

Басқа мақалалар