Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Үш рет басып депозит ашуға, несие алуға болады: Home Credit Bank жаңа қосымшасын іске қосты

Home Credit Bank қарапайым азаматтардың қалауын ескеретін жаңа қосымшасын іске қосты. Адамдар үйінен шықпай-ақ, жаңа қосымша арқылы ақшаларын лезде аударады, қауіпсіз жерде сақтай алады және қаржыға қатысты түрлі кеңес алады. Банк өкілдері қолданбасын Алматыдағы Event Space-те өткен іс-шарасында таныстырды. Stan.kz агенттігі іс-шараға барып, қосымшаның жаңа мүмкіндіктерін біліп қайтты. 

Home Credit Bank-тың басқарма төрағасы Кирил Бачваровтың айтуынша, Home.kz қосымшасының жаңа нұсқасы ерекше әдіс арқылы жасалды. Қосымша іске қосылмас бұрын оны қарапайым қолданушылар мен банк қызметкерлері тестілеп, өзінің сын-пікірін айтқан. Қосымшаны әзірлегендер ол адамдарға ыңғайлы болуы үшін 1000-нан астам рет өзгерткен. Қосымшаны жасауға жалпы төрт ай кеткен. Сол себепті де банк “Болашақты бірге құрамыз” деген тіркесті ұраны еткен. 

"Біздің мобайл қосымшамызды қолданатындардың саны күннен-күнге артып келеді. Пайдаланушыларымыз транзакцияларды тез әрі жеңіл жасай алуы үшін қосымшамызды жаңарттық, сонымен бірге заманауи стек пен микрожүйе архитектурасы арқылы жаңа Home.kz мобайл банкін әзірледік. Home.kz біздің клиенттер үшін пайдалы және сенімді қаржы құралы болады деп үміттенеміз, өйткені қосымша оларға жеке мақсаттарына жетуге көмектесу үшін жасалған”, – дейді Home Credit Bank-тың басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Банк жаңа қосымшасын іске қоспас бұрын оны 9000 адам тестілеп көрген. Соның бірі – 22 жастағы Захар Маркелов. Өзінің айтуына қарағанда, Home Credit Bank картасы мен қосымшасын қолданып жүргеніне бір жыл болды. Ол қосымшаның осы күнге дейін болған ыңғайсыз тұстарын айтып, оны жақсартуға көмектескен. 

Шыны керек, қосымшаның бұрынғы нұсқасы өте қарабайыр болды. Транзакциялар да кесте-кесте болып тұратын, ақша да сәл баяу аударылатын. Мәселен, дүкенде бір зат сатып алып, төлейін десең, 30 секундтай күтіп тұруың керек. Бұл уақытыңды алатын және ыңғайсыз еді. Жаңа қосымшаны тестілегенде осының бәрін айттым. Банк бәрін ескерді. Қазіргі жаңа қосымша жақсарған. Екі секундта қаражатыңызды қалаған жеріңізге аударуға болады. Сосын бұрын ақша аудару үшін қосымшаның бір бетінен екінші бетіне кіріп, іздеп отыру керек еді. Қазір сондай қадамдардың санын қысқартыпты. Шұғыл аударатын кезде қосымшаның ішін парақтап отырудың қажеті жоқ”, – дейді Захар Маркелов. 

Банк өкілдерінің және оны тестілеп көргендердің айтуынша, жаңа қосымшаның бірқатар артықшылығы бар.

Қосымшаға тіркелу оңай 

Home.kz қосымшасына тіркелу оп-оңай. Қолданушы телефон нөмірі және ЖСН нөмірі арқылы ғана тіркеледі. Оған қоса қолданушы өзі екенін растау үшін құжаттарын немесе оның көшірмесін суретке түсіріп дәлелдеп отырмайды. Барлық құжат мемлекеттік базадан автомат түрде алынады. Банк қосымшаға қоятын құпиясөзді де барынша қысқа етіп жасаған. Ал қысқа құпиясөзді адам тез есінде сақтап қалады.

Интерфейсі ыңғайлы

Жаңа қосымшаның интерфейсінің дизайны “минимализм” стилінде жасалған. Онда банк қызметтері өте жинақы орнастырылған және жылы түстер таңдалған. Мұндай интерфейс көзге тартымды әрі оны қолдану жеңіл. Себебі адам өзіне қажет қызмет түрін тез таба алады. Сонымен бірге енді адам қосымшаның басты бетіне өзіне қажет қызмет түрлерін шығарып қоюына болады. Ал көп қолданбайтынын алып тастауға мүмкіндігі бар. Қолданушы интерфейс түсін де өзгерте алады. Бұл көзі нашар көретін азаматтарға ыңғайлы.

Ақшаны тез аударуға болады

Енді адам шотындағы ақшаны қосымша арқылы бұрынғыдан да тез аудара алады. Оған қоса ақшасын жиі аударатын жақындарының нөмірі сақталып, көзге көрінетін жерде тұрады. Ал басқа банк картасына қаражат аудару үшін банк картасының нөмірін қайта-қайта теріп отырмайды. Бір рет жазып қойса, қосымшада сақталып тұрады. 

Үш рет қана басып депозит ашуға, несие алуға болады 

Жаңа қосымшада үш рет қана басып, депозит ашуға, несие алуға мүмкіндік бар. Қосымшадағы калькулятор есептеп, қолданушыға ыңғайлы депозит түрін таңдап береді. Ал несие алғысы келетіндер қосымшаға түрлі соманы жазып, банктың қанша қарыз бере алатынын тексеріп отырмайды. Себебі қосымшадан бірден банктың адамға қанша соммаға дейін несие бере алатыны шығады. Банк қолданушыға несие беруден бас тартса, не үшін бермегенін түсіндіріп береді және несие тарихын жақсартуға қатысты кеңесін бөліседі. Бұған қоса жаңа қосымшада инвестиция, қаржы сауатына да қатысты пайдалы ақпарат бар.

Цифрлық құжаттар бар 

Қолданушы қосымшадан күнделікті өмірде қажет болатын құжаттарының цифрлық нұсқасын ала алады. Енді мемлекеттік базаға кіріп жүрудің, құжаттың қағаз нұсқасын арқалап жүрудің қажеті жоқ. Адам тек жеке куәлігі мен паспортын ғана емес, зейнетақы жарнасы, көлік жүргізушісі куәлігін, біліміне, отбасына қатысты құжаттарды алуға мүмкіндігі бар. 

Қаржыға қатысты операциялар туралы толық есеп алады

Жаңа Home.kz қосымшасы арқылы клиенттер өздерінің қаржы операциялары туралы толық есеп алады. Қолданушы арнайы сүзгі арқылы кез келген транзакциясын оңай табады. Тіпті бұрын жасаған аударымының чегін ала алады. Сондай-ақ әр транзакциядан түскен бонустарын нақты көріп отырады. 

Home.kz қосымшасын тек банк клиенті ғана емес, басқалар да және шетел азаматтары да қолдана алады.

Дереккөз: stan.kz

27.06.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

Kapital.kz

HomeCredit Bank-тің Tau картасы: премиум сервис және жоғары кешбэк

Депозитте қандай сома болуы қажет және одан қалай пайда алуға болады? Қазір қазақстандық

Forbes Kazakhstan

Home Credit Bank Қазақстандағы бизнесті кеңейтуде

Неліктен Банктің еуропалық акционерлері Қазақстанның болашағына, банк нарығының өсуіне және HCB

Stan.kz

Үш рет басып депозит ашуға, несие алуға болады: Home Credit Bank жаңа қосымшасын іске қосты

Home Credit Bank қарапайым азаматтардың қалауын ескеретін жаңа қосымшасын іске қосты. Адамдар