HCB Business цифрлық банкі World Business Outlook халықаралық қаржы басылымында "The fastest app development for entrepreneurs in Kazakhstan 2024" ("Қазақстандағы кәсіпкерлерге арналған қосымшаның ең жылдам әзірленуі 2024") номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Мұнда қазылар алқасы жыл сайын бизнестің инновациялық технологиялық шешімдерін әзірлеу мен енгізуде керемет нәтиже көрсететін компаниялар мен командаларды таңдайды.
World Business Outlook басылымы небәрі алты айдың ішінде Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкті жасаған HCB Business командасының инновациялық тәсілдері мен жоғары жұмыс жылдамдығын атап өтті.
"ШОБ-қа арналған қосымшаны әзірлеу кезінде біздің алдымызда қысқа мерзімде ыңғайлы, түсінікті және шын мәнінде пайдалы банк жасау міндеті тұрды. Біз кәсіпкерлердің сұранысы мен қажеттіліктерін ескеріп, түсінікті интерфейс жасадық. Сондай-ақ дұрыс шешімдер мен қызметтерді енгізіп қана қоймай, оған қоса кәсіпкерлерге күнделікті қаржылық операцияларды тез әрі ыңғайлы түрде жүргізуге мүмкіндік беруді мақсат еттік. Мұндай марапатқа ие болу HCB Business командасының техникалық біліктілігін ғана емес, сонымен қатар оның нарықтың өзгеруіне тез бейімделу, күрделі тапсырмаларды тиімді түрде шешу және қойылған мақсаттарға тез жету қабілетін растайды. Біз оны жарты жыл ішінде жасадық. Кейбір компанияларға мұндай нәтижеге жету үшін бірнеше жыл қажет болуы мүмкін", - деді HCB Business командасының басшысы Дамир Какиев.
2023 жылдың қаңтар айында Home Credit Bank шағын және орта бизнес үшін цифрлық Банктің әзірленетінін жариялады. Ал тамыз айында оны іске қосты. Бастапқыда қызмет тек жеке кәсіпкерлерге ғана қолжетімді болды. Ал қазір оны ЖШС де қолдана алады. Сонымен қатар HCB Business қосымшасында онлайн-бухгалтерия, валюталық келісімшарттар, тауарды мерчант кабинетінде қайтару және басқа да қызметтер пайда болды.
Қазір Home Credit Bank-тің шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкі кәсіпкерлерге Қазақстан бойынша жұмыс істеу үшін daily-banking операцияларын ғана емес, оған қоса шетелдік әріптестермен ынтымақтастық үшін сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) жүргізуді де ұсынады. Банк СЭҚ процестерін жеңілдетті, сондықтан барлық операцияларды онлайн жасауға болады. HCB Business пайдаланушыларына жаңа валюталық келісімшартты тіркеу немесе басқа банктен келісімшартты ауыстыру қызметі қолжетімді. Қазір доллар мен еуро операцияларынан басқа, қосымшада рубльдер де қолжетімді. Өйткені Ресей Қазақстанның ірі серіктестерінің бірі.
HCB Business қосымшасында келісімшартты тіркеу үшін ресей рублімен шығыс аударым жасауды таңдау керек. Рубльмен аударым жасау туралы өтінішті PDF форматында жүктеуге және жіберуге болады. Қосымшада шығыс валюталық төлем туралы SWIFT-растауды жүктеуге болады. Сондай-ақ қосымшада валюталық операциялар кодтарының онлайн-анықтамалығы және рубльмен аударым үшін тізімнен контрагентті таңдау мүмкіндігі бар. Валютаны айырбастау маржасы төмен.
Дереккөз: stan.kz