Тегін аударымдар, ақша алу және бонустар. Жаңа Home Card туралы не белгілі?

Бөлісу

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ-де сатып алулар үшін картамен төлеу арқылы қалай табыс алуға болатынын айтып берді.

Жыл сайын Қазақстан банктерінің карточкалық өнімдері жаңа әрі қызықты мүмкіндіктерді ұсынады. Алайда, мысалы, сатып алу кезінде жоғары кэшбэк тек банктің серіктестері арқылы картамен операция жасағанда ғана беріледі. «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ картамен төлем жасайтын кез келген жерде табыс алуға болатын Home Card дебет картасын әзірледі. «Kapital.kz» бизнес-ақпарат орталығының тілшісіне берген сұхбатында банктің Басқарма мүшесі және Маркетинг департаментінің директоры Кирилл Бачваров Home Card көмегімен максималды пайда алу жолдарын айтып берді.

— Карточкалық нарықта қазір қандай трендтер орын алып жатыр? Картадан қолма-қол ақша алу көлемінің үлесі азаю тенденциясы бар ма?

— Карточкалық нарықта қазір қолма-қол ақшасыз төлемдер саны өсіп келе жатыр. 2019 жылғы 1 шілдеде қолма-қол ақшасыз төлемдер саны мен көлемі 2,2 есе өсті. Жылдың басынан бастап Қазақстанда жалпы сомасы 1 036,6 млрд теңгеге 93,3 млн операция жасалды. Қолма-қол ақша алу операциялары 41,3% өсті (+33,6 млн операция), ал операциялар көлемі 23,7% артты (1 465,7 млрд теңге).

2018 жылғы шілдеде қолма-қол ақша алу операцияларының үлесі картамен жасалатын барлық операциялардың 72%-ын құраса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 59%-ға төмендеді.

 

— 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылдың басынан бастап картамен жасалатын операциялар саны қанша пайызға өсті? Сіздің банкте карточкалық бизнес бойынша айналымдарыңыз қаншалықты өсті?

— Біздің банктің карточкалық бизнес бойынша айналымдары нарық көрсеткіштеріне қарағанда динамикалық түрде өсуде. 2019 жылғы шілдеге қарай банк өнімдері бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі де, саны да өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есе өсті.

 

— Қазіргі уақытта банктер карталық айналымдарды бонустар мен кэшбэктер арқылы арттыруда. Сіздің ойыңызша, бұл механизмдер қаншалықты тиімді? Нарықта бонустар мен кэшбэктің мөлшері қандай аралықта өзгеріп отырады?

— Біздің банкіміздің клиенттері бонустарды белсенді түрде жинайды және пайдаланады. Кэшбэк берілетін карта күнделікті сатып алулар үшін тартымды өнім болып табылады. Ол күнделікті төлемдерден пайда алуға мүмкіндік береді және қаражат сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ картаны пайдалану оңай.

Қазіргі таңда Қазақстан банктері кейбір серіктестермен акция жүргізу кезінде 1%-дан 15%-ға дейін кэшбэк ұсынады. Алайда көбінесе мұндай жоғары кэшбэк тек белгілі бір акция кезеңінде белгілі бір серіктеспен транзакция жасаған кезде есептеледі.

 

— Мен білуімше, сіздің банкіңіз жақында жоғары бонустар жинауға болатын Home Card картасын іске қосты. Картаның ерекшеліктері туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?

— Home Card дебет картасы арқылы әр сатып алудан 5%-ға дейін кэшбэк алуға болады, біздің мобильді қосымшамыз арқылы Қазақстандағы кез келген банктің картасына тегін аударымдар жасауға болады, айына бес рет әлемнің кез келген банкоматынан комиссиясыз қолма-қол ақша алуға болады. Сондай-ақ картаға қызмет көрсету бірінші жылы да, кейінгі жылдары да толығымен тегін. Және де картаны шығару және смс-хабарламалар да тегін.

Карта арқылы байланыссыз төлемдер жасауға болады және ол интернетте тауарлар мен қызметтерді қауіпсіз төлеуге мүмкіндік беретін 3D Secure технологиясымен жабдықталған.

 

— Карта банктің жаңа ұранымен байланысты ма? «Отбасынан отбасына» жаңа слоганында қандай мән бар?

— Иә, Home Card банктің жаңа слоганымен байланысты өнім болып табылады. Картаны жасаған кезде біз «карта бүкіл отбасы үшін ыңғайлы әрі пайдалы болуы тиіс» деген маңызды ережеге сүйендік. Біздің банк жыл сайын өсіп келеді. Банк слоганы да өзгерді. «Отбасынан отбасына» слоганы біздің отбасымыздың мәнін көрсетеді. Біздің барлық қызметкерлеріміздің жақындары бар, біз оларға махаббат, қолдау және қамқорлық көрсетуге тырысамыз. Өнімдерді жасаған кезде біз өзімізге: «бұл өнім біздің жақындарымызға пайдалы бола ма?» және «олар бұл өнімдерді күнделікті пайдалана ала ма?» деген сұрақ қоямыз. Қазіргі уақытта Home Card — шынайы отбасылық жұмыстың нәтижесі және біз оны бүкіл Қазақстандағы отбасылармен бөлісуге қуаныштымыз.

 

— Қазақстан нарығында ұқсас шарттарды ұсынатын карталар бар ма?

— Қазақстанда көптеген банктер кэшбэк жинауға болатын дебет карталарын ұсынады. Home Card максималды кэшбэк алу, басқа банктердің карталарына тегін аударымдар жасау және бонустарды нақты ақша түрінде пайдалану мүмкіндіктерін ұсынады.

 

— Сіздің банкіңіздің картасы қанша тұрады?

— Home Card картасын шығару және оған қызмет көрсету толықтай тегін. Сонымен қатар Алматы қаласының тұрғындары картаны үйге немесе кеңсеге жеткізуді тегін ресімдей алады. Ол үшін банк сайтындағы өтініш толтыру жеткілікті.

 

— Сіздің ойыңызша, карточкалық нарық қалай өзгеретін болады? Қандай технологиялар пайда болуы мүмкін?

— Қолма-қол ақшасыз төлемдер мен операциялар санының өсуі, байланыссыз төлем технологияларының дамуы және қашықтықтан қызмет көрсету көлемінің артуы — карточкалық нарықтың ең ықтимал даму өзгерістері болып табылады. Технологиялар туралы айтқанда, біз күнделікті өмірде қазақстандықтардың «әдеттегі» әрекеттерін өзгертетін мүмкіндіктерді қарастырамыз. Қазіргі таңда Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасы арқылы клиенттеріміз депозит ашу немесе кредит ресімдеуді банктің бөлімшесіне бармай-ақ онлайн түрде жүзеге асыра алады. Сонымен қатар Bill-sharing қызметін атап өту қажет. Ол біздің банк карталарының ұстаушыларынан қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін қаражат сұрауға мүмкіндік береді. Енді түскі асқа төлем жасау үшін даяшыдан бірнеше картадан ақша алуды сұраудың қажеті жоқ, сіз жай ғана достарыңызға шотты бөлу туралы сұрау жібересіз және олардың растауынан кейін қаражат сіздің картаңызға аударылады.

 

Дереккөз: Kapital.kz

09.09.2019

Бөлісу

Басқа мақалалар