Кредит бойынша төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда Клиент мерзімі өткен төлем пайда болған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Банкке баруы/жүгінуі тиіс немесе Home.kz мобильді қосымшасында «Банкке берілетін ресми өтініштер» бөлімінде бекітілген нысан бойынша өтінішті тіркеуі тиіс. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес өтініште кредит шартының(тарының) нөмірін(лерін), кредит бойынша төлем мерзімін кешіктірудің себептерін, табысты және өзге де расталған мән-жайларды (фактілерді) көрсету керек.
Клиент толық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынған жағдайда, Банк оларды қосымша сұратады. Клиент сұратылған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады. Клиент сұратылған құжаттарды ұсынбаған жағдайда Банк өтінішті қараусыз қалдыруға құқылы.
Банк өтінішті оны алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және клиентті:
шарт талаптарында ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;
кредит шартының талаптарын өзгерту бойынша өзінің ұсыныстары туралы;
бас тарту негіздемесі мен себептерін көрсете отырып, кредит шартының талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабардар етеді.
Банк Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда немесе бұл туралы өзара қолайлы шешімге келмеген жағдайда, Клиент Банктің жауабын алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Банкті хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын немесе төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен Клиент өтініш берген кезде Банк Шарт бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етпей кемінде 3 (үш) ай мерзімге ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қабылдайды. Бұл шешім Клиенттің орташа айлық табысы алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 30%-дан (отыздан) артық мөлшерге төмендеген немесе оған атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде қабылданады.
Мерзімі өткен берешек және (немесе) шарт талаптарының өзгеруі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда:
7979 қысқа нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалуға болады;
Home.kz мобильді қосымшасында «Банкке берілетін ресми өтініштер» бөлімінде өтініш беруге болады
Анастасия Машукова, Банкроттықты сүйемелдеу және проблемалық берешекті реттеу басшысы, a.mashukova@homecredit.kz
Оңғар Ардақ, Операциялық Департаменттің Әлеуметтік медиадағы сервис және коммуникациялар сапасы басқармасының басшысы, ardak.ongar@homecredit.kz
Байзаков Дамир, Операциялық Департаменттің Заңды тұлғалардың сұрауларымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы, damir.baizakov@homecredit.kz
Егер қарыз уақытында өтелмесе, Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген шараларды қолдануға мәжбүр болады. Төлем уақытында жасалмаған жағдайда келесі салдар орын алады:
Кредит бойынша төлемді уақтылы төлемеу туралы ақпарат кредиттік бюроға беріледі. Ол клиенттің кредиттік тарихына және мемлекеттегі банктерден қаржылық көмекті одан әрі алу үшін теріс әсер етуі мүмкін;
Кредиттер бойынша берешекті өтеу мерзімдері бұзылған кезде банк мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы;
Банк клиенттің ҚР-дың кез келген банктегі ағымдағы шоттарынан акцептісіз түрде есептен шығару туралы төлем талабын қоюға құқылы;
Банк қарызды сот тәртібімен өндіріп алуға және/немесе атқарушылық жазба жасау үшін нотариусқа жүгінуге құқылы. Атқарушылық құжаттар кейін атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына (бұдан әрі - ЖСО) тапсырылады.
Атқарушылық іс қозғалған жағдайда клиент келесі шектеулерге тап болады:
мүлікке қатысты нотариалдық және тіркеу іс-әрекеттерін жасауға тыйым салу;
елден тыс жерлерге шығуға шектеу;
автокөлік басқару құқығын шектеу;
жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу;
ҚР-дың барлық банктерінде клиенттің ағымдағы шоттарына тыйым салу;
қарызды өтеу есебіне жалақыдан 50% ұстау.
Кредит бойынша қарыздан басқа, Клиент келесі қосымша шығындарды төлеуге мәжбүр болады:
мемлекеттік баж, нотариалды шығындар, пошта шығындары;
ЖСО атқарушылық санкциясы;
атқарушылық іс жүргізу барысында ЖСО-ның өзге де шығындары.