1. Басты бет
  2. Пресс орталық
  3. Акциялар
  4. Біздің салымшылар үшін Welcome Bonus 2.0 акциясы! Ақшаны тиімділікпен жинаңыз!

Жарияланды 02.05.2024

Жаңартылды 12.06.2026

Бұл дегеніміз не?

Жаңа салымшылар (бұрын салымдары болмаған) немесе Банкте 12 айдан астам уақыт бойы депозиттері немесе депозиттік сертификаттары болмаған Клиенттер «Жинақ» депозиттерін ашып немесе МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАДА 500 000 теңгеден басталатын «Стандартты» немесе «Стандартты 2.0» банктік депозиттік сертификатын (БДС) сатып алып, салымның бастапқы сомасынан 0,25% мөлшерінде бонус алады.

 

Ақция мерзімі: 23.02.2024 — 31.12.2024.

 

Толық шарттар

  • Бонус алу үшін депозит немесе БДС ашудың минималды сомасы – 500 000 .
  • Депозит бойынша бонустың максималды сомасы 14 000 дейін шектелген

 

БДС ашу үшін бонус алу шарттары

  • 500 000 ₸-ден 14 999 999 ₸-ге дейінгі сомаға БДС ресімдеу кезінде бонус сомасы 37 500 ₸-ге дейін шектелген
  • 15 000 000 -ден басталатын сомаға БДС ресімдеу кезінде бонус сомасы 100 000 ₸-ні құрайды

 

  • Бонус тек банктің мобильді қосымшасында «Стандартты» БДС немесе толықтыру құқығы бар және толықтыру құқығы жоқ жинақ депозиттерін ашу үшін есептеледі
  • Бонус жинақ депозит немесе БДС бойынша соманың нақты түскен сәтінде бастапқы енгізілген сомаға ғана есептеледі
  • Бонус депозит немесе БДС бойынша ақша түскен сәтте арнайы ашылған бонустық шотқа есептеледі

 

Бонусты қалай пайдалануға болады?

  1. Акция бойынша есептелген бонустарды Банктің мобильді қосымшасында Мәзір – Бонустар бөлімінде көруге болады
  2. Бонустармен Банктің мобильді қосымшасында жеткізушілердің қызметтерін төлеуге немесе оларды бонустық шоттан төлем карточкасымен бірге ашылған ағымдағы шотқа аударуға болады
  3. Бонустың жарамдылық мерзімі – есептелген сәттен бастап 1 ай

 

Банк қызметкерлері жарнамалық акцияға қатыса алмайды.

Егер БДС ұстаушысы бонус алған болса, жарнамалық акцияға қайта қатысуға жол берілмейді.

Акцияға қолданыстағы депозиттері немесе депозиттік сертификаттары бар клиенттер қатыспайды.