Сұрақтар мен жауаптар

Бізге күніне көптеген сұрақтар қояды. Біз осы бөлімде жиі қойылатын сұрақтарды жинадық. Егер сұрағыңызға жауап таппасаңыз, сұрағыңызды бізге жолдай аласыз. Біз сұрағыңызға жауапты поштаңызға жолдап, жауапты сайтта жариялаймыз.

main image

Не туралы білгіңіз келеді?

Танымал сұрақтар

Онлайн кредит дегеніміз не және оны ресімдеу үшін не қажет?

Онлайн кредит - бұл банк бөлімшесіне баруды қажет етпейтін, интернет арқылы ресімделетін салым. Кредитті:

  • 10 000 ₸ бастап 9 500 000 ₸ дейінгі сомаға
  • және 6 айдан бастап 60 айға немесе 5 жылға дейінгі мерзімге алуға болады

 

Кредитті ресімдеу үшін:

  • Қазақстан азаматы немесе тұруға ықтиярхаты бар шетелдік болу және ЖСН қажет
  • Соңғы 3 ай үшін зейнетақы аударымдары болуы тиіс.
  • Жасыңыз 23-75 аралығында болуы қажет

Танымал сұрақтар

Кредитті онлайн түрде қалай ресімдеуге болады?

Оның үш тәсілі бар:

  1. Home.kz қосымшасы арқылы: Қосымшаны ашыңыз → «Мен үшін» бөлімінде «Кредиттерді» таңдаңыз → «Кредитті ресімдеу» батырмасын басыңыз → Шарттарды таңдаңыз және өтінімді жіберіңіз → Өтінімді растап, кредиттің мақұлдануын күтіңіз → Құжаттарға қол қойғаннан кейін, ақша шотқа немесе картаға түседі
  2. Сайт арқылы: Сайттың жоғарғы оң жағында «Кредитке өтінім беру» батырмасын басыңыз → Телефон нөміріңізді және ЖСН енгізіңіз → Шарттарды таңдаңыз және өтінімді жіберіңіз → Өтінімді растап, кредиттің мақұлдануын күтіңіз → Ақша шотқа немесе картаға түседі
  3. Бөлімшеде: Банк бөлімшесіне барыңыз → Өзіңізбен бірге Жеке куәлікті немесе Тұруға ықтиярхатты және ЖСН алып келіңіз → Кредитті ресімдеу үшін кеңесшіге жүгініңіз

Танымал сұрақтар

Prime клиент болуға және Tau картасын қалай ашуға болады?

Prime клиент болу үшін келесі шарттарды орындау қажет: 

  1. Жалпы сомасы 15 000 000 ₸ немесе оның $ не € баламасына тең және одан артық соманы депозиттерге, депозиттік сертификаттарға немесе облигацияларға салу
  2. Prime мәртебесін алу

 

Prime мәртебесін қалай алуға болады:

  1. 15 000 000 ₸ немесе оның баламасындағы депозитіңіз болған жағдайда, қосымшада Prime мәртебесін белсендіру ұсынысы бар баннер пайда болады
  2. Баннерді басып, өз өңіріңізді және қызмет көрсету бөлімшесін таңдаңыз
  3. Prime қызмет көрсету шарттарымен танысыңыз
  4. Өтінішке Face ID, Touch ID арқылы қол қойыңыз немесе құпия кодты енгізіңіз
  5. Prime мәртебесін алыңыз
  6. Home.kz қосымшасының интерфейсі жаңартылады
  7. Басты бетте жеке менеджердің деректері пайда болады

 

Tau виртуалды картасын қалай ашуға болады: Prime мәртебесін алу үшін Home.kz қосымшасында «Мен үшін» бөлімінде «Карталарды» таңдаңыз → «Дебет картасын ашу» → Home Card Tau қойындысын басыңыз.

 

Tau пластикалық картасын қалай ашуға болады: Prime мәртебесін алу үшін бөлімшеге барып, картаны жеке менеджер немесе Бөлімше басқарушысы арқылы ресімдеңіз

Байланыс деректері

Жеке тұлғаларға арналған телефон нөмірі қандай?

7979 нөмірі бойынша — мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін

Әмбебап отбасын қорғау

Сақтандыруды рәсімдеу кезінде денсаулық жағдайы бойынша қандай шектеулер бар?

Сақтандыру қызметін рәсімдеу кезінде клиент:

– әрекетке қабілетті болуы тиіс
– оның 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі болмауы тиіс

Әмбебап отбасын қорғау

«Әмбебап Отбасын қорғау» сақтандыру қызметін қайда сатып алуға болады?

Сақтандыру қызметін рәсімдеу орындары:

– банк бөлімшелері мен шағын кеңселері
– телефон арқылы байланыс орталығына қоңырау шалу
– QazPost бөлімшелерінде

Әмбебап отбасын қорғау

Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда отбасының қалған мүшелері үшін шарттар сақтала ма?

Иә, сақтандыру отбасының қалған мүшелері үшін әрекет етеді

Әмбебап отбасын қорғау

Егер сақтандырылушы азаматтығын ауыстырса, сақтандыру әрекеті жалғаса ма?

Иә, сақтандырылушы өз азаматтығын өзгерген кезде де сақтандыру қызметі әрекет етеді

Әмбебап отбасын қорғау

Сақтандыру қызметі қорғаншылар мен қамқоршыларға жарамды ма?

Жоқ. Сақтандыру сізге, жұбайыңызға немесе зайыбыңызға, ата-аналарыңызға, балаларыңызға және немерелеріңізге қатысты қолданылады

Әмбебап отбасын қорғау

Сақтандыруды сатып алу кезінде қандай отбасы мүшелері сақтандырылады?

Сіз, жұбайыңыз немесе зайыбыңыз, ата-аналарыңыз, балаларыңыз және немерелеріңіз сақтандырылады. 

Пакеттер бір-бірінен тек төлем құны мен сомасымен ерекшеленеді