
Оңай Плюс
Құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар депозит. Мөлшерлеме Ұлттық Банктің мөлшерлеремесіне сәйкес өзгереді
Мерзім соңындағы сома 11 500 ₸
Депозит табысы алдын ала есептелген. Мөлшерлеме мен қорытынды сома өзгеруі мүмкін.

Оңай Плюс
Құбылмалы пайыздық мөлшерлемесі бар депозит. Мөлшерлеме Ұлттық Банктің мөлшерлеремесіне сәйкес өзгереді

Оңай
Кез келген уақытта ақша алыңыз және толықтырыңыз

Жинақ Хоум
Депозитті толықтыруға және одан ақша алуға болмайды

Жинақ Хоум+
Депозитті қосымшада толықтыру функциясымен ашыңыз
Депозиттік калькулятор — бұл салым ашылғанға дейін оның кірістілігін есептеуге көмектесетін тегін онлайн-сервис. Депозит сомасын енгізіңіз, оның мерзімін, пайыздық мөлшерлемені және валютаны (теңге, доллар немесе еуро) таңдаңыз да, кірістің нақты сомасын, сондай-ақ мерзімнің соңындағы шотта жиналатын соманы біліп алыңыз. Салым калькуляторы әр түрлі банктік депозиттердің шарттарын салыстырғысы келетін, қай салымның тиімді екенін түсінгісі келетін және үйден шықпай-ақ депозит бойынша пайыздарды алдын ала есептегісі келетін адамдар үшін ыңғайлы болып табылады. Есепті жасағаннан кейін депозитті онлайн бірден ашуға болады — бөлімшеге барудың қажеті жоқ.
Тиімді депозит — бұл тек ең жоғары мөлшерлемесі бар депозит емес, бұл мөлшерлеме, мерзім және толықтыру немесе ақша алу шарттарының оңтайлы үйлесімі. СЖТМ ұсыныстарын салыстырыңыз — ол капиталдандыруды ескере отырып, нақты кірісті көрсетеді.
Home Credit Bank-те сіз өз мақсаттарыңызға сай келетін депозитті таңдауға болады.
Депозиттік калькулятор депозиттік кірісті алдын ала есептеуге және мерзімнің соңында депозитте қанша ақша болатынын көруге көмектеседі.
Соманы, мерзімді, валютаны және ай сайынғы толықтыру сомасын енгізіңіз. Калькулятор бүкіл мерзім ішіндегі болжамды кірісті және мерзімнің соңында болатын соманы көрсетеді.
СЖТМ -бұл сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі. Ол капиталдандыруды ескере отырып есептелетін табысты көрсетеді.
Капиталдандыру - бұл депозит сомасына есептелген пайыздарды қосу. Пайыздар күн сайын есептеледі және депозит сомасына қосылады. Осыдан кейін кіріс ұлғайған сомаға есептеледі.
Иә, болады. Калькуляторда ай сайынғы толықтыру сомасын ензігуге болады. Егер сіз депозитті толықтыруды жоспарламасаңыз, «Толықтыру» өрісіне 0 ₸ деп жазыңыз.
Иә, болады. Калькуляторда депозит валютасын таңдауға болады: теңге, доллар немесе еуро.
Калькулятор алдын ала есептеуді көрсетеді. Депозит мөлшерлемесі мен валюта бағамы өзгеруі мүмкін.
Егер депозитті толықтырып, ақшаны кез келген уақытта алғыңыз келсе, «Оңай» депозитін таңдауға болады.
Егер ақшаны депозит мерзімі аяқталғанға дейін алмайтын болсаңыз, «Жинақ Хоум+» депозитін таңдауға болады. Оны 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ашып, толықтыруға болады.
Иә, болады. Депозитті Home.kz қосымшасында ашуға болады: «Мен үшін» → «Депозиттер» бөліміне өтіп, өзіңізге қолайлы депозитті таңдаңыз.
Депозит сомасы мен ол бойынша сыйақының төленуіне Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік береді.
Кепілдіктің максималды сомасы: