1. Басты бет
  2. Блог
  3. Кредиттерден ерікті бас тарту: оны қалай қосуға және алып тастауға болады?

Жарияланды 12.11.2026

Жаңартылды 12.11.2026

5-6 минут

Кредитке қатысты алаяқтықтың ең көп таралған схемасы мынадай: алаяқтар жәбірленушіні онлайн-кредит рәсімдеп, ақшаны «қауіпсіз сақтау үшін» немесе «операцияның күшін жою үшін» аударуға көндіреді. Кредитті адамның өзі рәсімдеген болып саналады, сондықтан кейін оның күшін жою қиын.
Кредиттерді алудан ерікті бас тарту бұл мәселенің алдын ала шешімін ұсынады: қызмет қосулы тұрғанда ешбір банк те, микроқаржы ұйымы да сізге кредит немесе микрокредит бере алмайды. Оның қалай жұмыс істейтінін және қорғанысты бүгін-ақ қалай қосуға болатынын түсіндіреміз.

 

Кредит алудан ерікті бас тарту дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?

Қызметтің ресми атауы - «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту». Қызмет eGov арқылы қосылады және кредиттік бюролар деңгейінде жұмыс істейді: банктер мен микроқаржы ұйымдары кез келген қарызды бермес бұрын бұл мәртебені тексеруге міндетті.

Негізгі ой. Кредит алудан ерікті бас тарту қосулы тұрғанда алаяқтардың қолында құжаттарыңыз, ЭЦҚ-ңыз немесе жеке кабинетіңізге қолжетімділік болса да, ешбір банк сізге кредит мақұлдамайды. Тексеру жекелеген банктің деңгейінде ғана емес, тізілім бойынша жүргізіледі.

Қызмет ақысыз көрсетіледі және оны өзіңіз өшірмейінше, мерзімсіз қолданылады. Бұрын тыйым белгілі бір мерзімге ғана қойылып, оны ұзарту қажет болатын. Қазір оны бір рет қоссаңыз жеткілікті.

Ол кімді және неден қорғайды?

Ерікті бас тарту алаяқтыққа тап болған адамдарға ғана емес, жақын болашақта кредит алуды жоспарламайтындарға да пайдалы.
Егде жастағы туыстар
Өздерін «банк» немесе «мемлекеттік орган» өкілі ретінде таныстыратындарға сенгіштігінен алаяқтардың жиі нысанасына айналады. Маңызды ақпарат: ерікті бас тартуды тек адамның өзі, өз атынан рәсімдей алады - ата-анасының немесе әжесінің атынан оны басқа ешкім рәсімдей алмайды. Сол себепті оларға бұл процестен бірге өтуге көмектескен жөн.
Әзірге кредит алуды жоспарламайтын барлық адамдар
Егер жақын арада кредитке ірі сатып алулар жасауды жоспарламасаңыз, кредит алудан ерікті бас тарту - бірнеше минут уақытыңызды ғана жұмсап, ешқандай шығынсыз алаяқтық тәуекелінің тағы бір жолын жабудың оңай тәсілі.

Показ изображения Инфографика: правила безопасности при использовании мобильного банка

Кредит алудан ерікті бас тартуды қалай қосуға болады?

eGov.kz сайты арқылы
1.  ЭЦҚ арқылы порталға кіріңіз.
2.  «Қызметтер» → «Салықтар және қаржы» бөліміне өтіңіз.
3.  «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдаңыз.
4.  Қысқаша нысанды толтырып, өтінішке электронды қолтаңбамен қол қойыңыз.

eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы
1.  Қосымшаны ашып, ЭЦҚ, биометрия немесе қысқа код арқылы кіріңіз.
2.  Танымал қызметтер бөлімінен «Кредит алудан ерікті түрде бас тарту» тармағын табыңыз.
3.  Нысанды толтырып, өтінішке қол қойыңыз.

Тағы бір нұсқа - 1414 нөмірі бойынша жедел желіге қоңырау шалып, оператордың көмегімен қызметті рәсімдеуге болады. Өтінім жылдам өңделеді, әдетте жарты сағат ішінде бәрі қосылады.

Кредит алудан ерікті бас тартуды қалай алып тастауға болады?

Егер кредиттерді алудан ерікті бас тартуды, мысалы, қажетті кредитті рәсімдеу үшін, уақытша алып тастау қажет болса, оны қосу тәртібімен бірдей әрекет ету керек: eGov.kz немесе eGov mobile-дағы сол бөлімге кіріп, тек бұл жолы қызметтің күшін жою туралы өтініш бересіз.
 

Маңызды ақпарат. Кредиттерді алудан ерікті бас тартуды алып тастау да шамамен жарты сағат уақыт алады. Егер біреу телефон арқылы «ақшаңызды сақтап қалу үшін» кредиттерді алудан ерікті бас тартуды шұғыл түрде алып тастауды талап етсе, бұл заңды себеп емес, бұл алаяқтық схемасының айқын белгісі.

Кредит алудан ерікті бас тарту нені бұғаттамайды?

Қорғаныс мүмкіндіктерін асыра бағаламау үшін қызметтің қандай жағдайларда қолданылатынын түсіну маңызды.
Ломбардтар мен тіркелмеген кредиторларды
Кредиттер алудан ерікті бас тарту тек кредитор кредиттік тарихты тексеруге міндетті болатын жағдайларда ғана қолданылады. Заттарды кепілге қойып, ақша беретін ломбардтар бұл санатқа жатпайды.
Қолданыстағы кредиттерді
Қызмет тек жаңа қарыздарды рәсімдеуге жол бермейді - ол қосылғанға дейін рәсімделген кредиттерге еш әсер етпейді.
Қорғанудың тағы бір тәсілі - ірі онлайн-қарыздарға арналған «шешім қабылдау кезеңі». Ерікті бас тарту қосылмаған жағдайда да, мұндай кредит бойынша ақша бірден берілмей, аз уақыт кідіріспен түседі. Осы уақыт ішінде шешіміңізді өзгертуге немесе операциядан бас тартуға үлгересіз.

Показ изображения Инфографика: правила безопасности при использовании мобильного банка

Кредит рәсімделген жағдайда не болады?

2024 жылғы қыркүйектен бастап қосымша қорғаныс шарасы қолданылады: кредиттерді алудан ерікті бас тарту қосулы тұрған жағдайда банк немесе МҚҰ кредит берсе, бұл - олардың заң бұзушылығы. Мұндай жағдайда қарыз алушы оны қайтару міндетінен босатылады.
Бұл қызметтің мәртебесін тексеруді тоқтатуға негіз емес, бірақ техникалық ақау немесе адал емес кредитор жағдайында қосымша қорғаныс болады.
Бұл талап кез келген банкке қолданылады: соның ішінде Home Credit Bank те, кредитті мақұлдамас бұрын тізілімді тексеруге міндетті. Ал Home.kz қосымшасында кредиттің шарттары мен толық құны әрдайым алдын ала, шартқа қол қойылғанға дейін көрсетіледі.

Жиі кездесетін қателер

Қате

Неліктен кедергі болады

Не істеу керек

Туысыңыздың орнына ерікті баст тартуды рәсімдеуге тырысуҚызметті тек өз атыңыздан қосуға боладыТуысыңызға рәсімдеу процесінен өздігінен өтуге көмектесу
«Банктен» хабарласып, телефон арқылы кредиттерді алудан ерікті баст тарту қызметін шұғыл түрде алып тастауды талап етуБұл қысым көрсету арқылы жүзеге асырылатын алаяқтық схемасының жиі кездесетін тәсіліТұтқаны қойып, тыйымды тек өз қалауыңызбен алып тастау
Ерікті бас тарту ломбардтардан да қорғайды деп ойлауҚызмет кредиттік тарихты тексермейтін ұйымдарға қолданылмайдыҚандай жағдай болса да, құжаттарыңызды ешкімге қалдырмаңыз және қысыммен ештеңеге қол қоймаңыз
Қызмет мәртебесін жылдар бойы тексермеуТехникалық ақаулар сирек кездеседі, дегенмен жылына бір рет тексеріп қойған дұрысeGov жеке кабинетіне жүйелі түрде кіріп, қызмет мәртебесін тексеру

Чек-парақ

Бұл шамамен 10 минут уақытыңызды алады - ерікті бас тартуды дәл қазір қосуға болады.
☐  eGov.kz немесе eGov mobile-да ЭЦҚ арқылы кіру
☐  «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін табу
☐  Өтінішке қол қойып, растауды күту
☐  Егде жастағы туыстарыңызға ерікті бас тартуды өздері рәсімдеуге көмектесу - бірге отырып, әр қадамды орындау
☐  Ерікті бас тартуды кез келген уақытта сол бөлім арқылы алып тастауға болатынын білу
☐  Қызмет ломбардтарға және бұрын алынған кредиттерге қатысты емес екенін білу

FAQ

Ерікті бас тарту қызметі қанша тұрады?
Қызметті қосу да, өшіру де толығымен тегін.
Ерікті бас тарту қолданылу мерзімі қандай?
Мерзімсіз - қызметті eGov арқылы өзіңіз өшіргенге дейін.
Ересек бала егде жастағы ата-анасының атынан ерікті бас тартуды қоса ала ма?
Жоқ, бұл қызметті тек жеке авторизациядан өтіп, өз атынан ғана рәсімдеуге болады. Рәсімдеу процесінен өтуге көмектесуге болады, бірақ басқа адамның атынан рәсімдеуге болмайды.
Ерікті бас тарту кредиттік карталар мен дүкендердегі бөліп төлеуді бұғаттай ма?
Иә, егер кредитор кредиттік тарихты тізілім арқылы тексеруге міндетті болса, ерікті бас тарту оған да қолданылады. Бұл банктердің кредиттік карталарына және банк арқылы рәсімделетін бөліп төлеудің басым бөлігіне қатысты.
Ерікті бас тарту қосулы болса да, кредит рәсімделсе, не істеу керек?
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, мұндай жағдайда қарыз алушы кредитті қайтару міндетінен босатылады. Банкке дереу хабарласып, қажет болған жағдайда ҚНРДА-ға жүгінген жөн.

Қорытынды

Қысқаша айтқанда, кредит алудан ерікті бас тарту туралы мыналарды білу маңызды.
•  ерікті бас тарту кредиттік тарихты тексеретін барлық банктер мен МҚҰ-ларда атыңызға жаңа кредиттер мен микрокредиттер рәсімдеуге жол бермейді;
•  қызмет тегін, eGov.kz, eGov mobile арқылы немесе 1414 телефоны арқылы бірнеше минут ішінде рәсімделеді;
•  мерзімсіз қолданылады, ал оны кез келген уақытта дәл сол тәсілмен алып тастауға болады;
•  ерікті бас тартуды әр адам тек өзі үшін рәсімдей алады — туысыңыздың атынан тек өзі жасай алады;
•  ломбардтарға және бұрын рәсімделген кредиттерге қолданылмайды. Алайда 2024 жылдан бастап ерікті бас тартуды бұза отырып берілген кредитті қайтару міндетінен қорғайды;

Ерікті бас тарту - бірнеше минут ішінде алаяқтықтың нақты бір жолын жабуға мүмкіндік беретін тегін мемлекеттік қызмет. Оны өзін алаяқтардың нысанасымын деп санамайтын адамдарға да қосқан жөн.