Жарияланды 13.08.2024
Жаңартылды 14.05.2026
10 минут
Клиент тауарды банк картасымен төлеген кезде, ол картаны терминалға қойып, пин-кодты енгізеді. Оның шотынан қаражат компанияның шотына аударылады. Бұл эквайринг. Эквайринг — бұл есеп айырысудың қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі.
Эквайринг қалай жұмыс істейді?
Бұл күрделі процесс болып көрінуі мүмкін, бірақ ол өте тез өтеді. Әдетте төлем бірнеше секунд ішінде жасалынады.
Барлығы дұрыс болуы үшін сенімді эквайер банк қажет. Ол бизнеске терминалдарды ұсынып, ал интернет арқылы төлемдерді қабылдау үшін төлем интернет шлюзін қосады. Банк өз қызметтері үшін комиссия алады.
Эквайринг — кез келген компания үшін пайдалы құрал. Бірақ кейбір бизнес түрлері заң бойынша терминалдарды орнатуы тиіс. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда төлемдерді қабылдау үшін терминалдарды қолдану міндетті болатын қызмет түрлерінің тізбесі белгіленді.
Эквайрингтің әр түрінің өзіндік артықшылықтары бар, сондықтан бизнесіңізге сәйкес келетін эквайринг түрін таңдау қажет.
Эквайрингтің тағы бір түрі — QR-код арқылы төлеу . Әзірге оны тек кейбір банктер қолданып жатыр. Бірақ жақын арада Қазақстанда QR-кодтар арқылы бірыңғай есеп айырысу жүйесі жұмыс істейтін болады.
Эквайринг бизнес мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Оның көмегімен жаңа клиенттерді табуға болады. Бірақ алдымен қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін эквайринг түрін және қызмет провайдерін таңдау керек.
Сізге сәйкес келетін эквайринг түрін таңдаңыз. Шағын дүкендерге бір стационарлық терминал жеткілікті. Азық-түлік жеткізу немесе таксиге тапсырыс беру үшін сізге мобильді құрылғылар мен интернет-эквайринг қажет болады.
Әртүрлі банктердің ұсыныстарын қарастырыңыз. Келесі функцияларға назар аудару керек:
Эквайерді таңдау — өте маңызды қадам. Сіз тек технологияны ғана емес, сонымен қатар бизнесіңіздің өсуіне және дамуына ықпал ететін серіктесті таңдайсыз. Провайдердің барлық шарттарын мұқият қарастырыңыз.
Эквайрингті тек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қосуы мүмкін. Сондықтан қызметті қосу үшін бизнесті тіркеп, шотты ашу керек. Осыдан кейін эквайер банкті таңдап, өтінімді онлайн немесе банк бөлімшесіне барып жеке беруге болады.
Шарт жасасу үшін құрылтай құжаттары мен лицензиялар қажет. Банк компанияның қаржылық жағдайы, міндетті төлемдер бойынша қарыздардың болмауы туралы қосымша ақпарат сұратуы мүмкін.
Өтінім мақұлданғаннан кейін эквайермен шарт жасасу қажет. Шартқа қол қоймас бұрын шарттарды мұқият оқыңыз. Мысалы, кейбір банктер эквайринг қызметін тек өз клиенттеріне қосады. Басқалары ақшаны басқа банкте ашылған шотқа аудара алады. Бірақ бұл жағдайда тарифтер онша тиімді болмайды.
Банк төлемдерді қабылдау үшін жабдықты — стационарлық немесе мобильді POS-терминалдарды ұсынып, бағдарламалық жасақтаманы баптайды. Онлайн сатылымдар үшін банк сіздің сайтыңызға арнайы төлем шлюзін қосады.
Келесі қадам — қызметкерлерді бағдарламамен және жаңа жабдықпен таныстыру. Көптеген провайдерлер бұл қызметті тегін ұсынады. Ол қызметкерлерге жаңа құралдармен жұмыс жасауға тез үйренуге және қателіктерді алдын алуға мүмкіндік береді.
Төлемдерді қабылдауды бастамас бұрын жүйені тексеріңіз. Төлемдердің бірнеше түрін жасап көріңіз. Бәрі дұрыс болса, жұмысты бастауға болады.
Эквайрингті қосу - бұл күрделі процесс. Бірақ оны қосқаннан кейін сізге жаңа клиенттер келіп, сатылымдарыңыз өседі де, төлемдерді қабылдау процесі ыңғайлы және қауіпсіз болады. Эквайрингтің артықшылықтары мен кемшіліктерін толығырақ қарастырайық.
Артықшылықтар:
✅ Сатылымдардың өсуі. Адамдарға картамен төлеу ыңғайлы. Қолма-қол ақшамен салыстырғанда адамдар ақшаны онлайн көбірек жұмсайды. Бұл адамның психологиялық ерекшеліктеріне және карта бойынша төлемдерге кэшбэк есептелуіне байланысты болады.
✅ Жылдам есептеулер. Сатушыға қолма-қол ақшаны қайта есептеудің қажеті жоқ, сондықтан эквайринг төлем процесін тездетеді. Бұл әсіресе ірі дүкендер үшін өте маңызды.
✅ Қауіпсіздік. Эквайринг қателіктерді азайтады. Алаяқтар сатып алу үшін жалған купюрамен төлей алмайды.
✅ Автоматты есеп. Барлық транзакциялар бекітіліп, қаржыны басқару процесін жеңілдетеді.
Кемшіліктер:
⛔ Қосымша шығындар. Әрбір транзакция үшін эквайер 1-3% мөлшерінде комиссия алады. Жабдықты сатып алуға немесе жалға алуға, оған қызмет көсретуге және оны жөндеуге қосымша төлеу қажет.
⛔ Техникалық ақаулар. Кейде нашар байланыс, жабдықтың жұмысындағы ақаулар орын алуы мүмкін.
⛔ Ақшаны қайтару кезіндегі қиындықтар. Транзакцияны болдырмау қолма-қол ақшаға қарағанда күрделірек болуы мүмкін.
⛔ Төлем бірден түспейді — кейде бірнеше күннен кейін келуі мүмкін.
Бірақ эквайринг бизнес үшін өте маңызды. Сапалы қызмет төлем процесін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар клиенттердің сенімін арттырады. Сондықтан пайдаңыз да өседі.