Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Қаржылық сауаттылық
5 минут

Картадағы CVC және CVV кодтары: анықтамасы, қауіпсіздік кодын қай кезде енгізуге болады, CVC2 және CVV2 кодтарының айырмашылығы неде?

Картадағы CVC және CVV кодтары: анықтамасы, қауіпсіздік кодын қай кезде енгізуге болады, CVC2 және CVV2 кодтарының айырмашылығы неде?

CVC/CVV кодтары: анықтамасы

Картамен офлайн немесе онлайн төлем жасаған кезде төлем жүйесі бұл шын карта екенін және оны иесі пайдаланып жатқанын тексереді. Бұны тексеру үшін деректемелер, оның ішінде арнайы код қажет. MasterCard карталарында ол CVC — card validation code, ал Visa карталарында — CVV — card verification value деп аталады. Басқа төлем жүйелері басқа атауларды қолданады. Visa және MasterCard карталары жиі пайдаланылады, сондықтан бұл сандар CVC/CVV коды деп аталады.

 

Картада екі CVC/CVV коды бар. Бірінші код көрінбейді: ол чипте немесе магниттік жолақта жазылған. Офлайн төлем жасаған кезде терминал көрінбейтін кодты оқиды. Содан кейін деректер төлем жүйесіне жіберіледі. 

 

Картаның артындағы үш сан CVC2/CVV2 деп аталады, себебі бұл екінші код. Ол интернет арқылы төлем жасаған кезде картаның иесін растау үшін қажет. Картада тек осы код көрінеді. Сондықтан көбінесе "2" санын алып тастап, кодты CVC/CVV деп атайды.

Картада код қайда орналасқан?

Пластикалық картада бұл код картаның артқы жағында — қолтаңба өрісінің жанындағы магниттік жолақтың астында орналасқан. Код үш саннан артық саннан тұруы мүмкін, сол кезде қауіпсіздік коды ретінде соңғы үш сан қолданылады. 

 

Карта виртуалды болса барлық мәліметтер жеке кабинетті немесе мобильді қосымшада қолжетімді. 

Егер картада код болмаса?

Әдетте барлық картада код болады. Бірақ егер картада код болмаса, карта онлайн төлем жасауға жарамсыз болуы мүмкін немесе төлем үшін код қажет болмайды. Карта шығарылған кезде оның коды болады, бірақ кейде пластикалық картаға жазылмайды. 

 

Интернет арқылы төлем жасау үшін виртуалды картаны пайдаланыңыз. Мысалы, Home Credit Bank-тің Home Card Lite дебет карточкасын тікелей қосымшада немесе сайтта ресімдеуге болады.

 

Картаны ресімдеу

Қауіпсіздік коды картаны алаяқтардан қалай қорғайды?

Негізінде CVC/CVV коды тек карта иесіне қолжетімді болады. Бұл код деректемеге жататындықтан, онсыз интернет арқылы төлем жасау мүмкін емес. Картамен бірнеше рет төлем жасасаңыз да және жеке кабинетте деректемелер сақталса да, сенімді болу үшін кодты енгізу қажет. Егер қате код енгізілсе, банк төлемді қабылдамайды. 

 

Кейде интернет арқылы төлем жасаған кезде 3D-Secure технологиясы қолданылады. Сонда CVC/CVV кодымен бірге қауіпсіздікті карта иесінің телефонына СМС арқылы келетін код немесе банктің қосымшасына келетін пуш-хабарлама қамтамасыз етеді. 

 

Банк қызметкері еш уақытта қауіпсіздік кодын сұрамайды. Егер біреу сізден телефон арқылы CVC/CVV кодын айтуды сұраса, оны ешбір жағдайда айтпаңыз. Картаңызға аударым жасау үшін де бұл код қажет емес. Бұл код тек интернет арқылы төлем жасаған кезде ғана қажет болады. 

Басқа біреу қауіпсіздік кодын енгізбей, картадан ақшаны ала ала ма?

Өкінішке орай, CVC/CVV коды қауіпсіздіктің кепілі емес. Біреу сіздің картаңызды тауып алса,

 

кодты біліп алады. Осылайша, үшінші тұлға онлайн төлемді растау үшін пин-код пен СМС-кодтан басқа барлық деректемелерге қол жеткізе алады. Ол картаны қолданып, терминал арқылы немесе 3D-Secure технологиясы қолданылмайтын жерде онлайн төлем жасай алады. 

 

👉 Бұл жағдайда не істеу керек: егер сіз картаны жоғалтсаңыз, дереу банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз да, картаны қайта шығаруды сұраңыз. Сонда ақшаңызды сақтайсыз.

 

Егер барлық мәліметтер интернетте қолжетімді болса? Кейде зиянкестер интернетке, мысалы кейбір сервистердің дерекқорын жария етеді. Егер сервистің қауіпсіздік деңгейі нашар болса, алаяқтар карта деректеріне де қол жеткізеді. 

 

👉 Бұл жағдайда не істеу керек: егер сіз өзіңіз қолданатын сервистің дерекқоры және картаның деректемелері жария етілді деген жаңалықты көрсеңіз, қауіпсіздік үшін картаңызды қайта шығарыңыз. 

 

Егер карта деректері фишингтік сайтқа енгізілсе? Кейде алаяқтар жалған төлем жасау сайттарын жасайды. Олар шынайы сайтқа ұқсайды, бірақ мекенжайында бірнеше әріп ауыстырылуы мүмкін. Егер сол сайттарға карта деректері енгізілсе, олар алаяқтардың қолына түседі.

 

👉 Бұл жағдайда не істеу керек: деректемелерді енгізетін сайттарды мұқият тексеріңіз. Егер сіз онлайн төлем жасау кезінде сенімді болмасаңыз, төлемді жасамай, картаны қайта шығарыңыз. 

 

Кейбір жетілдірілген фишингтік сайттарда алаяқтарға тек мәліметтер ғана емес, сонымен қатар СМС арқылы келген құпия сөз де қолжетімді болады. Яғни адам сайтқа карта деректемелерін енгізеді → сайт алаяқтарға деректерді жібереді → алаяқтар оларды басқа сайтта төлем жасау үшін енгізеді → адамға растау коды бар СМС келеді → ол оны фишингтік сайтқа енгізеді → алаяқтар сол кодты енгізеді → нәтижесінде ақша есептен шығарылды.

 

👉 Бұл жағдай не істеу керек: СМС арқылы келген кодты енгізбес бұрын, соманы және дүкенді тексеріңіз. Егер ақпарат сәйкес келмесе растау кодын енгізбей, операцияны жүргізбеңіз. Қауіпсіздік үшін картаны қайта шығарыңыз. 

Қорытындылайық: Картадағы CVC / CVV коды дегеніміз не?

Бұл қауіпсіздік коды. Ол интернет арқылы жасалатын төлемді растау үшін қажет. Бұл код картаның артында жазылады. Егер онда үш саннан артық сан болса, онда соңғы үшеуін енгізу керек.

 

Егер картаның артында код болмаса, онда бұл карта арқылы интернетте төлем жасауға болмайды. Онлай төлемді виртуалды карта арқылы жасауға болады. 

 

Қауіпсіздік коды болмаса, алаяқтар ақшаны онлайн түрде ала алмайды. Бірақ карта жоғалса, дерекқор интернетте жария етілсе немесе карта иесі фишингтік сайтқа деректерді енгізсе, алаяқтарға код қолжетімді болуы мүмкін. Сақ болыңыз: кодты ешкімге айтпаңыз. Егер сенімді болмасаңыз, картаны қайта шығарыңыз. 

image
Мария Бондарева

Танымал өнімдер мен қызметтер