Жарияланды 20.08.2024
Жаңартылды 14.05.2026
15 минут
Жеке қаржыны басқаруға арналған барлық қосымшалар ұқсас принциппен жұмыс істейді: пайдаланушы бағдарламаға өз кірістерін және шығындарын енгізеді. Қосымша шығындарды талдап, ең көп қаражат кететін санаттарды анықтауға көмектесетін кестелерді ұсынады. Әртүрлі әзірлеушілер қосымшаға өздерінің ерекше функцияларын қосады. Нені ескеру керек:
Шығындарды есептейтін қосымшаның интерфейсінің ыңғайлы болуы маңызды. Бірақ бұл міндетті критерий емес: әркім әртүрлі интерфейс ұнатады. Біз бірнеше танымал қызметтерді тексеріп, пайдаланушылардың пікірлерін талдадық.
Егер сізге көп функция қажет болмаса немесе шығындар мен кірістерді ғана есептеу қажет болса, қарапайым функциялары бар қосымшаларды таңдауға болады.
👤 Қолма-қол ақшаны пайдаланбайтын және басқа қосымша орнатқысы келмейтін тұлғалар үшін банк қосымшасы ыңғайлы болады.
Мысалы, Home Credit Bank карталармен жасалған кірістер мен транзакциялар, төлемдер, аударымдар, есептлеген кэшбэк сомасы туралы деректерді жинайды. Шығындар туралы есептерді кезең бойынша смартфон экранынан көруге немесе PDF форматында жүктеуге болады.
👤 Бұл қосымша бюджетті жүргізуге емес, жоспардан тыс шығындарды бақылауға көмектеседі. Қосымша тегін және қолдануға ыңғайлы. Сізге шопинг жасайтын кезде немесе демалыста артық ақша жұмсамауға көмектеседі.
Қосымшаға шектеулі бюджетті енгізіп, шығындарды жазып жүру қажет. Қосымша қанша ақша қалғанын және күніне қанша ақша жұмсауға болатынын көрсетеді. Егер пайдаланушы шектеулі бюджеттен артық ақша жұмсаса, қосымша келесі күннің қолжетімді лимитін азайтады. 1-40 күн аралығындағы кезеңді белгілеуге болады.
Қосымшаның кемшілігі — оған кірістерді, мысалы қайтарылған соманы, сыйлықтарды, қосымша табысты қосуға болмайды. Бірақ әзірлеуші қосымшаны дамытуда.
Жүктеу: Google Play және App Store
Бюджетті толық жүргізгісі келетін және қосымшаны бірінші рет пайдаланатын тұлғалар үшін негізгі функцияларды, яғни кірістер мен шығыстарды енгізу, шығындарды бақылау қызметтерін түсіну оңай болады. Сондықтан алдымен тегін нұсқасы бар қосымшаларды таңдаған дұрыс. Қажеттілік болса, кез келген уақытта ақылы нұсқаға ауысуға болады.
👤Бұл қосымша шығындар лимитін белгілеп, жеке бюджетті жүргізгісі немесе отбасының шығындарын бақылағысы келетін жандарға ыңғайлы.
Деректерді қолмен енгізу керек. Moneon қосымшасының тегін нұсқасында әртүрлі валютада есеп жүргізуге, бірнеше әмиян қосуға, транзакцияларды дауыспен айтып енгізуге болады. Қосымша Apple Watch және iMessage-те қолжетімді.
Ақылы нұсқада қолдануға болатын мүмкіндіктер:
Ақылы жазылымның екі түрі бар: бір жылға және бір айға.
Жүктеу: PlayMarket және AppStore
Пайдаланушылар оны түсінікті интерфейсі бар қарапайым және қолжетімді қосымша деп санайды. Кейде техникалық ақаулар, мысалы синхрондалу, жаңарту немесе деректерді жаңа телефонға енгізуде ақаулар туындайды. Бірақ қолдау қызметі ақауларды тез жояды.
👤Бұл қосымша шығындардың белгілі бір санаттарын талдауға көмектеседі.
Тегін нұсқасында бірнеше валютадағы шығындар мен кірістердің есебін жүргізуге, шығындарды кесте бойынша талдауға, бюджетті жоспарлауға, калькулятор қолдануға және шығындарды бақылауға болады. Бірақ деректерді қолмен енгізу керек.
Ақылы нұсқада қолдануға болатын мүмкіндіктер:
Ақылы жазылымның екі түрі бар: бір жылға және бір айға. Қосымшаның кемшіліктері — құрылғылар арасында шығындарды синхрондауға болмайды, сондықтан отбасы мүшелерімен ортақ бюджетті жүргізу ыңғайлы емес.
Жүктеу: PlayMarket және AppStore
👤 Бұл қосымша қаржы туралы ақпаратты бірден білгісі келетін жандар үшін ыңғайлы: қосымша санаттар бойынша шығындар кестесі негізгі экранда көрсетіледі. Есеп жүргізбей, бір күндегі шығындарды бірден көруге болады.
Тегін нұсқасының интерфейсі қарапайым және түсінікті. Онда бір уақытта бірнеше шотты жүргізуге болады. Бірақ ортақ бюджет жүргізуге болмайды. Үнемі жарнамаларды қарау немесе жазылымды сатып алу арқылы қосымша функцияларды орнатуға болады.
Ақылы нұсқада қолдануға болатын мүмкіндіктер:
Банктік қызметтерді қосуға болмайды, шығындарды мұқият түрде қолмен енгізуге тура келеді. Ақылы жазылымның екі түрі бар: бір жылға және бір айға.
Жүктеу: PlayMarket және AppStore
👤Бұл қосымша барлық қарыздарды бақылағысы келетін тұлғаларға ыңғайлы болады. Ол міндетті төлемдер туралы хабарлама жібереді және автоматты түрде қайталанатын шығындарды қосады.
Бірнеше валютада есепті тегін жүргізуге болады. Ай сайын ғана емес, таңдалған кезеңдегі кірістер мен шығыстарды талдауға болады. Банктік қызметтерді қосу мүмкіндігі жоқ.
Ақылы нұсқада қолдануға болатын мүмкіндіктер:
Ақылы жазылымның екі түрі бар: бір жылға және бір айға.
Жүктеу App Store, Андроид үшін қолжетімді емес.
👤Бұл қосымшада санаттар бойынша дайын шаблондар бар.
Тегін нұсқада шығындарды санаттарға бөлуге және күн немесе ай бойынша есептерді көруге болады. Барлық деректер қолмен енгізіледі. Соған қарамастан шығындарды топтастыруға арналған ыңғайлы виджет бар. Қосымша Apple Watch-те қолжетімді, компьютерлік нұсқасы да бар.
Қосымшаның ақылы нұсқасы Деньги ОК pro деп аталады. Ақылы нұсқада қолдануға болатын мүмкіндіктер:
Ақылы нұсқаны бір айға, бір жылға немесе 5 жылға қосуға болады.
Жүктеу: Google Play және App Store. Pro нұсқасы тек App Store дүкенінде қолжетімді
Ақылы қосымшаларда көптеген мүмкіндіктер қолжетімді. Олардың интерфейсі күрделі, ал тегін нұсқаларда функциялар шектеулі. Ақылы қосымша жеке, отбасылық және бизнес қаржысын жүргізуге және толық талдау жасауға көмектеседі.
👤 Бұл қосымша алдын ала есеп жүргізетін жандар үшін ыңғайлы.
Тегін нұсқада кірістер мен шығыстарды тек қолмен енгізуге болады. Ақылы нұсқа мұны автоматты түрде жасайды және шығындарды қажетті санатқа қосады. Басқа функциялар:
Қосымшаны 14 күн тегін пайдалануға болады, содан кейін бір айға, бір жылға немесе тұрақты жазылымды сатып алу керек болады. Қаламасаңыз жазылымды алмай, деректерді өзіңіз енгізе аласыз.
Жүктеу: PlayMarket және AppStore
👤Бұл - отбасылық бюджетті жүргізуге және шығындарды есепке алуға арналған қосымша. Тегін нұсқадағы функциялар шектеулі: деректерді тек қолмен енгізуге болады.
Ақылы нұсқада қолдануға болатын мүмкіндіктер:
Ақылы жазылымның екі түрі бар: бір жылға және бір айға.
Жүктеу: PlayMarket және AppStore
👤Бұл - шетелдік шоттары немесе криптовалютасы бар жандарға арналған қосымша.
Тегін нұсқада тек екі шот қосып, екі бюджетті жүргізуге болады. Компьютерлік нұсқасы бар.
Ақылы нұсқада қолдануға болатын мүмкіндіктер:
Ақылы нұсқаны бір айға немесе бір жылға қосуға болады.
Жүктеу: Google Play және App Store
Жеке қаржы жөніндегі кеңесші Василий Мещеряков:
«Жалпы, бюджетті Excel кестелерінде де жүргізуге болады, бұл кейде тіпті ыңғайлырақ та болып келеді. Алайда жеке қаржыны басқаруға арналған қосымшалар шығындарды бақылауға ғана емес, оларды талдауға да мүмкіндік береді. Бюджетті басқару кезінде нәтижеге жету үшін шығындарды дұрыс жоспарлау маңызды. Жоспарланған және нақты шығындарды салыстыра отырып, біз келесі аспектілерді талдай аламыз:
Қаржы қосымшаларында бюджетті жоспарлау тәртіпті қалыптастырып, қажетсіз шығындарды азайтуға көмектеседі: осындай құралдарды пайдалану арқылы бюджеттің кемінде 10%-ын үнемдеуге болады.
|