Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Қаржылық сауаттылық
10 минут

Ақшаны қалай көбейтуге болады: тиімді әдістер, неліктен табысты арттыру қиынға соғады

Ақшаны қалай көбейтуге болады: тиімді әдістер, неліктен табысты арттыру қиынға соғады

Неге адамдар өз ақшасын жоғалтады?

 

Адамдар өз ақшасын әртүрлі себептермен жоғалтады: қажетсіз сатып алулар жасайды, тәуекел деңгейі жоғары инвестицияларға ақша салады, форс-мажорлық жағдайларға түседі. Инфляция, девальвация, дефолт ақшаға әсер етеді. Оған қоса жанармай, коммуналдық қызметтер мен азық-түлікке ақша жұмсау керек.

Сондықтан адамдардың қаржылық кеңесшілерге жиі қоятын сұрағы - ақшаны жинауды қалай бастауға болады?

Ақша жинау туралы 5 қарапайым кеңес

 

Міндетті түрде нәтиже беретін қарапайым кеңестерден бастайық.

  1. Кірістер мен шығындар жоспарын жасаңыз

Бюджетті жүргізудің ыңғайлы әдісін таңдап, оны жүйелі түрде жасаңыз — кем дегенде тоқсан сайын немесе айына бір рет жасаған жөн. 

Кірістер мен шығындарды жаза отырып, өз қаржыңызды ретке келтіруге, ақшамен жұмыс істеу тәртібін дамытуға, қарыздардан арылуға және ақша үнемдеудің жолдарын табуға болады. Бюджетті жүргізу дұрыс қаржылық мақсаттарды таңдауға көмектеседі. 

Василий Мещеряков бюджетті жүргізу үшін кез келген әдісті қолдануға болады деп санайды. Бастысы сол әдіс ыңғайлы болу керек: «Мен 400-ге жуық бюджетті көрдім және оны жүргізудің 19 әдісін білемін. Бірақ әдетте адамдарға олардың тек 1-2-уі ғана ұнайды. Біріншісі — Excel немесе Google.docs кестесі. Бұл жиі қолданылатын әдіс болып табылады. Екінші әдіс — қарапайым блокнот».

Шығындар мен кірістерді Home Credit Bank қосымшасында ыңғайлы түрде бақылауға болады. Қосымшада карталар бойынша барлық шығындар мен кірістер сақталады. Сондай-ақ үзінді көшірмені жүктеуге болады. 

Показ изображения imageArticle Показ изображения imageArticle

 

Жеке бюджетке негізгі кірістер мен шығындар жазылады.

Кірістер:Шығындар:

жалақы, зейнетақы, стипендия, тұрғын үйді жалға беруден түскен пайда

 

азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызметтер, көлік шығындары;

кредиттер, қарыздар;

жинақ ақша.

  1. Алдымен өзіңізге «төлеңіз»

Ақша жинауды бірінші орынға қойыңыз.

Келесі ережені еске сақтаңыз: ақша түскен кезде оның белгілі бір бөлігін бірден сақтап қойыңыз. Оның мөлшерін өзіңіз белгілейсіз. Ол 10%, 15%, 30% болуы мүмкін.

Жеке қаржы жөніндегі сарапшы Василий Мещеряков келесі кеңес береді: «Мысалы, 350 000  жалақы түсті — банк шотына бірден 10%-ын, яғни 35 000  аударыңыз, ал қалған 315 000  өз қажеттіліктеріңізге жұмсаңыз. Сыйлықақы немесе қосымша 50 000  таптыңыз — шотқа 5000  аударыңыз. Ақшаны бірден аударуға тырысыңыз».

Осылайша ақша жинау әдеті пайда болады. Сондықтан алдымен ақша жинап, қалған сомасын жұмсауға болады.

Бұл ереже адам психологиясының ерекшеліктеріне негізделген. Егер сізде қосымша ақша болса, сіз автоматты түрде оны қайда жұмсауға болатыны туралы ойлайсыз. Егер ақшаның бір бөлігі банк шотына алдын ала аударылса, ол жинақтала береді.

Қандай соманы сақтау керек? Ол сіздің кірістеріңізге байланысты болады. Көп ақша табатын адамдар 30-50% жинақтай алады. Орташа және аз табыс табатын адамдарға 5-15% жинақтау ыңғайлы. 

Бұл жерде сома емес, жүйелілік маңызды. Кішкентай сома болса да, оны жүйелі түрде жинақтап тұру жөн.

  1. Қаржылық қауіпсіздікте болу үшін қосымша ақшаны жинақтау керек.

Бұл форс-мажор жағдайлары, яғни ауру, жұмыстан айырылу, отбасылық жағдайлар, апат, өрт, жер сілкінісі кезінде қажет болатын ақша. Мұндай жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған. Сондықтан қосымша ақшаның болғаны маңызды.

Василий Мещеряков барлық күтпеген жағдайларға дайын болу үшін ақша жинауды ұсынады: «Кез келген адам осындай жағдайларға тап болуы мүмкін. Сондықтан оларға дайын болу керек. 5-10 жыл ішінде 10 адамның 8-і форс-мажорлық жағдайларға тап болады.

Мұны тексеру оңай: 10 таныстарыңыздан және достарыңыздан соңғы 10 жылда не болғанын сұраңыз. 8 адам оларға ақша қажет болған жағдайлар туралы айтады".

Бұл ақша әрдайым қолжетімді болуы керек. Оны мерзімді банктік салымда ұстауға болады.

Бірақ бұл ақшаны ұзақ күтпей, кез келген уақытта алу мүмкіндігі болуы керек.

Ақшаны үш-алты айға жететіндей етіп жинау керек. Бұл ретте орташа айлық шығындар есепке алынады. Осы кезеңде жаңа жұмыс табуға, мамандықты өзгертуге, емделуге болады. Кейбір адамдар үш айға жететіндей етіп ақша ұстайды.

  1. Тиімді түрде инвестициялаңыз

Ақшаны жинауды үйренгеннен кейін инвестициялауды бастауға болады. Бірақ келесі ережені есте сақтау керек: «Кірістілік неғұрлым көп болса, тәуекел деңгейі соғұрлым жоғары болады». Инвестицияны біртіндеп игеріңіз: алдымен банктік салымдармен және депозиттермен жұмыс істеуді үйреніңіз, содан кейін жылжымайтын мүлік пен облигациялардан қалай ақша табуға болатындығын біліңіз. Содан кейін қорларға, акцияларға және т.б. ақша салуға болады.

Инвестор болу және жиі кездесетін қателіктерден аулақ болу туралы басқа мақаладан оқыңыз.

Егер сізге үлкен кірістілік туралы айтатын болса, сақ болу керек. Бұл алаяқтар болуы мүмкін. 

Василий Мещеряков өз оқиғасын айтып берді: «Қазақстанда көптеген қаржы пирамидалары бар. Адамдар сенімсіз жобаларға ақша салып, содан кейін ақшаны қалай қайтаруға болатыны туралы сұрайды. 

 Жақында маған бір қыз кеңес алуға келді. Ол «халықаралық крипто - био - макси - цифрлық компанияға» ақша салды. Компания атауында түсініксіз сөздер көп болса, бұған аса назар аудару қажет. Осы қыз оларға 700$ аударды. Содан кейін оның шотында 1400$ жиналды. Ол бұл ақшаны алғысы келді, бірақ ол үшін 400 доллар комиссия төлеу керек болды. Қыздың мұндай ақшасы жоқ және ол менен не істеу керектігін сұрады.

Мен бұл қаржылық пирамида екенін түсіндім. Мен оған 700$ жоғалтқаны туралы және қосымша 400$ төлейтін болса, оны да жоғалтатыны туралы айттым. Ол өз ақшасын қайтара алмайды.

Мен оған бұл жағдайды ұмытып, сабақ ретінде қабылдауды ұсындым. Заңгерлер арқылы да ақшаны қайтару өте қиын болады, себебі оған тағы қосымша ақша қажет болады. Ол менімен келісті.

Бір аптадан кейін сол қыз маған тағы да қоңырау шалып: «Василий, мен олармен сөйлестім, олар маған комиссияны 200$ дейін төмендетуге дайын екенін айтты. Қалай ойлайсыз, олар алаяқтар ма жоқ па?»

Ақша біз үшін соншалықты маңызды, тіпті алдымызда алаяқтар екенін білсек те, біз әлі де пайда табу мүмкіндігіне сенеміз. Осылай алданып қалмаңыздар: қаржылық құралдың сенімділігін бірнеше рет тексерген жөн.

Ақшаны жинаудың ең сенімді әдістерінің бірі — депозит ашу. https://home.kz/deposits/depozit-sberegatelnyjHome Credit Bank-те депозит мөлшерлемесі жылдық 17%-ға дейін. Мұндай салым сізге капиталды инфляциядан қорғап қана қоймай, ақшаны көбейтуге мүмкіндік береді. Депозитті кез келген сомадан ашуға болады. Нақты кірісті есептеп, күнделікті пайыздарды банктің мобильді қосымшасында көруге болады.

  1. Ақша туралы бұрынғы ойыңыздан арылыңыз

Балалық кезімізден ақша туралы қалыптасқан ойлар ақша жинауға және оны көбейтуге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл ойларды дербес түрде өзгертуге немесе психологқа баруға болады. 

Эмоция тұрғысынан қарағанада, ақша — өте маңызды нәрсе. Қаржылық әл-ауқат — адамның бақыт өлшемдерінің бірі. Сондықтан қаржы туралы дұрыс ойларды қалыптастыру және оларды ұстану маңызды болып табылады. Олар ақшаны көбейтуге ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан өзіңізді жайлы сезінуге көмектеседі.

Қате ойлар:

  • «Ақша тек ауыр еңбекпен келеді»

 

  • «Мен көп ақшаға лайық емеспін»

 

  • «Бай өмір сүрген жоқпыз — бастаудың қажеті де жоқ»

 

  • «Ақша — зұлымдық»

 

 

Дұрыс ойлар:

 

  • «Менің табыс алудың көптеген мүмкіндіктерім бар»

 

  • «Мен қаржылық еркіндік пен молшылыққа ие бола аламын»

 

  • «Ақша табудың көбірек мүмкіндіктерін іздегенім жөн болады»


     
  • «Ақша — бұл оңай және ол керемет сезім сыйлайды»

 

Василий Мещеряков айтады: «Мен қаржы туралы жағымсыз ойларды үш дөңгелекті велосипедпен салыстырамын. Бала кезде ол қажет, бірақ өскенде біз мұндай велосипедке міне алмаймыз. Қаржы туралы ойлармен де дәл солай. Егер ол ойлар бала кезден келе жатқанын түсінсеңіз, олардан құтылу керек. Бұл ойлар сізге кедергі болады. Сол ойлардың салдарынан сіз ақша жинамайсыз, қандай да бір құралдарды игере алмай жүрсіз».

Қаржы сарапшысы ұсынатын 5 кеңес

 

Бұл блокта Василий Мещеряковтың стандартты емес, бірақ дәлелденген кеңестерін қарастырамыз.

  1. Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрету

Осылайша сіз екі мақсатты орындайсыз:

Біріншісі: сіздің балаларыңыз қаржылық сауатты болып өседі.

 

«Балалық шағыңызды еске түсіріңіздер. Ата-аналарыңыз сіздерге ақша туралы, оны қалай табуға, сауатты жұмсауға, үнемдеуге болатыны туралы айтты ма? Менің ойымша, адамдардың 99%-ы «Жоқ» деп жауап береді.

Маған ақша туралы ешкім айтпаса, мен оны қайдан білемін? Көлікті ешқашан көрмегеніңізді және айналаңызда ешқашан көлік болмағанын елестетіп көріңіз. Кенеттен сізге: «Жүргізуші куәлігін алып, машинаны айдаңыз» деп айтады. Ал сіз оның тіпті қанша дөңгелегі бар екенін білмейсіз!

Ақшамен де дәл солай. Егер адамға ақшаны қалай көбейту керектігін ешкім айтпаса, ол мұны істей алмайды».


Екіншісі: сіз жеке қаржы мәселелерін өзіңіз жақсы түсіне бастайсыз.

Біреуге, әсіресе балаға бір нәрсені түсіндіру үшін ол туралы біліміңіз жеткілікті болуы тиіс. Баланы қаржылық сауаттылық туралы кітаптар немесе курстар арқылы оқытуға болады. Бірақ бұл топтық жұмыс болуы керек. Балаңызбен бірге курстардан өтіңіз.

Балаларға арналған қаржылық сауаттылық туралы Бодо Шефердің «Пес по имени Мани» деген жақсы кітабы бар.

  1. «Қуаныш сыйлайтын шығындар» ойынын ойнаңыз

Көптеген адамдар қаржылық кеңесшілерге келесі мәселесімен келеді: олар тапқан ақшаның бәрін жұмсайды. Көп ақша тапты — көп ақша жұмсады, аз ақша тапты — аз ақша жұмсады. Ал егер ақша жеткіліксіз болса, кредит алады. Кредиттері көбейіп, ақша жинау мүмкін емес болады.

Өзіңізді аз ақша жұмсауға мәжбүрлеу қиын. Шығындар азайса, өмір сапасы нашарлайды. Ал біз нашар өмір сүргіміз келмейді, солай емес пе?

Ең алдымен шығындарды анықтаңыз. Ол үшін бір айдағы барлық шығындарды жазып алыңыз. Содан кейін оларды қуаныш сыйлайтын және қажетсіз шығындарға бөліңіз. Енді ойынға келетін болсақ: ақшаны қажетсіз шығындардан қуаныш сыйлайтын шығындарға аударыңыз.

Василий Мещеряковтың мысалы: «Мен «Киім» және «Білім» шығындарын алдым. Бір жыл бұрын мен бюджетке талдау жасаған кезде киімге 13%, ал білімге тек 2% жұмсайтынымды байқадым. Бірақ мен жаңа киімдерге қарағанда оқу курстары, кітаптар маған көп қуаныш сыйлайды. Сонда мен былай ойладым: мен қанша киім сатып алып жүрмін және оның бәрін киемін бе?

Мен ақшаны «Киім» шығындарынан «Білім» шығындарына аудара бастадым. Бірақ бұл әрекетім мен 2%-ды киімге, ал 13%-ды білімге қалдырдым деген сөз емес. Мен өзіме қажет емес сатып алулардан бас тартып, киім шығындарын 11%-ға дейін азайттым. Ал білімге 4% жұмсадым, яғни мұндағы шығындар екі есе өсті.

Осы жылдың соңында менің шығындарым өзгеріссіз қалғанын, бірақ өмір сапасы жақсарғанын байқадым».

«Қуаныш сыйлайтын шығындар» ойынының мәні — шығындарды азайтпай, өмірден көбірек ләззат алу.

Жинақтау тұрғысынан да бұл дұрыс болып табылады. Өйткені сіз бұл ретте қосымша ақша жұмсамайсыз. Яғни қосымша табысыңыздың бәрін жинақтай аласыз. Сіз қосымша ақшаны қайда жұмсауды емес, шығындарды дұрыс реттеу туралы ойлай бастайсыз. 

«Менің бір клиентім үйге арналған тауарларға кететін шығындарды азайту арқылы бір аптаға демалысқа барып келді. Ол бұл заттардың онша маңызды емес екенін түсініп, ақшаның бір бөлігін саяхатқа аударды. Нәтижесінде көптен армандаған саяхатқа ақшаны оңай жинады. Мұның бәріне қосымша шығындар қажет болмады».

Адамдар шығындарды өз қалауынша бөледі. Бұл әдіс шынымен де өте тиімді болып табылады.

  1. Қателессеңіз де уайымдамаңыз

Жеке бюджет ешқашан нақты бухгалтерлік есеп бола алмайды. Бұл өмір болған соң, кез келген есептеуде қателіктер болады.

Сондықтан бір нәрсені қате есептесеңіз өзіңізді кінәламаңыз. Қателікті қай жерден жібергеніңізді түсініп, келесіде қайталамауға тырысыңыз.

Жоспарлаудағы қателік нашар нәтижені білдірмейді. Бірақ келесі есептеуде нені ескеру керектігін көрсетеді. Ал егер сіздің жоспарыңыз болмаса, онда нәтижеге келу одан да қиын болады.

Василий Мещеряков айтады: «Жеке бюджетті жүргізе бастаған адамдарға қателіктер болуы мүмкін шығындарды міндетті түрде жазуды ұсынамын. Не үшін? Оның қалай жұмыс істейтінін көру үшін.

Саяхатты бір жыл бұрын жоспарлауға тырысыңыз: баратын жеріңізді, билеттерге, тамақтануға және басқа да заттарға жұмсалатын ақшаны жазып алыңыз. Сіз 100% қателесесіз. Бірақ егер сізде жоспар мүлдем болмаса, демалысыңыз да басқаша өтеді.

Яғни: сіз саяхатқа 400 000 ₸ жұмсауды жоспарладыңыз, ал іс жүзінде 300 000 ₸ жұмсадыңыз. Иә, сіз қателестіңіз. Бірақ жоспар болмаса, бұл сома мүлдем басқаша болар еді».

  1. Жоспарды алдағы бес жылға жасаңыз

Ақша жинау уақытты қажет етеді. Адамның ақша жинау және оны арттыру дағдылары туралы тек 5+ жылдан кейін айтуға болады. Егер осы уақыт ішінде оның нәтижесі тұрақты болса, онда ол қаржымен жұмыс істей алады деген сөз. Егер адам бір жыл ішінде қандай да бір соманы жинап, көбейтсе де, бұл нақты көрсеткіш емес — өйткені келесі жылы жағдай өзгеруі мүмкін.

Ақша жинауға белгілі бір минималды мерзім қойсаңыз, онда осы мерзімге жоспар қою жөн болады. Жоспар орындалмауы мүмкін, бірақ уайымдамаңыз. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Жоспардың болуы ақша жинауға көмектесіп, жақсы нәтижеге алып келеді. 

Бес жылдық жоспарды айларға бөліп жасау қажет емес. Жалпы мақсаттарды жазу жеткілікті: бірінші жылы не болады, екінші жылы және т. б. Тіпті ең қысқа жоспардың болғаны да жақсы. Осылайша сіз өз болашағыңызды жоспарлайсыз.

Жоспары бар адам жоспары мүлдем жоқ адамға қарағанда жақсы нәтижеге жетеді.

Қаржылық жоспарлаудың тағы бір маңызды факторы — жоспарды уақыт өте келе қайта қарастыру.

«Сіз бес жылға жоспар жасадыңыз. Бір жыл өтті, сіз жоспарды ашып, кейбір сәйкессіздіктерді байқадыңыз. Сол кезде сіз қазіргі жағдайыңызды ескере отырып, төрт немесе бес жылға жаңа жоспар жасайсыз.

Ақша жұмсадыңыз деп уайымдаудың қажеті жоқ. Болашаққа жаңа жоспар жасау жеткілікті болады».

Бюджетті жүргізудің артықшылығы — сіз жоспар жасап, одан кейін өз жағдайыңызды ескеріп, өзгерістер енгізіп, жаңа жоспар жасайсыз.

  1. Ақшаңыз болмаса да, белгілі бір соманы жинақтап отыруды әдетке айналдырыңыз

Көп адамдар: «Менде ақша болған кезде, мен оны жинақтап отырамын» деп ойлайды. Бұл негізі дұрыс. Бірақ ақша жинауды әдетке айналдыру үшін үлкен сома қажет емес.

Ақша жинаудың өзін әдетке айналдырыңыз: ай сайын 1000 жинаңыз. Бұл соманы кез келген адам жинай алады. Мұны жүйелі түрде — апта сайын немесе ай сайын жасаңыз. Сіз көп ақша жинамайсыз, бірақ ақша жинау әдетін қалыптастырасыз. 

Василий Мещеряков: «Бастапқы кезеңде сіз қанша ақша жинайтыныңыз маңызды емес. Ең бастысы — пайдалы қаржылық әдет қалыптастыру. Сіздің табысыңыз өскен кезде — сіз ақша жинап, оны көбейтуге дайын боласыз. Өйткені сізде ақша жинау әдеті болады». 

Мақаланың негізгі түйіндері

 

  • Ақшаны жинауды және көбейтуді бастау үшін дұрыс әдеттерді қалыптастыру керек. Мысалы, бюджетті жүргізу, аз сома болса да ақша жинап тұру.
  • Қосымша ақша жинаңыз, содан кейін ғана инвестициялауды бастаңыз. Бастапқыда тәуекел деңгейі төмен активтерді таңдаңыз. Оларға банктік салымдар, депозиттер жатады. 
  • Балаларға қаржылық сауаттылықты үйретіңіз. Сонда сіз оларды болашақта қателіктерден сақтап, ақша жинақтау мен көбейтудің қыр-сырын білесіз.
  • Шығындарды бөлу кезінде сізге ең көп қуаныш сыйлайтын нәрселерге де ақша қалдырыңыз. Бірақ бұл шығындар бюджет шегінде болуы тиіс.
  • Бес жылға жоспар жасаңыз. Қате жасауға қорықпаңыз! Кірістер мен шығындарды есептеу кезінде қателіктер болуы мүмкін, бірақ егер жоспар мүлдем болмаса, онда бұл қателіктер елеулі болуы мүмкін.
  • Қазір ақша жинау мүмкін емес болса да, ақша жинауды әдетке айналдыруға тырысыңыз. Табыстың қандай да бір бөлігін ақша жинау үшін сақтаңыз — сонда әдет қалыптасып, табыс өскен сайын ақша жинау және оны арттыру оңай болады.

Танымал өнімдер мен қызметтер