1. Басты бет
  2. Блог
  3. Жеке қаржыны қалай бақылауға алуға болады: қаржылық саулыққа арналған қарапайым нұсқаулық

Жарияланды 01.07.2025

Жаңартылды 05.11.2026

4

5 минут

Қаржылық денсаулық дегеніміз не және маңызы неде?

Ұлттық банктің деректері жеке бюджетті талдау қарызға бату ықтималдығын 40%-ға азайтып,мақсаттарға 2,5 есе жылдам жетуге көмектесетінін растайды.

 

Қаржылық тұрақтылықты неден бастау керек?

  • Күнделікті шығындарды жазу
  • Кенеттен болатын шығындарға ақша жинау
  • Нақты қаржылық мақсаттар қою

Неден бастау керек: кірістер мен шығыстарды талдау

Қаржыңызды 30 минутта ретке келтіріңіз - бүгін бес қарапайым қадам жасаңыз:

 

1-қадам: Кірістеріңізді жазыңыз

1. Жалақыңызды, қосымша табысыңызды, депозиттер бойынша пайыздарды - басқа да барлық кірістеріңізді жазыңыз.

 

2-қадам: Шығындарды бөліңіз

Өткен айдағы шығындарыңызды санаттарға бөліңіз: азық-түлік, көлік, ойын-сауық және басқалары.

 

3-қадам: Балансты есептеңіз

Жалпы кірістеріңіз бен шығыстарыңызды салыстырып, қаржылық нәтижеңізді анықтаңыз: пайда, шығын немесе нөлдік баланс.

 

 4-қадам: Бюджетті ыңғайлы қарқынмен тексеріңіз:

  • Айына бір рет - шығындарды егжей-тегжейлі талдау
  • Тоқсан сайын - динамиканы талдау
  • Жылына бір рет - стратегияны түзету

 

5-қадам: Артық шығындарды жойыңыз - жасырын артық төлемдерді табыңыз:

  • Жоспарланбаған жазылымдар
  • Кенеттен жасалған сатып алулар
  • Жоғары кредит жүктемесі

 

Маңызды қағида: шығындарыңыз кірістеріңізден асып кетсе, шығындарды азайтып немесе жаңа табыс көздерін іздеу керек.

Бюджетті жоспарлау құралдары: күрделіден қарапайымға қарай

Қаржыны есепке алудың дәстүрлі әдістері

Excel немесе Google кестелерінде есеп жүргізу көп уақыт алады әрі қиын. Мұндай есеп жүргізу үшін жүйелілік пен уақыт керек. Себебі сізге:

  • Кірістер мен шығыстар санаттарын қолмен жинақтау
  • Әр сатып алуды күн сайын жазып отыру
  • Формулаларды өзіңіз жаңартып, кестедегі есептердің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау қажет

 

Қолмен есеп жүргізудің негізгі кемшіліктері:

  • Көп уақыт пен күш жұмсалады
  • Сандардан қателесу немесе шығынды енгізуді ұмытып кету оңай
  • Жүріп бара жатып, смартфоннан кестені ашып қарау қолайсыз
  • Шығындарды санаттар бойынша қолмен бөлуге тура келеді

 

Заманауи шешімдер

Қазір жеке қаржыны басқаруға арналған көптеген қосымша бар Олар сатып алуларыңыз туралы деректерді автоматты түрде жинап, артық күш жұмсамай-ақ бюджетіңізді бақылауға көмектеседі

  • Карталар бойынша барлық шығындарды автоматты түрде есепке алады
  • Шығындарды санаттарға бөледі: азық-түлік, кафелер, көлік
  • Шығындарыңызды көрнекі әрі түсінікті графиктер арқылы көрсетеді
  • Барлық қаржылық талдауды смартфоныңызда сақтайды

Home.kz-тегі қаржым: ақшаны басқарудың заманауи тәсілі

blog_banner_finhelper-kz

Қаржыңызды нағыз сарапшыдай басқарыңыз

Бюджетіңізді қосымшада бақылаңыз

Шығындарды қадағалап, қаржылық сауаттылықты арттырыңыз

blog_banner_finhelper-kz

Қолмен есеп жүргізу мен формулаларды ұмытыңыз. Home Credit Bank мобильді қосымшасындағы «Менің қаржым» бөлімінде кірістеріңіз бен шығыстарыңызды автоматты түрде бақылаңыз. «Менің қаржым» бөлімінің мүмкіндіктері:

 

1. Операциялардың бірыңғай тарихы

imageArticle

Home.kz қосымшасында бәрі бір жерде жинақталған. Операциялар тарихын карталар, күндер немесе операция түрлері бойынша реттеңіз. Кез келген сатып алуды оңай тауып, оның сомасын, санатын және есептелген бонустарын көре аласыз.

Тарихта кофе немесе супермаркеттен алынған азық-түлік сияқты ұсақ шығындар да көрсетіледі. Шығындарыңызды бақылауға ыңғайлы болу үшін әр сатып алу санаттарға автоматты түрде бөлінеді.

 

2. Жалпы баланс

imageArticle

Қосымшада барлық шоттарыңызды оңай бақылай аласыз:

  • ₸-дегі жалпы баланс - валюталық шоттардағы қаражат та ағымдағы бағам бойынша автоматты түрде теңгеге қайта есептеліп, жалпы сомаға қосылады.
  • Шот түрлері бойынша толық ақпарат
  • Әр карта мен шот бойынша балансты бір экранда көру

 

Мысалы, жалпы балансыңыз 570 000 ₸ болса, ақшаңыздың қалай бөлінгенін бірден көре аласыз:

  • Дебеттік карталар — 500 000 ₸
  • Кредиттік карталар — 10 000 ₸
  • Ағымдағы шоттар — 10 000 ₸
  • Депозиттер мен инвестициялар — 50 000 ₸

 

3. Санаттар бойынша шығындар

imageArticle

Қосымша шығындарыңызды автоматты түрде санаттарға бөліп, ақшаңыздың қайда жұмсалатынын бірден көруге мүмкіндік береді.

 

4. Кіріс көздері 

imageArticle

Шығындарыңызды ғана емес, кірістеріңізді де бақылаңыз:

  • Толықтырулар — 10 800 ₸
  • Депозиттер мен инвестициялардан түскен кіріс — 5 400 ₸
  • Теңгеге аударылған бонустар — 1 800 ₸
  • Таңдалған кезеңдегі жалпы кіріс — 18 000 ₸

 

5. Кірістер мен шығыстар балансы

imageArticle

Қосымша тапқан табысыңыз бен жұмсаған ақшаңыздың айырмасын көрнекі түрде көрсетеді. Ыңғайлы шкала қаржылық жағдайыңызды көрсетеді. 

 

Біз сервисті күн сайын жетілдіріп отырамыз. Қосымшадағы жаңартуларды бақылап отырыңыз.

Қаржылық мақсаттар: не үшін қажет және оларды қалай қоюға болады

Қаржылық мақсаттар арманыңызға жетуге көмектеседі. Олар бағыт-бағдар беріп, жоспарсыз шығындардан сақтайды. 

 

Қаржылық мақсаттардың түрлері:

Түрі

Мерзімі

Мысалы

Қысқа1 жылға дейінқауіпсіздік қоры, демалыс, жаңа телефон
Орта1 жылдан 5 жылға дейінпәтерге алғашқы жарна, оқу ақысы, көлік сатып алу
Ұзақ5 жастан бастапзейнетке шығуға ақша жинау, пассивті табыс, ипотеканы мерзімінен бұрын жабу

 

Қаржылық мақсаттарды қалай дұрыс қою керек?

  1. Мақсатыңызды нақты қойыңыз: «пәтер алғым келеді» деудің орнына → «алғашқы жарнаға 1 000 000 ₸ жинаймын» деп мақсат қойыңыз
  2. Мақсатыңызды сандармен белгілеңіз: нақты соманы және мерзімді көрсетіңіз - «2 жылда 1 000 000 ₸ жинау»
  3. Мақсатыңыздың қолжетімділігін бағалаңыз: кірісіңіз қажетті соманы жинауға мүмкіндік беретінін тексеріңіз
  4. Мақсаттың маңыздылығына көз жеткізіңіз: ынтаңызды жоғалтпау үшін шынымен қажет нәрсені таңдаңыз
  5. Мерзімін белгілеңіз: мақсатыңызға жететін нақты ай мен жылды көрсетіңіз.

 

Мақсатыңызға жету барысын қосымшада оңай қадағалай аласыз. Жоспарларыңызды шығындарыңызбен уақтылы салыстырып отыру үшін «Менің қаржым» бөліміне өтіңіз.

Қорытынды

Қаржылық сауаттылық кірістер мен шығыстарды бақылаудан басталады. Күрделі кестелер мен жазбаларсыз-ақ мобильді қосымша арқылы бюджетіңізді бақылау ыңғайлы.

 

Қосымшада:

  • Операцияларды автоматты түрде есепке алу
  • Баланс пен шығындардың көрнекі құрылымы
  • Кірістер мен шығыстарды салыстыру
  • Қаржылық әлеуетті бағалау

 

Бюджетіңізді оңай басқару үшін Home.kz қосымшасын жүктеп алыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Қаржылық есепті не үшін жүргізу қажет?

Қаржылық есеп жүргізудің басты мақсаты - ақшаңызды толық бақылауға алу. Бұл:

  • Ақшаның нақты қайда жұмсалатынын көруге
  • Бірден байқала бермейтін шығындарды анықтап, оларды қысқартуға
  • Ірі мақсаттарға (демалысқа, көлікке, пәтерге) ақша жинауды жеделдетуге
  • Қарыздар мен кредиттерден құтылуға мүмкіндік береді

 

2. Басқа банктердегі операциялар да есепке алына ма?

Жоқ, әзірге «Қаржым» бөлімінде тек Home Credit Bank карталары мен шоттары бойынша операциялар есепке алынады. Басқа банктер арқылы жасалған төлемдер мен қолма-қол ақшалай шығындар талдауда көрсетілмейді.

 

3. Шығыстарды толық есепке алуды қалай жүргізуге болады?

Толық қаржылық талдауды көру үшін күнделікті шығындарыңызға Home Credit картасын негізгі карта ретінде пайдаланыңыз. Сонымен қатар, басқа шығындарыңызды бөлек қосымшада немесе кестеде тіркей аласыз.

 

4. Шығын санаттарын өзіңіз баптай аласыз ба?

Қазір қосымшада сатып алулардың көпшілігіне сәйкес келетін дайын санаттар қолданылады. Сервис операция түрі мен төлем жасалған орынға қарай санатты автоматты түрде анықтайды.

 

5. Қаржылық талдау қаншалықты жиі жаңартылады?

Деректер лезде жаңартылады. Жаңа операция тарихта бірден көрсетіліп, шығындар есебіне қосылады.

 

6. Қаржылық талдау қаншалықты қауіпсіз?

Home Credit деректеріңізді сенімді қорғайды. Қосымшаға кіру логин мен құпиясөз арқылы қорғалған. Сондай-ақ, саусақ ізі немесе Face ID арқылы кіруді баптауға болады.