Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Инвестициялар және жинақ ақша
10 минут

Депозитті қалай есептеу керек: пайыздарды қалай есептеу керек, формула және есептеу мысалдары

Депозитті қалай есептеу керек: пайыздарды қалай есептеу керек, формула және есептеу мысалдары

Пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не?

 

Пайыздық мөлшерлеме салымшының депозитке ақша салудан алатын пайда мөлшерін көрсетеді. 

Мысалы, сіз банкке 1 000 000 ₸ салсаңыз және банк Сізге бір жыл ішінде 100 000 ₸ төлеген болса, онда пайыздық мөлшерлеме кіріс мөлшерінің депозиттің жалпы сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Формула:
 


              

Салым бойынша пайыздар екі жолмен есептеледі: қарапайым және күрделі пайыздарды пайдалану арқылы. 

Қарапайым пайыз дегеніміз не?

 

Есептеудің бұл түрінде пайыздар салымның бастапқы сомасына ғана есептеледі. Формула:
 

                                                       

S — мерзім аяқталғаннан кейінгі пайыздар сомасы;

P — салымның бастапқы сомасы; 

r — жылдық пайыздық мөлшерлеме;

n — депозитті орналастыру күндерінің саны;

Т — бір жылдағы күндер саны (365 немесе 366).

Мысалы, сіз 180 күнге жылдық 15%-бен 5 000 000 ₸ салдыңыз. Сонда сіздің осы кезеңдегі табысыңыз келесідей болады:



 

                        

Есептелген пайыздарды банк салымшыға шартта белгіленген кезеңде, мысалы, депозит мерзімінің соңында, тоқсан сайын немесе ай сайын төлейді. Сондықтан қарапайым пайыздар есептелетін салымдар жалақыға немесе зейнетақыға қосымша табысты алғысы келетін адамдар үшін тиімді болады.

Күрделі пайыз

 

Күрделі пайыздың қарапайым пайыздан айырмашылығы - банк есептелген пайыздарды салымшыға жібермей, оларды депозиттің негізгі сомасына қосады. Келесі кезеңде сыйақы тек салымның бастапқы сомасына ғана емес, оған қоса пайыздарға да есептеледі. Сондықтан табыс геометриялық прогрессияда өседі. Ол капиталдандыру деп аталады. 

Мысалы, сіз жылдық капиталдандырумен жылдық 15%-бен 1 000 000 теңгеге депозит аштыңыз. Бір жылдан кейін банк сізге 150 000 ₸ мөлшерінде пайыздарды есептейді. Келесі жылы пайыздар 1 150 000 ₸ сомасына есептеледі, сондықтан депозит 172 500 теңгеге өседі. Сонда жыл сайын депозит сомасы ғана емес, есептелген пайыздар сомасы да артады.

Күрделі пайыз формуласы:

 

                               

мұндағы S — мерзім аяқталғаннан кейінгі салым сомасы;

P — депозиттің бастапқы сомасы;

r — жылдық пайыздық мөлшерлеме; 

n — бір жылдағы пайыздарды есептеу кезеңдерінің саны;

t — салым мерзімі (жыл).

Салым бойынша пайыздар күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын немесе жыл сайын есептелуі мүмкін. Пайыздар неғұрлым жиі есептелсе, салым кірістілігі соғұрлым жоғары болады. 

Жылдық 15%-бен 2 жылға 1 000 000 ₸ сомасына орналастырылған депозит бойынша капиталдандырудың әртүрлі кезеңдерін мысал негізінде қарастырайық.

Тоқсан сайынғы капиталдандыру кезінде пайыздар жылына 4 рет есептеледі. Салымның қорытынды қалдығы:

 

                                                                     

Табыс — 342 470 ₸.

Ай сайынғы капиталдандыру кезінде пайыздар жылына 12 рет есептеледі:

 

                                  

 

Бұл жағдайда кіріс 347 351 ₸ құрайды.

Күнделікті капиталдандыру кезінде пайыздар жылына 365 рет есептеледі:

 

                                  

 

Сонда мерзімнің соңында 349 776 ₸ пайда түседі.

Home Credit Bank депозиттер бойынша тиімді шарттарды ұсынады: барлық салымдар бойынша капиталдандыру бар, ал пайыздар күн сайын есептеледі.

Ақша толықтыру және алу мүмкіндігі бар депозиттер бойынша пайыздарды есептеу

 

Кейбір депозиттердің шарттары бойынша салымды толықтыруға және ақша алуға болады. Сонда салымшы алғашқы жарна жасап, салымның бүкіл мерзімі ішінде ақша толықтыру және ақша алу құқығына ие болады. 

Толықтыру мүмкіндігі бар салымдар бойынша пайыздар бастапқы сомаға және қосымша жарналарға да есептеледі. Мерзімнің соңында пайыздар қосылады.

Бұл жағдайда қарапайым пайыз формуласы сәл өзгеше болады: 

 

                                                          

 

мұндағы К — толықтыру сомасы;

r — пайыздық мөлшерлеме;

d — толықтыру сәтінен бастап пайыздарды есептеу күніне дейінгі күндер саны;

t — салым мерзімі.

Мысал: Айдың бірінші күнінде пайыздар ай сайын есептелетін жылдық 15%-бен 1 000 000 ₸ сомасына салым ашылды. Сол айдың 11-і салымшы оны 100 000 ₸ сомасына толықтырды. Осы мысалға негізделе отырып, қарапайым пайыз формуласы бойынша кірісті есептеп көрейік.

Алдымен салымның бастапқы сомасынан бір ай ішінде түсетін пайыздарды есептейміз:

 

 

Содан кейін ағымдағы айда салымда 20 күн болған 100 000 ₸ қосымша жарна бойынша пайыздарды есептейміз:

 

 

Бір айдағы жалпы табыс— 12 328 ₸ + 822 ₸ = 13 150 ₸.

Ішінара алу кезінде кіріс дәл солай есептеледі, бірақ пайыздар қосылмай, керісінше шегеріледі.

Күрделі пайыздарды есептеудің классикалық формуласы толықтыру және алу мүмкіндігі бар депозиттерге қатысты қолданылмайды. Егер салым бойынша капиталдандыру бар болса, онда пайыздар жаңа жарнаға да есептеледі. Сондықтан пайыздар депозиттегі әр ақша қозғалысынан кейін қайта есептелуі тиіс. Оны дербес түрде есептеу оңай емес. Сондықтан салымшыларға арналған депозиттік калькулятор бар.

Депозиттік калькулятор

 

Депозиттік калькулятор — бұл салымдардың кірістілігін есептеуге арналған ыңғайлы құрал. Оның арқасында әртүрлі депозиттерді салыстырып, таңдау жасауға болады.

Депозиттік калькуляторлардың екі негізгі түрі бар: 

  • әмбебап калькулятор: ол салымның кез келген түрі үшін қолданылады. Онда соманы, мерзімді, пайыздық мөлшерлемені, пайыздарды капиталдандыру жиілігін, толықтыру немесе ақша алу сомасын енгізіп, болжамды кірісті тез анықтауға болады; 
  • банктің сайтындағы арнайы калькулятор: ол салымдардың белгілі бір түрлері бойынша кірістерді есептеу үшін қолданылады.

Home Credit Bank-тің сайтында да жеке депозиттік калькулятор бар. Калькуляторға салым сомасын, мерзімін және ай сайынғы толықтыру сомасын енгізу қажет. Ол депозит бойынша табысты өзі есептейді. Оның көмегімен белгілі бір кіріске жету үшін қажетті соманы есептеуге болады. 

Показ изображения imageArticle

Депозиттік калькулятор бұл алдын ала есептеулерді жасауға көмектесетін құрал екенін ұмытпау қажет. Салымның нақты кірістілігі басқаша болуы мүмкін. Сондықтан салымды ашпас бұрын банк қызметкерлерінен кеңес алған жөн. 

 

Мақаланың негізгі түйіндері

 

  • Табыс банктің пайыздарды есептеу кезінде қандай алгоритмді қолданатынына байланысты болады.

     
  • Сыйақы қарапайым әдіспен есептелген кезде банк оны салымның бастапқы сомасына ғана есептейді. Бұл ретте есептеу кезеңі мерзімнің соңында, ай сайын, тоқсан сайын болуы мүмкін. Салымшы пайыздарды үнемі алып, өз қалауы бойынша пайдалануы мүмкін.

     
  • Сыйақы күрделі әдіспен есептелген кезде пайыздар негізгі салым сомасына да, пайыздарға да есептеледі. Бұл шарттар өте тиімді болып табылады, бірақ ақшаны мерзімнің соңына дейін алуға болмайды.

Егер салымшыға ақша толықтыру және алу мүмкіндігі қажет болса, онда кірісті дербес түрде есептеу жөн. Өйткені формула бойынша есептеу кезде қате жасауға болады. Бұл жағдайда депозиттік калькуляторды қолданған немесе банк менеджеріне хабарласқан жөн. 

image
Диана Жигалова
Сарапшылар:

Танымал өнімдер мен қызметтер