Жарияланды 19.02.2024
Жаңартылды 14.05.2026
10 минут
Жыл сайын ақша өзінің сатып алу қабілетін жоғалтады. Мысалы, егер өткен жылы екі бөлмелі пәтерге бір айлық коммуналдық қызметтер төлемін жасау үшін 25 мың теңге жеткілікті болса, биыл бұл сома оның 80%-ын ғана төлеуге жеткілікті болады. Сондықтан ақшаны үйде сақтау дұрыс емес. Ақша сақтаудың, машинаға ақша жинаудың немесе қосымша табыс көзін табудың тағы бір әдісі бар — ол инвестициялау. Осы мақалада инвестиция салуды бастайтын адамдар неден бастау керектігі туралы айтатын боламыз.
Ол әртүрлі мақсаттарға байланысты болады.
Егер сіз ақша сақтауды қаласаңыз, бастапқы капитал кез келген сома болуы мүмкін. Тіпті 5 мың теңгеге бірнеше активтерді, мысалы, бағалы қағаздарды сатып алуға болады. Бірақ операциялар үшін комиссия бар болғандықтан бұл өте тиімсіз. Ал егер мақсатыңыз ақша табу болса, кем дегенде 150-250 мың теңгеден бастау керек.
Инвестициялау кезінде ақша жоғалту тәуекелі бар. Сондықтан биржаға шықпас бұрын қосымша ақша жинаған жөн. Нарықтағы тұрақсыздық кезінде активтердің бағасы төмендесе немесе пайда боламаса, қосымша ақша сізге қажет болады.
Әдетте бір немесе бірнеше айлық кірісті сақтаған жеткілікті. Бұл инвестиция сомасына және таңдалған құралдарға байланысты болады. Қосымша ақшаны инвестициямен бірге жинауға болады, бірақ ақша жинауды неғұрлым ертерек бастасаңыз, соғұрлым тиімді болады. Ұзақ мерзімді инвестициялар үшін 6–8 айлық табыс мөлшеріндегі соманы жинаңыз.
|
Инвестициялық стратегия — бұл белгілі бір құралдар жиынтығы бар инвестиция жоспары. Ол мақсаттарға байланысты болады және инвестордың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Мысалы, инвестордың инвестициялауға немесе басқа да әрекеттерге жұмсауға дайын уақытына байланысты болады. Жас инвесторлар тәуекелге бейім болады, өйткені олар капиталды қалпына келтіре алатынын біледі. Ал ересек адамдар жинақтарды сақтауға тырысады және әдетте тәуекелге бармайды.
Мақалада біз үш стратегияны қарастырамыз: консервативті, тәуекел деңгейі орташа және жоғары (агрессивті).
👛 Консервативті стратегия жинақтарды сақтауға көмектеседі. Мұндай стратегияның тәуекел деңгейі төмен. Құралдар тұрақсыздық пен дағдарыс кезеңінде капиталды сақтау және біраз табысқа шығу үшін таңдалады.
Консервативті стратегиядағы тәуекел деңгейі төмен құралдар:
💸 Егер сіз жоғары табыс тапқыңыз келсе, тәуекел деңгейі орташа болатын стратегия құралдарын пайдаланған жөн. Ол консервативті және агрессивті стратегия элементтерінен тұрады: капиталды қорғауға бағытталған және тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді. Бірақ консервативті стратегияға қарағанда табыс жоғары болады.
💰Егер сіз қысқа мерзімде капитал табуды жоспарласаңыз, тәуекел деңгейі жоғары немесе агрессивті стратегияны қолдану керек.
Тәуекел деңгейі жоғары құралдар:
Сарапшылар портфельді әртараптандыруға кеңес береді: тәуекел деңгейі әртүрлі болатын активтерді сатып алу. Көбінесе бірнеше активтердің құны төмендесе, тіпті бір өсіп келе жатқан актив жоғары табыс әкелуі мүмкін. Кейде жеке активтерге ақша салу емес, көптеген түрлі қағаздарды ұстаған дұрыс. Инвестициялар және тәуекелдер жөніндегі сарапшы Жангир Бектемиссов: «Microsoft, General Motors, Amazon, Tesla және басқа да ірі компаниялардың акцияларын бөлек сатып алудың орнына, бірден мыңдаған компаниялардың қағаздары бар индекс қорын (ETF) алу әлдеқайда оңай әрі тиімді. Осындай қордың біреуін 400-500 долларға сатып алу сіздің салымдарыңызды бүкіл нарыққа қатысты әртараптандыруға мүмкіндік береді. Индекс қорларының ыңғайлылығы - компанияға өз бетінше талдау жүргізудің қажеті жоқ. Бұндай дағды кәсіби менеджерлердің көпшілігінде жоқ. Сондықтан ең тиімді шешім нарықтық сыйақы алу мақсатында нарықтық тәуекелі бар нарықтық қорды сатып алу болып табылады». |
Егер сіз жаңа салымшы болып, дербес түрде инвестициялағыңыз келсе, консервативті стратегия мен қарапайым құралдардан бастаған жөн. Оларды түсіну қиынға түспейді. Мысалы, депозитті кез келген банкте 10-20 минут ішінде ашуға болады. Ол үшін бөлімшеге келуге немесе қосымшада бәрін онлайн жасауға болады.
| Ақшаны инфляциядан сақтап қана қоймай, пайданы көбейту үшін жоғары мөлшерлемесі бар депозиттерді таңдаңыз — Home Credit Bank-те жылдық 17%-бен толықтыру мүмкіндігі бар жинақ депозитін ашуға болады. |
Биржаға шығу. Биржада бағалы қағаздар сатылады: акциялар, инвестициялық пай қорлары (ИПҚ), әртүрлі облигациялар және т.б.
Бағалы қағаздарды дербес түрде сатып алу және сату мүмкін емес. Жеке тұлғалардың қор биржасына (KASE) қолжетімділігі жоқ. Ол үшін делдал, яғни брокер қажет. Бұл биржада қаржылық операциялар жасауға лицензиясы бар ұйым. Брокерлер инвестор атынан активтерді сатып алу-сату мәмілелерін жүргізеді. Бұл ретте инвестор операциялар бойынша барлық шешімдерді дербес түрде қабылдайды. Брокер өзінің инфрақұрылымын активтерді сатып алу-сату үшін пайдаланып, ол үшін комиссия алады және мәмілелерден салық төлейді. Жеке қаржылық мақсаттарыңызға байланысты кейбір брокерлер инвестициялық стратегияны құруға немесе оны реттеуге көмектеседі.
Әдетте, брокерлік компанияларға банктер арқылы шығуға болады. Банктің жеке брокерлік ұйымы болады немесе ол әртүрлі брокерлермен жұмыс жасайды. Егер сіз брокерді KASE сайтындағы белсенділік рейтингінде тапсаңыз, бұл ресми ұйым дегенді білдіреді.
Тәуекел деңгейі жоғары құралдар. Егер сіз тәуекелге барып, қысқа мерзімде үлкен пайда алғыңыз келсе, бірақ тәжірибеңіз көп болмаса, портфельді сенімгерлік басқаруға тапсыруға болады.
Сенімгерлік басқару кезінде кәсіби басқарушы маман мәмілелерді дербес түрде басқарады. Сіздің міндетіңіз — ақшаны беру, комиссияларды төлеу және пайда табу.
Портфельді әртараптандыру өте маңызды: егер сіз депозит сомасын әртүрлі бірнеше активтерге бөлсеңіз, олардың біреуі дағдарысқа ұшыраған жағдайда сіз бүкіл портфельді жоғалтпай, тіпті пайда таба алуыңыз мүмкін.
Бірақ сарапшылар жаңа салымшыларға портфельді тәуекел деңгейі жоғары құралдардан жинамауды ұсынады. Одан да тәуекел деңгейі төмен немесе орташа болатын бірнеше активтерді таңдаған дұрыс.
Барлық қосымша ақшаны биржалық активтерге салу дұрыс емес. Өйткені нарық бағаларын нақты жоспарлау мүмкін емес. Қор нарығына әсер ететін факторлар өте көп: әлемдегі және белгілі бір елдегі экономикалық жағдай, саяси оқиғалар, ірі инвесторлар және т.б.
Күтпеген жағдайларда активтерді икемді басқару үшін сарапшылар биржалық активтерді сатып алмас бұрын да қосымша ақша жинауды ұсынады. Сонда дағдарыс кезінде ақша жоғалтпай, пайда табуға болады.
Инвестицияны жаңадан бастайтын адамдардың мақсаты - бірден үлкен ақша табу. Іс жүзінде алдымен портфельге ақша салуға тура келеді. Уақыт өте келе салынған ақшаңыздан пайда көруге болады. Бір жылдың ішінде бағалы қағаздарды сатып алу және сату кезінде пайда табу мүмкін емес. Акциялардың көмегімен де бұл мүмкін болмайды: бұл құралдың бағасының өзгеруі (құбылмалылығы) ұзақ мерзімді инвестициялау кезінде бәсеңдейді.
Биржалық активтердің бағасы өседі, содан кейін төмендейді — бұл нарықта болатын процесс. Көбінесе баға күрт төмендеген кезде жаңа инвесторлар акцияларды арзанға сата бастайды. Бірақ келесі нәрсені есте сақтау керек: егер баға қысқа уақытқа төмендесе, ол біраз уақыттан кейін көтеріліп, акциялар өседі. Күту керек.
Қате шешім қабылдамау үшін әр актив бойынша шығынның максималды мөлшерін белгілеңіз. Мысалы, егер баға 20%-дан төмен түссе, акцияны сату керек.
Кейбір жаңа салымшылар тәжірибелі инвесторлардың пікіріне сеніп, олар ұсынған активке ақша салады. Бұл дұрыс емес, өйткені ірі инвестордың өз мақсаты болуы мүмкін: ол бағаны басқарып, одан ақша табады. Инвестор компанияның акцияларын сатып алып, басқаларды да сатып алуға шақырады және сұранысты арттырады. Акциялардың бағасы жоғары деңгейге жеткен кезде, ол өз акцияларын сатып, жоғары пайда табады. Бұл бағаның күрт төмендеуіне әкеледі, ал басқа салымшылар ақша жоғалтады.
Мұндай жағдайларға тап болмас үшін, нарықтағы жағдайға сүйене отырып, активтердің ықтимал кірістілігін дербес түрде бағалауды үйреніңіз.