Жарияланды 30.01.2024
Жаңартылды 14.05.2026
5 минут
Салымшы депозитті ашқанда, ол ақшаны банкке белгілі бір мерзімге береді. Осы уақытта банк сол ақшаны басқарып, пайда табуға пайдаланады: мысалы, биржада сауда жасайды немесе клиенттерге кредит береді.
ҚР Заңы бойынша депозит пен салым іс жүзінде бір нәрсені білдіреді. Салым депозиттің бір түрі болып саналады. Ол бойынша банк міндетті түрде салымшыға салым сомасынан пайыз түрінде сыйақы төлейді. Ал депозит деп ақшаны банкке аударудың кез келген түрін айтамыз. Депозит бойынша пайыз төленбеуі де мүмкін. Бірақ сыйақы төленбеу жағдайлары сирек кездеседі.
Мерзім бойынша. Депозиттер мерзімді, мерзімсіз (талап етілгенге дейін) және жинақ депозиттері болып бөлінеді.
Пайыздық мөлшерлеме бойынша. Мөлшерлеме неғұрлым көп болса, депозит бойынша кіріс соғұрлым жоғары болады. Пайыздар екі жолмен есептеледі:
Арлан депозитке жылдық 15% мөлшерлемесімен 1 жылға 500 мың теңге салды. Сыйақы ай сайын есептеледі. Яғни, бұл депозит бойынша жылдық табыс 75 мың теңгені құрайды. Пайыздар ай сайын есептелетіндіктен, банк ай сайын оның шотына 6 250 теңгеден аударады.
Мысалы, Арлан салым бойынша әдеттегі шарттарды таңдады. Бірақ капиталдандыру айына бір рет жүргізіледі. Жылдық табыс — 15%. Капиталдандыруды есептеу үшін мөлшерлемені 12 айға бөлу керек. 1,25% шығады. Онда:
Жыл соңында шотта 580 377 ₸ жиналады. Яғни капиталдандыру бар депозит 5 377 теңгеге тиімді болып шығады.
Салымшыларға күрделі есептеулер жүргізудің қажеті жоқ. Капиталдандыру бар салымның табысын анықтау үшін банктер депозит шарттарында сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін (СЖТМ) жазады. Салымды таңдау кезінде СЖТМ сомасына назар аудару қажет. Ал кіріс сомасын депозиттік калькуляторда есептеуге болады.
Мерзімді және жинақ депозиттері бойынша мөлшерлеме тұрақты немесе өзгермелі болуы мүмкін. Тіркелген мөлшерлеме салымның бүкіл мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады, ал өзгермелі мөлшерлеме шартқа сәйкес өзгеруі мүмкін.
Толықтыру және ішінара алу мүмкіндігі бойынша. Кейбір депозиттер бойынша салымшы шотқа ақша салған кезде салым сомасы мен табыс артады. Бірақ кейде банктер салымды толықтыру үшін минималды немесе максималды соманы белгілейді немесе толықтыру мерзімін шектейді. Мысалы, толықтыру мерзімі жарты жыл болуы мүмкін.
Ақшаны ішінара алу да әсіресе ұзақ мерзімді салымдар үшін ыңғайлы нұсқа болып табылады. Ақшаны еркін түрде басқаруға болады, бірақ шотта төмендетілмейтін қалдық болу керек. Пайыздар шоттағы қалдыққа есептеледі.
Тиімді салымды таңдау әртүрлі жағдайларға байланысты болады.
Барлық банктердің шарттары әртүрлі екенін ескеру қажет. Home Credit Bank-те тиімді ұсыныстар бар:
Салымдарды капиталдандыру күнделікті түрде жүргізіледі. Белгілі бір кезең бойынша кірісті есептеу үшін сайттағы калькуляторды пайдалануға болады.
Депозит — ең қауіпсіз инвестициялық құралдардың бірі. Қазақстанда депозиттерге кепілдік беру жүйесі жұмыс істейді. Бұл дегеніміз, егер банк банкроттыққа ұшырап таратылса, Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлейді. Төлемдердің максималды сомасы:
Ескертпе: өтемақы алу үшін депозит ашылған банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болуы керек. Бұны алдын ала тексерген жөн.
Егер салым сомасы кепілдік берілген өтемнің максималды сомасынан артық болса, онда салымшы қалдықты банкті таратумен айналысатын тарату комиссиясынан кезек тәртібімен ала алады.
Депозитті Қазақстан азаматы және шетелдіктер аша алады. Бірақ әрқайсысы әртүрлі құжаттар жиынтығын ұсыну қажет:
Бұл стандартты құжаттар тізімі болып табылады, бірақ әр банкте тізім әртүрлі болуы мүмкін. Банкке келудің қажеті жоқ: әдетте салымды онлайн түрде сайтта немесе қосымшада ашуға болады.