Трендті бизнес-идеялар
Табысқа тез жете алатын бизнесті жасауға болатын салалар бар. 2024 жылы олардың қатарына келесілер жатады:
Эко-әдеттер және саналы тұтыну. Адамдар өздерінің денсаулығы мен қоршаған ортаға көбірек көңіл бөле бастады. Сондықтан экологиялық білім беру мектептеріне, қайта өңдеу пункттеріне, органикалық азық-түлік дүкендеріне, эко-саяхаттарды ұйымдастыруға сұраныс өсуде. Көп рет пайдалануға болатын сөмкелер, термокружкалар, көп рет пайдалануға болатын бахилалар және балауыздан жасалған майлықтар сияқты эко тауарларды сатудан пайда табуға болады.
Салауатты өмір салты. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 30%-ға дейін артады деп болжайды. Нарық өсуде, сондықтан жаңа кәсіпкер осы нарыққа шығуы мүмкін. Дұрыс тамақтануға арналған қосымшалар, калорияларды санаудың мобильді қызметтері, жеке жаттығу бағдарламалары, фитнес-жаттықтырушылар мен диетологтардың қызметтеріне де сұраныс өсуде.
Балаларға арналған қызметтер. Қазақстанда балалар көп және олардың саны тұрақты түрде өсіп келе жатыр. Жас отбасылар көп тұратын жаңа ғимараттары бар ауданда балабақша ашуға болады. Бірақ мұндай балабақша ашу көп қаражатты талап етеді. Сондықтан репетитор, няня, аниматор немесе балалар фотографының қызметтерін ұсынуға болады.
Маркетплейстер. Қазақстанның электрондық коммерциясындағы маркетплейстердің үлесі — 80%-дан жоғары. ҚР-да тапсырыс беру пункттерін ашу тиімді болып табылады. Мысалы, Wildberries Қазақстанда жаңа тапсырыс беру пункттерін тіркеу үшін кепілдік жарнаны жойып, пункт иелері үшін табыс пайызын 4,27%-ға дейін көтерді. Ozon тапсырыс беру пункттерінің иелері айналым сомасынан 4,4% пайда табады. Шағын елді мекендерде бұл айына шамамен 340 мың ₸ және үлкен қалаларда 700-900 мың ₸ құрайды.
Шет тілдерінен аудармалар. eGov.kz порталының деректері бойынша https://egov.kz/cms/ru/articles/open_translatorbureauҚазақстанда қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ және ағылшын тілдеріне аудару қызметтері сұранысқа ие. Қытай тілінен аударма жасау үшін де сұраныс артып келеді.
Клининг. Адамдар бос уақытын үйді талазауға жұмсағысы келмей, мамандарға жүгінеді. Medium платформасының деректері бойынша, 2023 жылы клинингтік қызметтердің әлемдік нарығының көлемі $74,27 млрд болды, ал 2024 жылдан 2032 жылға дейінгі жылдық өсу қарқыны 6,4%-ды құрайтын болады.
Кез келген уақытта қажет және нарықтың өзгеруіне тәуелді емес бизнес түрлері де бар. Оған азық-түлік дүкендері, наубайхана, сұлулық салоны, кофехана немесе фитнес-залдар жатады, өйткені мұндай тауарлар күнделікті өмірде қажет болып табылады. |
Жоғары технологиялық бизнес
Қазақстан инновациялық жобаларды белсенді түрде дамытып келе жатыр. Жоғары технологиялар саласындағы кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасалады: оларға қаржылық қолдау көрсетіледі және оқыту ұйымдастырылады.
Инновациялық жобалар іске қосу, зерттеу және әзірлеу үшін үлкен шығындарды талап етеді. Бірақ ақша аз болса да келесі бағыттардың бірін бизнес үшін таңдауға болады:
- Бұлтты қызметтер. Қазақстанда бұлтты қызметтер нарығы жыл сайын 31,4%-ға артып келеді. 2022 жылы бұлтты қызметтер елдегі IT шығындарының ең жылдам дамып келе жатқан санатына айналды. Мысалы, бұлтта қазақстандық Tayyab мұсылман финтех-қосымшасы іске қосылды. Бұл шариғат нормаларына сәйкес банктік қызмет көрсететін қаржылық қызмет.
- Қашықтықтан оқыту. Қазақстанда цифрлық білім беру технологиялары белсенді түрде енгізілуде. Оларға чат-боттардың көмегімен оқыту, онлайн-жаттықтырғыштар, оқыту ойындары жатады. Цифрлық оқулықтар мен білім беру платформалары үлкен сұранысқа ие. Білім беру курсын немесе қосымшаны жасап та, онлайн оқыту платформасын іске қосу арқылы да ақша табуға болады.
- Жасанды интеллект. ҚР Үкіметі жасанды интеллектке негізделген жобаларға қолдау көрсетеді. Қазірдің өзінде елде құжаттарды өңдеу, медициналық зерттеулердің нәтижелерін талдау және бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін жасанды интеллект шешімдері енгізілуде. Табысты бизнесті чатботтарды, дауыстық көмекшілерді, киберқауіпсіздік жүйелерін және басқа да нейрондық желіге негізделген өнімдерді жасау арқылы ашуға болады.
Хендмейд
Адамдар қолдан жасалған бұйымдарды жақсы көреді: оларды қазақстандықтардың өздері де, шетелдегі клиенттер де сатып алады. Бұндай бизнесті бастау қиын емес, сондықтан бұл сала жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін жақсы бастама болып табылады. Өндірістік цех немесе шоу-рум ашудың қажеті жоқ — сізге тек клиенттерді табуға болатын алаң, мысалы, әлеуметтік желілердегі парақша немесе шеберлерге арналған делдал қызмет қажет.
Аксессуарлар, косметика, парфюмерия, сабын, ойыншықтар сияқты қолдан жасалған кез келген тауарларды сатуға болады. Тағы бірнеше идея:
- 3D басып шығару. Қазақстанда 3D-технологияларды қолдану аясы кеңейіп келеді. Үш өлшемді модельдер құрылыста, медицинада, дизайнда, фэшн индустриясында, ғылымда және білім беруде қолданылады. Тапсырыс бойынша жасалған ойыншықтар, кәдесыйлар және басқа да қарапайым бұйымдар жасау, 3D модельдеу бойынша мастер-класстарды өткізіп ақша табуға болады.
- Майшамдар. Expert Market Research басылымының зерттеу нәтижелеріне сәйкес, хендмейд-майшамдар нарығы өсуде және 2032 жылға қарай әлемде осы саладағы сату көлемі $10 млрд-тан асады. Майшамдарды қазақстандықтарға да, бизнеске де —мысалы, кәдесый дүкендеріне сатуға болады.
- Киім. 2023 жылдың көктемінде өткен 32-ші қазақстандық сән апталығында https://orda.kz/beshenyj-spros-na-etniku-trendy-2023-goda-predstavili-na-kazakstan-fashion-week/көптеген стилисттер мен дизайнерлер ұлттық костюм элементтерін қолданды. Қолдан жасалған бұйымдар және этникалық әшекейлер қазір сұранысқа ие. Оларды өз қолыңызбен жасап, маркетплейсте, әлеуметтік желілер немесе сайт арқылы сатуға болады.
- Тәтті тағамдар. Қазақстандық кондитерлік өнімдер, бал және алкоголь https://www.zakon.kz/sobytiia/6420854-kakie-kazakhstanskie-tovary-populyarny-na-marketpleysakh-za-rubezhom.htmlқытайлық маркетплейстерде сұранысқа ие. Оларды интернет арқылы сатуға немесе тапсырыс бойынша торттар, кекстер және басқа да тәтті тағамдарды жасауға болады.
Мемлекет қандай бизнеске қолдау көрсетеді?
Қазақстанда жыл сайын бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жаңартылып отырады. Олар белгілі бір уақыт кезеңінде елге ерекше қажет болатын салалар үшін әзірленеді.
«Бастау Бизнес» жобасы ауылдық жерлерде және шағын қалаларда жаңа кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға қатысушылар кәсіпкерлік жөніндегі оқытудан өтеді және оларға стипендия төленеді. Оқу аяқталғаннан кейін 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде бизнес-жобаны іске асыруға грант алуға құқық беретін сертификат беріледі. 2024 жылы бұл 1,476,800 ₸ болды. Оқудан өткен кәсіпкер кредитті төмендетілген мөлшерлеме бойынша ресімдеуі мүмкін.
Қатысушыларға қойылатын талаптар жобаның https://business.enbek.kz/ru/bastau-businessресми сайтында қолжетімді.
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы экономиканың басым секторларындағы кәсіпкерлерді қолдайды. Оларға ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз, құрылыс материалдары, киім және т. б. жатады Секторлардың толық тізімі https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000736#z130:~:text=%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%87%D0%B5%D0%BD%D1%8C%20%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82%D0%BD%D1%8B%D1%85%20%D1%81%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B2%20%D1%8D%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B8%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%BF%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D1%85%20%D1%83%D1%87%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2%20%D0%9F%D1%80%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D1%8Bосында. Бағдарламаға қатысушылар 3,000,000 теңгеге дейін гранттар, кредиттерді өтеу субсидияларын және қаржылық көмектің басқа да түрлерін алады. Кәсіпкерлер шетелде оқудан және бизнес-тағылымдамадан өте алады. Бухгалтерлік және салықтық есеп, кедендік рәсімдер, маркетинг, құжат айналымы саласында сервистік қызметтерді тегін алуға болады.
Қазақстандағы бизнесті қолдаудың басқа шаралары туралы https://bgov.kz/«Бизнесті қолдаудың бірыңғай порталында» оқуға болады.
Бизнес-ханымдарды Қазақстан Республикасының «ASMAR» әйелдер кәсіпкерлігінің Ұлттық қауымдастығы, «Әйелдер кәсіпкерлігі академиясы» (AWE) және басқа да ұйымдар қолдайды. Олар кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға гранттар ұсынып, оқытуды жүргізеді және таңдалған саладағы ерекше жетістіктері үшін марапаттайды. |
Бизнес-идеяны қалай таңдауға болады?
Көбінесе бірінші және ең маңызды қадам — бұл идеяны таңдау. Ол оңай емес. Владимир Руппель бұл жағдайда неге сүйену қажет екендігі туралы айтты:
🚀 Сізге қызық болатын саланы анықтаңыз. Сіз жақсы көретін нәрселерден шабыт алуға болады. Сізге не қуаныш әкелетінін, өз білетініңізді және бұны бизнес идея ретінде қарастырып көріңіз.
🚀 Мәселелерді шешіңіз. Ірі жобалар көбінесе күнделікті мәселелерді шешуден туындайды. Күнделікті өмірде сіз немесе таныстарыңыз қандай қиындықтарға тап болатыны туралы ойлаңыз.
🚀 Трендтерді пайдаланыңыз. Белгілі бір саладағы, технологиялардағы және қоғамдағы трендерден хабардар болыңыз. Жаңа ғана қалыптасып бара жатқан салада идеяңыз жетістікке жетуі мүмкін.
🚀 Табысты бизнес-жобаларды зерттеңіз. Табысты бизнесті талдау шабыт пен оқудың қайнар көзі болуы мүмкін. Мысалы, «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» https://damu.kz/istoriya-uspekha/50.pdfөзі құруға және дамытуға үлес қосқан табысты жастар жобаларының кейстерімен бөлісті. Басқа кәсіпкерлердің мысалдары сізді бизнес-идеяны таңдауға шабыттандыруы мүмкін.
🚀 Жауапкершілікті алыңыз. Бизнес әрқашан тәуекелмен байланысты, бірақ бұл сіздің табысқа жетуіңіздің кілті болуы мүмкін. Тәуекелге барып, тұла бойды қорқыныш билеуге жол бермеңіз. Тәуекелге бару — бұл жаңа мүмкіндіктер әлемін ашу.
Бизнес-идеяны табу үшін шыдамдылық пен шығармашылық қажет. Сәтсіздіктерден қорқудың қажеті жоқ. Бұрын мен сәтсіздік — бұл жаңа бизнес-өніммен жұмыс істеу кезіндегі тәжірибенің жетіспеушілігінің салдары деп ойлаған болатынмын. Бірақ іс жүзінде бизнесте тәжірибе мен құзыреттілік жеткіліксіз болуы мүмкін.
Мысалы:
Google — интернет өнімдерін әзірлеу және іске қосу бойынша әлемдегі ең тәжірибелі және білікті компаниялардың бірі. Алайда, егер сіз Google-дің сәтсіз жобаларының тізімін қарастыратын болсаңыз, ол сәтті жобалар тізімінен кемінде бес есе ұзын болады. Егер сіз интернеттен «Google сәтсіздіктері» туралы ақпарат іздесеңіз, сіз компанияның көптеген сәтсіз өнімдерін таба аласыз. Әрине, көптеген компаниялар өздерінің сәтсіздіктері туралы айтпайды.
Бизнес-идеяны қалай бағалауға болады?
Бір немесе бірнеше бизнес идеяны таңдағаннан кейін оларды келесі критерийлер бойынша бағалаңыз:
- Нарық құны
Мақсатты аудитория белгілі бір қызметке немесе тауарға қанша ақша жұмсауға дайын екенін түсіну үшін кәсіпкер үшін нарық құнын білу маңызды. Егер нарық кішкентай болса, одан ақша табу қиын болуы мүмкін.
Нарық құны келесі формула бойынша есептеледі:
Мысалы, сіз балаларға арналған оқу орталығын ашқыңыз келеді деп айтайық.
- Мақсатты аудиторияны анықтаңыз. Біздің жағдайда бұл 3-7 жастағы балалардың ата-аналары. Қаланың белгілі бір аймағында олардың саны қанша екенін білу үшін Ұлттық статистика бюросының немесе басқа ашық дереккөздің ақпаратын пайдаланыңыз. Мысалы, сіз бизнес ашуды жоспарлап отырған қаланың ауданында осы жас аралындағы балалар саны 3000 бала. Демек, біздің мақсатты аудиториямыз — 3 мың адам.
- Енді орташа чекті санаймыз. Бұл клиенттің компанияда жұмсайтын орташа сомасы. Мысалы, біз айлық абонементтерді сатамыз, сондықтан орташа чек 10 мың ₸ болады.
- Тұтыну деңгейін анықтаймыз. Бұл белгілі бір кезеңде, мысалы, бір жыл ішінде бір адам тұтынатын тауарлар мен қызметтердің саны. Бұл көрсеткішті дәл есептеу қиын: ол үшін маркетингтік зерттеулер мен сауалнамалар жүргізіледі. Ата-аналарға біздің сабақтарымыз ұнайды және олар жылына 12 рет абонемент алады деп айтайық.
Яғни, нарықтың құны: 3000 x 10 000 x 12 = 360 000 000 ₸. Ол дегеніміз бизнес бүкіл мақсатты аудиторияны қамтитын болса, осы ақша мөлшерін таба алады.
- Бәсекелестер
Нарықтың құнын білген кезде, оны кіммен бөлісу керектігін түсіну керек. Егер бәсекелестер болмаса немесе олар шағын болса, онда жаңа компания пайда көруі мүмкін. Бірақ бұл салада ірі, танымал брендер көп болса, онда табысқа жету қиын болады.
Егер бизнес бәсекеге қабілетті болса, не істеу керек:
- Қамтылмаған аймақты таңдаңыз. Ол үшін жаңа салынған, инфрақұрылымы әлі дамымаған ғимараттарға назар аударған жөн. Сонымен қатар балаларға арналған орталықтар аз ескі аудандарды да қарастыруға болады.
- Бірегей өнім жасаңыз. Оқуды үйренуге арналған авторлық бағдарлама, вундеркиндтерге арналған робототехника сияқты клиенттерге басқаларда жоқ өнімдерді ұсыныңыз.
- Өзінің мақсатты аудиторияңызды таңдаңыз. Мысалы, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған логопедиялық орталықты ашыңыз немесе дене мүсіні бұзылған сәбилерге арналған дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастырыңыз. Идеялар әртүрлі болуы мүмкін. Бұл аудиторияны кеңейтуге мүмкіндік береді: сізге көршілес тұрғындар ғана емес, басқа аудандардың ата-аналары да келіп отырады.
Home Credit Bank — кез келген бизнес үшін ыңғайлы шешім. Мобильді қосымшада шот ашып, қаржыны басқарыңыз: төлемдерді қабылдаңыз, аударымдар жасаңыз және валютаны комиссиясыз айырбастаңыз. |
- Сыртқы факторлар
Кәсіпкер үшін елдегі жағдай, халықаралық саясат, валюта бағамы бизнеске қалай әсер ететінін түсіну маңызды. Заңмен қатаң реттелетін бизнес салалар бар. Сонда жаңа компания ашу қиын болуы мүмкін.
Мысалы, білім беру орталығын ашу үшін, лицензия алу керек. Бұл құжат жоқ болса, Қазақстан аумағында білім беру қызметін жүргізуге болмайды.
Қорытынды:
- Көптеген бизнес идеялар бар. Наубайхана, тапсырыс беру пункті, хендмейд сияқты қарапайым идеяны таңдауға болады. Не болмаса қалада жоқ бірегей өнімді таңдап, стартап құруға болады. Ол үшін трендерден хабардар болу керек.
- Мемлекет бизнестің көптеген бағыттарын қолдайды: гранттар ұсынады, төмендетілген мөлшерлеме бойынша кредиттер береді, кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастырады, түрлі қызметтер көрсетеді. Сондықтан бұл бағдарламалар туралы ақпаратты іздеу керек.
- Бизнес-идеяны таңдау үшін өзіңізге ұнайтын нәрселерге назар аударыңыз, трендерді біліңіз және табысты кәсіпкерлердің тәжірибелерін зерттеңіз. Адамдарға қалай көмектесуге болатыны туралы ойлаңыз.
- Таңдалған идеяларды бірнеше критерийлер бойынша бағалаңыз: нарық құны, бәсекеге қабілеттілік, сыртқы факторларға тәуелділік және сізге сәйкес келу деңгейі.
- Қате жасаудан қорықпаңыз. Есіңізде болсын, тіпті ірі брендтерде де көптеген сәтсіз жобалар болды, бірақ олар жығылмай, табысқа жетті.