Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Қаржы пирамидалары

Бөлісу

Біз кез келген затқа бірден қол жеткізгіміз келеді. Алаяқтар осыны пайдаланып, бізге мол олжаға кенелесің деп, тақырға отырғызып жатады.

Барлығыңыз ең алғашқы, әрі үлкен, сондықтан ең танымал қаржы пирамидасын білесіз, оның негізін қалаушы - Сергей Мавроди. Бұл іс бойынша 10 000-нан астам адам зардап шеккен.

Мұндай тәжірибе бізге оңай, әрі жылдам табыстың болмайтынын еске салады. Дегенмен, адамдар әлі де үлкен және жылдам табысқа сенеді, үміттенеді.

Сонымен, қаржы пирамидасын қалай анықтап, оның құрбанына айналмауға болады? Неге адамдар жеңіл олжаға әлі күнге дейін сенеді?

Ең алғашқысы, әрі ең бастысы, барлық пирамидалар бір қағида бойынша жұмыс жасайды. Сізді 20% - дан астам кепілдендірілген табыс түсетініне, ал жылына 500-600% табыс табатыныңызға сендіреді!

Мұндай заңсыз алаяқтықтың қармағына қарапайым адамдар түседі.

Өйткені интернет кенеттен байып кеткен адамдар туралы жарнамаларға толы, әлеуметтік желілерде бұрын-соңды болмаған пайда туралы жігерлендіретін посттар көп.

Бұл бүгінгі күні алаяқтардың негізгі құралы!

Алайда, алаяқтардың дайындығы да өте жақсы. Олар ешқашан пирамидаларды ашық түрде жарнамаламайды. Клуб, сауда компаниялары, тіпті секталар мен рухани бірлестіктер кейпінде жасырынады.

Олардың жалғыз ғана мақсаты - қатысушыға инвестициялар, тауар және т.б. ұсына отырып, оның ақшасын иемдену.

Сізді пирамидаға шақырғанын түсінуге көмектесетін бірнеше белгі бар:

1. ТЫМ ЖОҒАРЫ ТАБЫС

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл тым жоғары инвестициялық мөлшерлеме, оның пайызы банк пен инвестициялық компаниялардың мөлшерлемелерінен асып түсуі мүмкін.

Әдеттегі 10 – 15% пайыздың орнына, 20, 30, тіпті 200% - ға дейін ұсынылады.

№2 БАСҚЫНШЫ МАРКЕТИНГ ПЕН ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ЖАРНАМА ЖАСАУЫ

Басқыншы әрі әркімнің мазасын алатын жарнамалық науқан жақсы тәжірибе емес. Мұндай тәсіл клиентке ойлануға, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді және қолда бар ақшаны түрлі тәсілдермен жобаларға салуға шақырады.

№3 Инвестиция жасау

Міндетті түрде инвестиция тәсіліне назар аударыңыз. Оның схемасы неғұрлым шиеленіскен және түсініксіз болса, оның сәтсіз екенін жасыру соғұрлым оңай болады. Инвестиция нысанының алыс жерде орналасуы мәселені одан әрі күрделете түседі. Мысалы нысан Аляскадағы шаңғы курорты болуы мүмкін.

№4 «ДОСЫҢЫЗДЫ ШАҚЫРЫҢЫЗ ДА», пайда табыңыз

Адал қызмет көрсететін ұзақ мерзімді қаржы ұйымдары клиенттік базаны өсіру мәселесін алға қоймайды. Ал пирамидалар, керісінше, жаңа әлеуетті қатысушыларға өте жоғары сома мөлшерін белгілейді.

№5 БІРДЕН ТАБЫС ТАБУДЫ БАСТАҢЫЗ

Бірде-бір инвестициялық компания ақшаны бірден айналымнан шығармайды, себебі олар тұрақты түрде табыс табуды қалайды.

Ал қаржы пирамидалары басқа мақсатты көздейді, олар клиенттік базаны жылдам өсіріп, бұрын келген клиенттерге ақша төлей отырып, жаңа клиенттерге табыстың шынайы екендігін көрсетеді. Бұл ретте ерте қосылған клиенттерге ғана ақша төленуі мүмкін.

Сақ болыңыз және ақшаңызды тек сенімді қаржы ұйымдарына салыңыз.

 

11.11.2022

Бөлісу

Басқа мақалалар

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша өзгерістер енгізіледі

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгереді:АтауыМерзімі (ай)Номиналды

2025 жылдың 6 мамырынан бастап жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигацияларын сату

2025 жылдың 6 мамырынан бастап  жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигациялары сатыла

Тек тексерілген және ресми ақпаратқа ғана сеніңіз

Home Credit Bank банк сатылымы туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.